Білім берудегі менеджмент



бет25/55
Дата13.05.2020
өлшемі189,54 Kb.
#67616
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55
Байланысты:
УМКД білім беру менедж

Бақылау сұрақтары:

    1. Қарым-қатынас дегеніміз не?

    2. Қарым-қатынастың түрлері

    3. Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері

    4. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті


Тақырып 14. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару

Жоспар

  1. Қақтығыс туралы түсінік

  2. Педагогикалық ұжымдағы қақтығыстың түрлері

  3. Педагогикалық ұжымдағы қақтығысты басқару ерекшеліктері

Негізгі түсініктер: қақтығыс, қақтығысты басқару, қақтығысты басқаруға мдайындық
Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде ғылыми халықаралық термин «конфликт» қазақ тілінде қақтығыс, егесу, керісу, жанжал, дау-жанжал, тартыс деген мағыналарда жиі қолданылады. Бұл аталған ұғым, түсініктер оқушыларға білім беру, оқыту, үйрету барысында, оларды тұлға ретінде қалыптастыруда, олардың мәдени қарым-қатынасында, мінез-құлқында жиі көрініс табатыны белгілі.

Ғылыми-педагогикалық және психологиялық туындыларға сүйене отырып қақтығыс (конфликт) тың мынадай түрлерін атауға болады: тұлғааралық қақтығыстар, отбасындағы (ерлі зайыптылар арасындағы) қақтығыстар, саяси және мемлекетаралық қақтығыстар.

Сонымен қатар, педагогикалық мамандыққа қатысты «педагогикалық еңбек, қызметтегі», «инновациялық» (жаңалықтар енгізілуіне байланысты) қақтығыстарды өз алдына бөліп , жеке қарастыруға да болады.

Қақтығыс, конфликт адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясының негізгі бір компоненті болғандықтан, сол ұнамсыз қатынастың келіп шығу себептері, факторлары, жағдайлары, оның түрлері, технологиясы мен механизмі, көріністері, дамуы немесе тежелуі, оларды болдырмау яки шешімін табу жолдары сияқты мәселелерге көңіл бөлінуі қажет.

Психолог-ғалымдар тұлғааралық қақтығысқа мынадай анықтамалар береді:

- «Екі күшті, бірақ қарама-қарсы бағыттағы пікір-көзқарастың  қақтығысуы, тартысы»  (А. Лурия)

- тұлғаның терең және өзекті себеп (мотив) және қақтығыстардан қанағаттанбау нәтижесі» (В.Мерлин)

- санада ерекше құндылықтар ретінде қалыптасқан екі ішкі сезім-түсініктің тоғысуы» (Ф. Василюк.) және т.б.

Сонымен, қорыта айтқанда, тұлғааралық қақтығыс дегеніміз «адамның ішкі сезім дүниесінің ұзақ созылған арпалысынан, күресінен пайда болған, тұрмыстық ортаның қайшылықтарын аңғартатын, шешімі әлі табылмаған тұлғаның уайым, ренжуі» (А.Я. Анцупов, С.Б.Баклановский)

Субъекттердің өзара әрекетіне қарай отбасындағы қақтығыстар былайша бөлінеді: ерлі-зайыптылар арасындағы, ата-аналар мен балалар, ерлі-зайыптылар мен олардың ата-аналары, әжелер (аталар) мен немерелер арасындағы қақтығыстар.

Басшылар мен оған бағынушылар арасындағы өзара қарым-қатынас ғылымда да, практикада да өзекті мәселе.

Мұнда басқарудың стилі, басшылық, абырой, сый-құрмет, ұжымда социал-психологиялық жағдай-климат жасау мәселелері үлкен мәнге ие.

Қақтығыстың келіп шығуының мынадай факторлары бар.

Обьективті факторлар:

1)     қатынастың субординациялық параметрі, функциональды және тұлғалық қатынас арасындағы қарама-қайшылық әрқашанда қақтығыс тудырады;

2)     «Адам-адам» жүйесіндегі қызмет те табиғатында қақтығыссыз емес;

3)     Борыш, міндет пен құқық тең болуы қажет;

4)     Басшының әлеуметтік және профессионалдық жағдайға бейімделуінің күрделілігі және т.б.

Субъективті себептер:

1)     басқарушылық себептері: дұрыс басқара алмау, мамандықтың төмендігі, еңбек стимулын ұйымдастыра алмау, т.б;

2)     тұлғалық себептер.

Қатынас жасау мәдениеті төмендегі, өз міндетін шын ықыласпен орындамау, бастыққа жағымпаздану және психологиялық ерекшеліктері және бастық пен бағынушылар арасындағы келіспеушілік (қарсы келу, эмоциялық жағдайы, күйіп-пісуі, өзін жоғары ұстау, кейбір мінез-құлықтарының ұнамсыздығы және т.б.

Әр бір әлеуметтік топтардағы сияқты жалпы білім беретін мектептерге де әр түрлі қақтығыстар тән.

Педагогикалық сала жеке тұлғаны мақсатты түрде қалыптастыру әрекетінің жинақталған түрі, яғни өмірде көрініс табатын барлық тәжірибені оқушылардың санасына сіңіру, дағды, іскерліктерді қалыптастыру. Сондықтан да мұнда педагогтар, ата – аналар және оқушылар үшін қолайлы, ұнамды, жағымды педагогика – психологиялық жағдай жаратылған болуы керек.

Ағартушылық саласында 4 субъектің қызметі өз бірлестігін, өзара ықпалдастығын таба білуі қажет: оқушы, оқытушы, ата- аналар және басқарушы (администратор). Олар арасында өзара қақтығыстар жүзеге келу ықтималы бар.

Оқыту мен тәрбие процесі, әр қандай даму сияқты қақтығыссыз және қайшылықсыз өтпейді. Балалармен қақтығысқа келу реалды өмірдің бір құрамы ретінде көрініс табады.

Психолог М. Рыбакованың пікірінше оқытушы мен оқушы арасында қақтығыстың төмендегідей түрлері кездеседі.

-           қызмет, лауазыммен байланысты қақтығыстар, олар көбінесе балалардың үлгерімімен байланысты, сабақтан тыс тапсырмаларды нашар орындауы немесе орындамауымен байланысты пайда болады. Оның себебі әр түрлі болуы мүмкін: шаршау, оқу материалының қиындығы мен күрделілігі, оқытушының орынсыз ескертулер беруі және т.б.;

-           іс - әрекет, өзін ұстай білмеуден, құлықтығы ұнамсыз көріністерден келіп шығатын қақтығыстар, яғни оқушылардың мектепте және мектептен тыс кезде өзін ұстай білу қағида, ережелерін бұзуы.

Ол ұнамсыз әрекеттердің себептері әр түрлі болуы мүмкін. Кейде оқытушы ол себептерді анықтамай тұрып, оқушыға баға береді, жазалауға әрекеттенеді;

-           қатынастағы қақтығыстар, яғни оқытушы мен оқушының эмоциялық көңіл – күйі мен тұлғалық мінез – құлқымен байланысты жүзеге келетін қақтығыстар. Мұндай жағдайда оқушының жеке тұлғалық мәні іске түседі, олар да оқытушыға деген ұзаққа созылған наразылық, келіспеушілік, ұнамсыз пікір пайда болады, олар арасындағы өзара қатынас ұзақ мерзімге бұзылады.

Оқытушы  -    оқушы арасындағы қақтығыстың ерекшеліктері;

-    проблемалық ситуация, жағдайларды дұрыс шешу оқытушының негізгі міндеті;

-    қақтығыс мүшелерінің статусы (орны) айрықша, оқытушы – оқушы – олардың қақтығыстағы құлқы, өзінің ұстауы ерекше;

-    қақтығыстың шешілуінде олардың өмір тәжірибесі әртүрлі дәрежеде, деңгейде, сондықтан да жауапкершілік те әр түрлі деңгейде болуы қажет;

-    оқиғаның мәні мен себептерін олар түрліше түсінеді, пікірлейді;

-    басқа оқушылардың қақтығыстың куәсі болуы олардың да тәрбиесіне әсер етеді;

-    оқытушының маман ретінде қақтығыстағы орны ерекше, сондықтан да қақтығыстың шешімін табуды ол өз жауапкершілігіне алуы қажет, мүмкіндігінше оны оқушы пайдасына шешуге әрекеттенуі керек, өйткені ол оқушы тұлғасын қалыптастырушы;

-    оқытушы қақтығысты шешуде қателікке жол қоятын болса, ол басқа қатысушылар үшін жаңа қақтығыс пен проблемалар тудырған болады;

-    қақтығысты тиімді шешуден гөрі оның алдын алған абзал, жеңіл, ұтымды.

Оқытушыларға қақтығыстарды басқаруда мынадай ұсыныстар беріледі;

-    өз эмоцияңды бақылауда объектив болу қажет, оқушыларға өз пікір көз- қарастарын түсіндіруге, дәлелдеуге мүмкіндік берген мақұл, оларды «сөйлетіп алу» қажет;

-    оқушыны балағаттап, кемсітпеу, қапа етпеу (кейінгі әрекеттер зая кетеді);

-    оқушыны сыныптан шығарып жіберуге әркеттенбеу керек;

-    қақтығыс жөнінде мүмкіндігінше бастықтарға жеткізбеуге әрекеттену керек;

-    оқушының дөрекі әрекеттеріне дөрекілікпен жауап қайтармау қажет. Оның жеке тұлғалық абройын төкпеу, аяқ асты қылмау, семьясын қоспау, тек оның нақты әркеттеріне баға беру;

-           оқушылармен қақтығыстардың болуынан қорықпау, қашпау керек, оларды тиімді шешудің инициативасын өз қолыңа алуға әрекеттену керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет