Мектепті басқарудағы жаңа технологиялар (модерация, жобалау және т.б.)
Мектепішілік басқару және менеджмент
Мектепті басқару стилі
Мектептің жылдық жұмыс жоспары
Мектепішілік бақылаудың түрлері мен формалары
Озат іс-тәжірибені зерттеу, жинақтау
Білім беруді басқарудағы инновациялар
Педагогикалық кеңес және оның қызметі
Әдістемелік кеңес және оның қызметі
Мектеп құжаттары
Мектеп жұмысын жоспарлау түрлері
Педагогикалық процесті диагностикалау
Мектеп туралы нормативтік құжаттар
Мектептің педагогикалық ұжымы
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті
Педагогикалық қақтығысты шешу жолдары
Білім берудегі көшбасшылық
Рефератты даярлауға берілетін ұсыныстар: Оқу пәнін зерттеу процесінде студентке аса маңызды зерттелетін мәселе бойынша реферат жазу ұсынылады. Студент сонымен бірге өз бетімен проблеманы терең зерттеу мақсатында, белгілі тақырып бойынша рефератты өз бетімен жазуына болады.
Реферат жазудың объектісі ретінде монография, мақалалалар немесе құжаттар жинағы, мақала немесе жеке құжат алынады.
Реферат дайындаудың негізгі мақсаты – зерттелетін проблеманы, оның қаншалықты сараланғанын көрсету. Реферат жазудың басқа да мақсаттары бар: ол өз бетіндік оқу-зерттеу жұмыс дағдыларын қалыптастыру; талдау, жалпылау, ақпаратты саналау әдістемесін оқыту; студенттің зерттелетін тақырып брйынша білімін тексеру болып табылады.
Рефератта ғалымдардың әдебиеттерде баяндаған ақпаратының белгілі көлемін жалпылау және бастапқы саралау жүзеге асырылады. Бұнда зерттелетін мәселе бойынша өзіндік пікірді білдіруге болады, оны болжам немесе гипотеза түрінде беруге болады. Рефераттың мақсаты зерттелетін мәселеге тұлғалық қатынасты қалыптастыру болып табылады.
Рефератты даярлау бойынша жұмыстың негізгі кезеңдері:
- рефераттың тақырыбы бойынша әдебиеттерді жинау және зерттеу;
- рефератты жазу және безендіру.
Әдебиеттерді жинақтаудың алдында рефераттың тақырыбы бойынша библиографиялық тізімді даярлау жүзеге асырылады. Оны даярлаудың базасы ретінде ұсыныдатын әдебиеттер тізімі, оқытушының ұсыныстары алынуы мүмкін.
Материалды библиографиялық тізімге негізілген әдебиеттерден таңдап алады.
Әдебиеттерді әртүрлі зерттеуге болады. Монографиялар мен мақалаларды конспект жасау арқылы зерттеуге болады, ал басқа әдебиеттерді қызықты деректер мен көшірмелер жасау арқылы зерттеуге болады.
Конспектілеу әдісі рефераттың тақырыбы бойынша бір немесе екі монография болған жағдайда қолданылады.
Көшірме әдісі рефераттың тақырыбы бойынша әдебиеттердің саны көп болған жағдайда қолданылады.
Фундаменталды жұмыстарды терең зерттеу және конспектілеу үшін таңдайды, ал қалған жұмыстарды қарап, ой-пікірдің, идеялардың тақырыптық мазмұнын ашу үшін қажетті көшірмелер жасайды.
Көшірмелерді жеке парақтарда мақалалар, монографияларға сүйене отырып, библиографиялық сілтеме жасау арқылы жүргізеді.
Материал цитаталар, сызбалар, кестелер, иллюстрациялар түрінде берілген жағдайда, ақпаратты талдауға және жүйелеуге көшеді, негізделген және аргументтелген жазбаларды таңдайды.
Рефератты жазу (тақырыбы таңдау бойынша), оны қорғауға дайындалу. Реферат келесі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек:
құрылымы: кіріспе (тақырыпты негіздеу, оның өзектілігі мен мәнділігі, әдебиеттерге шолу); негізгі бөлім (проблеманы теориялық саралау, деректі материалды баяндау, теорияны бекіту); қорытынды (проблеманы саралаудың нәтижесі, тұжырымдар); библиография;
сауатты, қазақ тілінде, стилистикалық нормаларды сақтау арқылы жазылуы керек, мәтін логикалық және бірізді болуы керек;
«мен» есімдігі қолланылмайды;
бір бетте 3 цитатадан артық болмауы керек;
қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасау міндетті емес;
библиографиялық тізім құжаттың мәні бойынша, алфавит бойынша, құжаттың баспа хронологиясы бойынша құрылады;
компьютерде басылады, формат А4; әріп өлшемі 14; 1,5 интервал; жоғары және төменгі шеттері – 2,5; сол жағы – 3; оң жағы – 1,5; абзац – 1,25;
көлемі – 10 –15 бет.
Эссе Эссенің мақсаты - өз бетінше автордың шығармашылық ойлау дағдысын жетілдіру. Эссе жазу пайдалы, себебі ол автордың өз ойын нақты және сауатты тұжырымдауына көмектеседі.
Эссе қойылған мәселенің нақты мазмұнын көрсетеді. Онда өз бетінше жүргізілген талдаулар жазылуы тиіс. Эссе тақырыбы нақты бір түсінікті анықтау мазмұнын ғана жазбауы тиіс, оның мақсаты - адамды ой толғауға итермелеу. Эссе тақырыбында мәселені ойлау төңірегіндегі сұрақтар болуы тиіс.