Сурет 4 - Мультимедиалық технологиялардың оқыту процесiндегi ақпаратты-коммуникативтiк қызметi
Мультимедиалық технологиялардың осы қызметіне сүйеніп, оқыту процесiн жетiлдiру процесін өзiндiк ғылыми – материалистiк көзқарасы дамыған тұлғаны қалыптастыру тұрғысынан төмендегiше модельдеуге болады (сурет 5).
Сурет 5 - Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесiн жетiлдiрудiң моделi
Сонымен, мультимедиалық технологиялар:
әрбір пайдаланушының қабілеті мен ерекшелігін ескере отырып, олардың оқу мотивациясын арттыруға септігін тигізеді;
түрлі типті ақпараттарды біріктіріп ұсыну арқылы оқытудың интерактивтілік ұстанымын қамтамасыз етеді, өйкені, әртүрлі типті ақпаратты пайдалану адамның әртүрлі сезім мүшелері арқылы оқу материалын жан-жақты қабылдауына ықпал етеді;
нақты, күрделі де қиын, белгілі көлемде шығын мен ұзақ уақытты қажет ететін экспериментті модельдеуді жүзеге асырады;
құбылыстар мен процестерді динамикада көрсету арқылы абстрактілі ақпараттарды көрнекі тұрғыда ұсына алады;
Достарыңызбен бөлісу: |