Реттеушілік қызметөзара қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым мүшелерінің тәртібіне баға беруде керінеді.
Қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың басты көрсеткіштері:
ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесі мен нәтижесіне қанағаттануы;
ресми және бейресми жетекшілердің беделін мойындауы;
ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй;
ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-өзі басқаруға қатысуының жоғары деңгейі;
ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшылдығы;
сапалы тәртіп;
еңбектің өнімділігі;
кадрлардың тұрақтылығы.
Әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан жағдайда ол ұжым мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды. Өзара ақыл, ынтымақтастық қатынас біріккен ұжымда тәжірибелі немесе жас мұғалім бірлескен қуаныш табады. Ал немқұрайдылық, селқостык немесе қысым үстемдік еткен жағдайда ұжым мүшесі ұнжырғасы түсіп, қағажау көреді, бұл жағдай оның қызметінің төмендеуіне, дау-жанжалдың пайда болуына, тіпті басқа ұжымға ауысуына апарып соғады. Кең көлемдегі кәсіптік-педагогикалық міндеттерін аткара жүріп мұғалім өзін және еңбегін жұртшылықтың бағалауын қажетсінеді. Педагогтар әсіресе беделді адамдар тарапынан, соның ішінде басшылар мен ата-аналар тарапынан берілген бағаны түсінуге бейім. Жағымды баға педагогты ынталандырады. Жағымсыз баға өзінің қызметін, кәсіптік позициясын, өзгелермен қарым-қатынасын қайта қарауға негіз болады. Сондықтан педагогикалық ұжымдағы қатынас өзара сынаушылық, принципті, талапшыл және тілеулестік сипатта болуды талап етеді.
Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің интеллектуалдық, сезімдік және мінездерінің жігерлілік белгілеріне тәуелді болып келеді. Жекелеген педагоггардың танымдық белсенділігі, өнер тапқыштығы ұжымды инновациялық қызметті дамытып, жаңа технологиялар іздестіруге ұмтылдырады. Жігерлі педагог-жетекші соңынан өзгелерді ерте алады. Егер ұжым мүшелерінің ақыл-ойы, сезімі, ерік-жігері педагогикалық қызметке жұмылдырылса, онда табысқа жету қиын емес.
Педагогикалық ұжымның өмірлік әрекетінің ерекшеліктері тұлғааралық қатынастардың қалыптасуына әсер етеді.