Бақылау сұрақтары:
Мектептегі әдістемелік жұмыстың түрлері қандай?
Әдістемелік жұмысты кім басқарады?
Әдстемелік қызметтің жұмысы қалай жоспарланады?
Мұғалімдерді аттестациялау қалай жүргізіледі?
Аттестацияға қазіргі кезде қандай талаптар қойылады?
Тақырып 10. Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару
Жоспар
Мектепішілік басқару жүйесі ұйымдық құрылымы мен қызмет ретінде
Басқару жүйесінің мақсаты мен негізгі міндеттері
Басқарудың негізгі қағидалары
Еңбекті тігінен және көлденеңінен бөлу
Басқару жүйесінің құрылымы
Жұмыскерлердің лауазымы бойынша міндеттері
Басқару формасы
Басқару жүйесін құрастыру моделіне қойылатын талаптар
Негізгі түсініктер: мектепішілік басқару жүйесі, педагогикалық кеңес, технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару
Республикада білім беру жүйесі қоғамдауымен байланысты дамып, жетіліп отыруы анық. Қазіргі уақытта мектеп рефрмасына көптеген біржақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен жаңаруда. Біз бүгінгі күні әлемдік білім беру жүйесіне негізделген басым бағыттарды ұстануда ең алдымен мұғалімдерді жаңаша оқытуға бағыттауымыз қажет. Дамыған елдерді білім беру жүйесіндгі тенденциялардың бірі – білім беруді басқарудың тиімді жолдарының қарастырылуы. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Білім беру реформасы мұғалімнің жаңа мәртебесін –шығармашылық ой-өрісі кең, жаңа жағдайдағы жұмысқа әзір мұғалім-зерттеушіні қалыптастыруды талап етіп отыр. Ол оқытуға бағытталған жеке басқа бағдарланған, өзіндік және білікті тәсілдерінің әдістемелік негіздері мен оны іске асыру тетіктерін, пән бойынша білім беру мазмұнының базалық, кәсіби деңгейін, өткізетін сабақтар мен бейіндік, бейін алдындағы курстарды әзірлеу әдістемелерін білу керек. Сондықтан басқару жүйесінде әдіснамалық жұмыс білім қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін көтерудің және оқу-тәрбие жұмысын басқарудың негізгі құралы болып табылады. Адами қасиеттерді дамыту, бала бойына сіңіру мен қалыптастыруда мұғалімнің алатын орны ерекше десек, мектеп басқарушылары мұғалімнің қоғамдағы белсенділігін арттыру үшін кәсіптік мәртебесі және әлеуметтік беделіне, шығармашылығына көңіл бөлу керек. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру жағын кеңіне қарастырған жөн.
Ұжымда әдістемелік жұмыстардың мазмұнын, жоспарын, іс-шараларды жүргізу әдістерінің тиімділігін үнемі талдап отыру әдістемелік көмек көрсету жұмысын ары қарай жақсартуға және оны дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан білім беруді басқару жүйесінде келсідегідей жұмыстар үнемі назарда болу қажет:
-жүргізілген іс-шараларға нақтылы баға беру, қабылданған шешім дәлелді болу, жұмысты дұрыс жоспарлау;
ұжымның жағдайы мен қажеттілігін ескеру;
әдістемелік жұмыстың кезеңдерінің тығыз байланыста болуы;
ұжымдық және жекеше жұмыс түрлерінің өзара байланыста дамуы;
мұғалімдерді мазмұны мен түрі жағынан бір-біріне жақын іс-шараларға қатыстыру. Яғни, әдістемелік жұмысты ретке келтіруде оның қалыпты жағдайын зерттеп, ұйымдастырушылық құрылымын, мақсат, міндеттерді дұрыс анықтау қажет.
Әлеуметтік-педагогикалық
Психологиялық-педагогикалық
Ұйымдастыру-педагогикалық
Мектепті басқарудың құрылымының негізгі мақсаты: мекептегі педкадрларды диагностикалау арқылы кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын дамыту болып саналады. Тұлғалық қасетін талдау, кәсіби біліктілік пен шеберлігін жетідіру, инновацияларды меңгеруге үйрету сынды мазмұндық сипатқа ие болмақ. Мектепті басқару құрылымының ұстанымдары: ынтымақтастық, ізігілік, тұлғалық бағдар, даралау мен саралау, тиімділік пен нәтижелілік болып табылады. Басқару айқындалған мақсатқа жету үшін соған сәйкес міндеттерді және оларды орыдаудың тиімді жолын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Қазіргі таңда басқару құрылымының ғылыми негізінде қайта құру, жоспарлау мен бақылауда бұқаралық пен ізгілікті күшейту, өкілеттік және билікті бөліп беру арқылы басқаруда бұқараландыру, басты назарда педагогикалық мәдениетті, іздену белсенділігі мен дербестігі жоғары шығармашыл тұлға қалыптастыру мақсаты қойылып отыр. Мектепті басқаруда басшыларға және мұғалімдерге басқару әдебін, педагогикалық менеджмент қағидаларын, қарым-қатынас өнерінің психологиялық негіздерін жетілдіріп, оң шешеім қабылдауға, қызметті ішкі мотивация негізінде ұйымдастыруға баулу мазмұнында жаңа сипаттар керек. Сөйтіп, мектепті басқару жүйесінде төмендегі құралдарды негізге ала отырып жұмыс жүргізу керек: педагогикалық менеджмент, озат тәжірибелер, маркетинг, рейтинг пен мониторинг, білім беру технологиялары.
Деңгейлі бағдарламаны басшылыққа ала отырып, педагогикалық басқарудың негізгі функцияларын таңдап алуға болады: жобалау-жоспарлау, ұйымдастыру-үйлестіру, бақылау - сараптама жасау.
Басқаруды ұйымдастыру басшы білігіне байланысты екенін ескере отырып, басқарудың барлық буынында менеджмент өнерін меңгеру, қазіргі педагогикалық инновацияның негізгі бағытынан хабардар болу қағидасын ұстану қажет. Жоспарлау барысында негізгі мақсаттар мен міндеттерді нақты белгілей отырып, мақсатқа жеткізетін тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау, шешімді қызметкерлердің тапсырманы орындау мүмкіндіктерін ескеріп, қабылдау өте маңызды. Мектеп қызметін жаңаша ұйымдастыру, әр мектеп басшысының өз деңгейіндегі басқару рөлін арттыру, оқушылардың, мұғалімдердің және мектептің қызметін бағалау тәсілдерін басқаша, тиімді негізде қайта құру, үрдіс пен нәтижеге сай қызметкерлердің кәсіби мәдениетіне, қызмет әдебіне, рухани-әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу – мектепті басқару құрылымының негізгі қағидаларының бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда ерекше талаптың бірі – басқаруда ақпаратты сапалы қамтамасыз ету. Басқаруда ақпаратты сапалы қамтамасыз ету мектептің өмір сүруін қолдап қана қоймай, оның дамуын жүзеге асырады. Себебі жүзеге асырылып жатқан кез-келген құжаттың, үрдістің, шараның ақпараты қолда болмаған жағдайда білім мекемесі басшыларының мақсат пен міндеттерін дұрыс қоюы және оның табысты болуы екіталай. Мектеп басқаруды тиімді ұйымдастыру әдістемелік білім-білікпен бірге жеке басының сапалық қасиеттерін де қажет етеді. Мектеп басқару қызметі жүйесінде тиімді ұйымдастырудың тағы бір шарты инновациялық педагогика бағыттарын ескеріп жұмыс жасау болмақ.Ол келесідегідей бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
этнопедагогика және әлемдік интеграция;
стандарттау мен технологияландыру;
стратегиялық ізденістер мен инновациялық зерттеулер;
менеджмент және көшбасшылық;
рейтинг және мониторинг.
Сөйтіп, мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру, мектепте оқытудың жаңа технологиясын енгізу, тұлғаның дамуына жағдай жасау және тек білімін арттырып қана қоймай, танымдық қасиеттерін, істеген еңбегінің нәтижесін көріп, саралау – мектеп басқаруда басшылыққа алатын негізгі қағидалардың бірі. Мектеп басшыларының педагогикалық ұжым жұмысына дұрыс және жанды басшылық жасау, оқушылардың білім деңгейін әлемдік стандартқа жеткізу үшін күрес болып табылады.
Мектеп басшыларына мектепті басқару бағдарламасын құру аса маңызды процесс болып табылады. Мектептегі басқаруды жоспарластыру зерттейтін құбылысқа жасалған педагогикалық талдаудың негізінде іске асатын мақсатты бағдарлама деп білеміз. Бұл жерде жоспар түрінде қабылданған шешім ұзақ перспективаға арналуы, шұғыл, адамдағы істерді шешуге бағытталуы мүмкін. Осыған байланысты мектеп жұмысының жоспарын перспективалық, жылдық, ағымдағы деп бөліп қарастырамыз.
Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері ретінде білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педагогикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мәдениет категорияларына педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығармашылықты да қосатын болды.
Мектепті басқару мәдениеті, оның тұлға ретінде мектеп басқарудың технологиясы мен құндылықтарын жасау, игеру және оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда өзінің шығармашылық күш-қуатын танытуы. Бұндай жағдайда басқару мәдениетінің компоненттері - аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық-шығармашылық болып табылады.
Қазіргі кезде басқару тиімділігін артыруда білім, идея, концепция сияқты басқаруға қатысты педагогикалық құндылықтар үлкен маңызға ие болуда.
Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан алуан. Олар: әртүрлі деңгейдегі тұтас педагогикалық процесті басқарудың мәні мен маңызын ашатын құндылық-мақсаттар; білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, педагогикалық ұжымды, оқушылар ұжымын басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару мақсаты және бағалау құндылық-мағлұматтарға басқару қызметіне реттеушілік сипат береді; құндылық-білімдер басқару саласындағы мектептің білімінің мәні мен маңызын ашады; басқарудың әдістемелік негізін, мектепішілік менеджментті білу, ауыл және қала мектептері мұғалімдерімен жұмыстың ерекшеліктерін білу, педагогикалық процестерді басқару тиімділігін критерийлерін және т.б.
Құндылық-қатынастар педагогикалық процеске қатысушылар арасында өзара байланыстың, кәсіптік қызметке, өзіне деген қатынастың, педагогикалық және оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады.
Құндылық-сапалар басқарудың субъективтігі ретінде басқарушы-менеджердің дербестік, тұлғалық, арасушылық қасиеттерінің көптүрлігінің мәнін ашады. Ол сапалар өз қызметін болжамдап, оның салдарын алдын-ала көре білу қабілеті, өз әрекеті мен мақсатын өзгелердің әрекетімен, мақсатымен салыстыра білу қабілеті, ынтымақтасу және бірлесе басқару қабілетінен және т.б. көрінеді. Мектеп басшысының басқару қызметі өзінің табиғатында шығармашылық болып табылады. Басқарудың құндылықтары мен технологиясын меңгере отырып басшы-менеджер тұлғалық ерекшеліктері мен басқару объектісінің ерекшеліктеріне сай, ол құндылық-тарды өзінше қайта құрып, талдап түсіндіруге ұмтылады. Осылайша, педагогикалық жүйені басқару тұлғалық қабілеттерді іске асыратын және жұмсайтын сала болып табылады. Басқару қызметінде директордың орынбасары тұлға, басшы, ұйымдастырушы және тәрбиеші ретінде өзін-өзі танытады.
Қазіргі заман жағдайына білікті арттыру жүйесін ақпараттандыру педагогикалық кадрларды дайындаудағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Білім беру ісінде ілгерілей дамудың қоғам өсіп өркендеуінде ғана емес, әр адам үшін де шешуші мәні бар. Табысқа жеткісі келген, уақыт сұранысына сай боғысы келген адам өмір сүріп отырған қоғам талабына жауап беретіндей білім алуы қажет. Осы заманғы қоғам дегеніміз қарқынды дамып отыратын орта, онда әлемдегі игілікті істерге елгезек, ізгілікке жаны құштар, шынайы өмірдің әрін кіргізуге қашада әзір тұратын тұлғаның алар орны айрықша. Қазіргі заман мектептері осындай адамдарды тәрбиелеп шығаруы тиіс. Сондықтан, кез келген педагогикалық процесті басқару мақсат қою мен жоспарлаудан тұрады. Педагогикалық жүйенің үнемі қозғалыста, үнемі даму үстінде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыруды қажет етеді. Әрине, мұғалімдердің бойында белгілі бір қасиеттің қалыптасуын дәл белгілеу, жоспарлау мүмкін емес. Ал жоспарлау жеке тұлғаның барынша және жан жақты дамуына қолайлы объективті жағдай туғызуы тиіс. Сондықтан педагогтардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер қоғамның алдындағы жалпы міндеттер мен мақсаттардың көрінісі болып табылады. Мақсат жоспардың өзегі болғандықтан ол педагогтің де, оқушының да әрекетін қамтуы керек. Басқару қызметінің мақсаты - жұмыс түрлері мен тәсілдерін, оның жалпы бағыттарын айқындайтын басты орта. Мектепте басқарудың жолдарын жан-жақты қарастыра отырып, мұғалімдерді ұйымдастырудың түрлі жодарын үздіксіз жетілдіріп отыру керек. Әдістемелік кеңестер мен педагогикалық кеңестер отырыстарын түрлі тәсілдермен жүргізіп, мұғалімдерді шыңдауға бағыттауға тырысқан дқрыс. Мұғалімдер арасында танымдық шаралар, шығармашылық топтар мен әдістемелік бірлестіктер сайысын өткізіп, олардың креативті ойлауын қамтамасыз етуге жетелеген жөн. Отырыстарда «Миға шабуыл» сұрақтарын, «Х» кестесін шешу, «Мақсатқа жету пирамидасын» құру, «Салыстыру мен шешімін іздеу» сызбасын құрастыру тәрізді сан алуан шығармашылық тапсырмалар жүйесін жүргізіп отыру, мұғалімдерді кәсіби ісіне деген қызығушылыққа, белсенділікке баулиды. Топтар бойынша жұмыстар жүйесін құрастыру, бірлесіп шешім қабылдау әр отырыстарда, кеңестерде өз жалғастығын табуда.
Достарыңызбен бөлісу: |