8. Шағын жинақты мектептердің өзекті мәселесін шешу туралы
45 аудан мектептерінің ішінде шағын жинақталған мектептер саны- 38. Оның ішінде 2-і-бастауыш, 19-ы- негізгі орта, 17-і-орта мектептер. Бастауыш сыныптардың ішіндегі 1-уі орыс мектебі, 3-уі- аралас, 34-і қазақ мектебі. ШЖМ барлық оқушы саны-2339. Осы оқушылардың 2241-і- қазақ тілінде білім алса, 98 оқушы орыс тілінде оқиды. Осы ШЖМ 365 сынып бар. Оның ішінде-193 сынып кіріктіріліп оқиды.
Күршім ауданында ШЖМ-де 557 мұғалім сабақ береді. Оның 457 жоғары білімді, 100 мұғалім орта арнаулы білімді. 30 мұғалім жоғары санатты, 196 мұғалім бірінші санатты, ал 168 мұғалім 2 санатты ұстаздар.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы осындай ШЖМ-дегі білім беру сапасын арттыру проблемаларын шешудің нақты жолын көрсеткен. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Күршім ауданында аудан әкімі А.С Сеитовтың қолдауымен «№3 Күршім гимназиясы» КММ базасында 2011жылы электронды оқытуға арналған ресурстық орталық ашылды, орталыққа 7 ММ бекітілді ,олар: Теректібұлақ ОМ, Бурабай ОМ, Құйған ОМ, Ақсуат ОМ, Қайыңды ОМ, Сарыөлең ОМ, Қаратоғай ОМ.
Ал 2014 жылы 10 қаңтардан бастап Құмаш Нұрғалиев гимназиясының базасында қашықтықтан оқытуға арналған тірек мектебі (ресурстық орталық) құрылды. Тірек мектебі (ресурстық орталық) базасына 7 магниттік мектеп бекітілді. Олар: Жанауыл НОМ, Шеңгелді НОМ, Жиделі НОМ, Игілік НОМ, Ұрынхай НОМ, Тақыр НОМ, Мөнекей ОМ. Жаңадан ашылған Қ.Нұрғалиев атындағы гимназия базасында ғы РО-та көктемгі сессияда 12 оқушы ҰБТ дайындалса, 10 оқушы зерттеушілік-жобалаушылық жұмыстарға бағыт алды. Қ.Нұрғалиев атындағы гимназия базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталықтан) қашықтықтан оқыту мақсатында www.aulmektebi.kz сайты арқылы интернет сабақтар орналастырылып жұмыстар жүргізілді.
Тірек мектеп (ресурстық орталық) – базасында жақын маңдағы ШЖМ-ның білім беру ресурстары шоғырланатын білім беру ұйымы. Әрбір ресурстық орталыққа бірнеше ШЖМ бекітіледі. ШЖМ-дағы балалар үш рет (оқу жылының басында, ортасында және соңында) он күннен (сессия) тірек мектепте білім алады әрі онда аралық және қорытынды аттестаттау тапсырады. Сессия аралық кезеңде ШЖМ-да оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің қатысуымен және қашықтықтан оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі. Осылайша ресурстық орталықтар ШЖМ оқушыларының сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Оқыту сабақтары белгіленген кесте бойынша өткізілді. РО сабақтар төмендегі 4 модуль бойынша(базалық білім, бағдарлы пәндер, қолданбалы, тандау курстары) жүзеге асады.
РО – дың тұрғылықты орыны және тамақтандыруы Күршім ауданы Сарыөлең ауылындағы «Балдәурен» сауықтыру орталығында ұйымдастырылды.
3 оқу сессиясына кеткен шығындар:
Тамақтану – әр сессияда бір балаға 5 уақытта тамақтанғанға (1 мың 70 теңге) бөлінген, барлығы 1сессияға - 1 миллион 70 мың теңге
Тасымалдау – 324 мың теңге (1 күнге 90 литрдан)
Мұғалімдердің жалақысы -858 мың теңге (14,2 м.т. әлеум. және салықтар) ( атқарған сағаттар үшін)
Барлығы –4 миллион 392 мың теңгені құрады.
2013 жылдың 11 қараша күні күзгі сессия кезінде Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығы және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Күршім ауданы №3 Күршім гимназиясы базасында аймақаралық «Шағын жинақты мектептерде білім сапасын арттырудағы ресурстық орталықтың рөлі» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Қарағанды облыстық білім басқармасы білімді дамыту орталығы директорының кеңесшісі, профессор Контаев Совет Сейітұлы қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |