Білім берудегі менеджмент


Жоспар - негізгі тұжырымдарды, ойларды ретімен жазу. Жоспарлау



бет57/60
Дата11.06.2023
өлшемі309,25 Kb.
#178621
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
әдістемелік құрал Менеджмент

Жоспар - негізгі тұжырымдарды, ойларды ретімен жазу.

  • Жоспарлау – іс–әрекеттің негізгі түрлері мен тұтас іс–әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды анықтау.

  • Инновациялық менеджер —ерекше, стандартты емес мәселені шешуге қабілетті менеджер.

  • Кәсіби іріктеу — қызметті кәсіби орындауға анағұрлым жарамды кадрларды жеке қасиеттеріне қарай анықтау.

  • Концентрлік бағдарлама –әр жылдарда оқу пәндерінің кейбір бөлімдерін (күрделі әрі жоғары деңгейде) қайталап оқу көзделеді.

  • Қарымқатынас – біріккен іс–әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі, көп жоспарлы процесс.

  • Менеджмент – ағылшын тілінен аударғанда «басқару» дегенді білдіреді.

  • Менеджер – басқару функциясын жүзеге асыратын адам, кәсіби басшы.

  • Мектеп кеңесі – коллегиалдық басқару органы.

  • Мектептің жұмыс жоспары – жылдық, перспективалық, күнделікті жоспар болып бөлінеді.

  • Мектеп құжаттары – оқу-педагогикалық (журналдар, тіркеу кітаптары, жеке құжаттар, анықтамалар), мектепішілік-ақпараттық (күнделікті мәліметтер, есептер, оқу үлгерімі, тәртіп жайлы ақпараттар), қаржы-шаруашылық (мектептің техникалық құжаты, кітапхана қорының инвентарлық кітабы, актілер).

  • Мониторинг – ағылшын тілінен аударғанда «үздіксіз қадағалау» дегенді білдіреді.

  • Оқу жоспары – белгілі оқу орнында оқытылатын оқу пәндерінің құрамын, әрбір пәнге берілген сағат санын (әрбір оқу пәніне бөлінетін апталық сағат саны) анықтайтын құжат.

  • Оқу бағдарламасы – әрбір пәннің мақсаты ман міндеттерін, сипаты мен құрылысын, мазмұнының бірізділігін көрсететін құжат.

  • Оқу-тәрбие үрдісінің менеджері — педагог қызметкерлердің оқу-тәрбиелік қызметін басқару субьектісі ретінде көрінетін оқу орнының басшысы (директор, оның орынбасары)



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет