2 БӨЛІМ. Мультимедианың техникалық құралдары
Мультимедиа құралдарына оқыту процесінде әртүрлі типті ақпараттарды ұсынушы кез келген оқыту құралдарын жатқызуға болады. Атап айтқанда:
дыбыстық құралдар (CD-ойнатқыш, магнитофон т.б.);
телерадио жүйелері (телеқабылдағыш, радиоқабылдағыш, оқыту теледидары, DVD-ойнатқыш т.б.);
проекциялық құрылғылар (графопроектор, мультимиедиалық проектор, оверхед проектор, бейнепроектор, интерактивті проектор);
интерактивті тақта;
ақпарат көбейткіш құралдар (микрофильмдеу құралдары, ксерокс, ризограф);
компьютерлік құралдар;
телекоммуникациялық жүйелер мен желілер (кабельдік, спутниктік, оптоволокондық желілер т.б.).
Бұл келтірілген құрылғылардың арасынан оқытудың жаңаша технологиялары мен талаптарына толық жауап бере алатын кейбір мультимедиалық құрылғыларға ғана тоқталамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |