Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, магистратураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар



бет10/18
Дата07.02.2022
өлшемі381,34 Kb.
#94678
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
2 5465154380158207824
туракты ток сурак, туракты ток сурак, туракты ток сурак, перспи апплика, перспи апплика, Мадина үшеуі бірге, англ Талшын, интересные пси, құқық талшын
2-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, магистратураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар
1-параграф. Магистратура
3. Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны мыналардан тұрады:
1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін зерделеуді қамтитын теориялық оқу;
2) магистранттарды практикалық даярлау: практикалардың, ғылыми және кәсіби тағылымдамалардың түрлері;
3) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін – магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы немесе бейінді магистратура үшін – магистрлік жобаны орындауды қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмысы. ӘАОО үшін магистрлік диссертацияны немесе магистрлік жобаны орындау;
4) қорытынды аттестаттау.
4. Базалық (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер циклдері жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) және таңдау бойынша компонент (бұдан әрі – ТК) пәндерінен тұрады.
ӘАОО-да БП және бейіндеуші пәндер циклдері ЖК пәндерін қамтиды.
5. Жоғары оқу орны компоненті және таңдау бойынша компонент пәндерінің тізбесін ЖОО дербес айқындайды. Бұл ретте еңбек нарығының сұранысы, жұмыс берушілердің талабы, магистранттардың сұраныстары мен мүдделері ескеріледі.
ӘАОО-ны қоспағанда, ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның барлық білім беру бағдарламаларының БП циклінің жоғары оқу орны компоненті "Ғылым тарихы мен философиясы", "Шет тілі (кәсіби)", "Жоғары мектеп педагогикасы", "Басқару психологиясы" пәндерін, бейінді бағыт үшін "Менеджмент", "Басқару психологиясы", "Шет тілі (кәсіби)" пәндерін қамтиды.
ЖОО-лар пәнаралық сипатқа ие БП циклінің жоғары оқу орны компоненті пәндері бойынша кіріктірілген бағдарламалар әзірлейді.
6. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 29%-ды немесе 35 академиялық кредитті құрайды. Олардың 57%-ы немесе 20 академиялық кредит жоғары оқу орны компонентіне тиесілі.
Магистратурадағы ғылыми-педагогикалық бағыттағы ӘАОО-да БП көлемі білім беру бағдарламасының жалпы көлемінің кемінде 20%-ын құрайды.
7. Бейінді бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 17%-ды немесе 10 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1 жыл) және 15 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды. Оның ішінде жоғары оқу орны компоненті пәндерінің көлемі 60%-ды немесе 6 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1 жыл) және 40%-ды немесе 6 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды.
Бейіндік бағыттағы магистратурадағы ӘАОО-да БП циклінің көлемі кемінде 15%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) кемінде 15%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды.
8. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 41%-ды немесе 49 академиялық кредитті құрайды.
ӘАОО-да ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада бейіндік пәндер циклінің көлемі кемінде 50%-ын құрайды.
9. Бейінді бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі ЖОО-ның қалауы бойынша жоғары оқу орны компоненті мен таңдау бойынша компонент арасында бөлінетін магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 42%-ды немесе 25 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1 жыл) және 40%-ды немесе 45 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды.
Бейіндік бағыттағы магистратурадағы ӘАОО-да бейіндік пәндер циклінің көлемі (оқу мерзімі 1 жыл және 1,5 жыл) 50% - дан кем болмайды.
10. Пәндер мен модульдердің бағдарламалары, әдеттегідей, бірқатар білім салалары үшін кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін пәнаралық және мультипәндік сипатқа ие.
11. Тиісті бағыттар бойынша магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы осы стандартқа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес айқындалады.
12. ЖОО білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметіне қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.
13. Білім беру мазмұнын, оқу процесін ұйымдастыру және өткізу тәсілін жоспарлауды ЖОО және ғылыми ұйым кредиттік оқыту технологиясы негізінде дербес жүзеге асырады.
14. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар үшін тереңдетілген ғылыми-педагогикалық және зерттеу даярлығы бар ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады.
ӘАОО-да ғылыми-педагогикалық және бейіндік магистратура тереңдетілген кәсіптік немесе ғылыми-педагогикалық даярлығы бар басқару, ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады.
15. Бейінді бағыт бойынша магистратура экономика, медицина, құқық, білім, өнер, қызмет көрсету және бизнес, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік салалары, құқық қорғау қызметі үшін тереңдетілген кәсіптік даярлығы бар басқарушы кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады.
Бизнес-орта үшін мамандар даярлау мақсатында ЖОО MBA бағдарламаларын іске асыра алады.
16. Магистрлік бағдарламаның міндетті компоненті мыналар болып табылады:
1) магистранттарды практикалардың, ғылыми немесе кәсіби тағылымдамалардың түрлерін қамтитын практикалық даярлау;
2) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы немесе бейінді магистратура үшін магистрлік жобаны орындауды қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмысы.
17. Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық оқытумен қатар немесе жеке кезеңде жүргізілуі мүмкін практиканың екі түрін қамтиды:
1) БП циклінде педагогикалық – ЖОО-да;
2) бейіндеуші пәндер циклінде зерттеу – диссертация орындалған жерде.
18. Педагогикалық практика оқыту мен оқу әдістемесінің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Бұл ретте ЖОО қалауы бойынша магистранттар бакалавриатта сабақ өтуге тартылады.
19. Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның ең жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеудің, экспериментті деректерді өңдеудің және түсінік берудің қазіргі заманғы әдістерімен танысу мақсатында өтеді.
20. Бейінді магистратураның білім беру бағдарламасы бейіндеуші пәндер циклінде өндірістік практиканы қамтиды.
Магистранттың өндірістік практикасы оқу процесінде жинаған теориялық білімдерін бекіту, дағдыларды, құзыреттер мен оқыған білім беру бағдарламасы бойынша практикалық кәсіби қызмет тәжірибесін алу, сондай-ақ озық тәжірибені меңгеру мақсатында өткізіледі.
ӘАОО-да өндірістік практика кәсіби практика немесе әскери тағылымдама түрінде өткізіледі.
21. Зерттеу (өндірістік) практиканың мазмұны диссертациялық (жобалық) зерттеу тақырыбымен айқындалады.
22. Магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы (бұдан әрі – МҒЗЖ (МЭЗЖ)) шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті қызмет салаларындағы ұйымдарда ғылыми тағылымдамадан міндетті өту қарастырылады.
МҒЗЖ (МЭЗЖ) оқу жұмысының басқа түрлерімен қатар немесе жеке кезеңде жоспарлануы мүмкін.
23. Ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмысының нәтижелерін оларды жүргізген әрбір кезеңнің соңында магистрант есеп түрінде ресімдейді.
24. Ғылыми-педагогикалық магистратурадағы магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:
1) магистрлік диссертация орындалатын және қорғалатын білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі;
2) өзекті, ғылыми жаңалығының және практикалық маңызының болуы;
3) ғылым мен практиканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;
4) ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін қолдана отырып орындалуы;
5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы;
6) тиісті білім беру саласында алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделуі қажет.
25. Бейінді магистратурадағы магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:
1) магистрлік жоба орындалатын және қорғалатын білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі;
2) ғылымның, техника мен өндірістің қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделуі және нақты практикалық ұсынымдарды, басқару міндеттерінің дербес шешімдерін қамтуы;
3) алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалуы;
4) негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы қажет.
26. Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін магистрант жеке жұмыс жоспарының орындалуы бойынша академиялық аттестаттаудан өтеді. Магистрантты академиялық аттестаттаудан өткізу рәсімін ЖОО дербес айқындайды.
27. Магистранттың ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмысының соңғы қорытындысы магистрлік диссертация (жоба) болып табылады.
28. Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ең кемі бір жарияланымда және (немесе) ғылыми-практикалық конференцияға қатысуында көрінуі тиіс.
29. ЖОО магистранттың зерттеу нәтижелерін жариялауына көмек көрсетеді.
30. Магистратураға оқуға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде әрбір магистрантқа магистрлік диссертацияға (жобаға) жетекшілік жасау үшін ғылым кандидаттары мен докторларының немесе PhD докторларының немесе тиісті салада кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың қатарынан ғылыми жетекші тағайындалады. Қажет болған жағдайда ғылымның аралас салалары бойынша ғылыми консультанттар тағайындалуы мүмкін.
ӘАОО-да бірінші семестр ішінде әрбір магистрантқа магистрлік диссертацияға жетекшілік жасау үшін ғылыми жетекші тағайындалады. Магистранттың ғылыми жетекшісі және зерттеу тақырыбы ғылыми кеңес шешімінің негізінде ӘАОО басшысының бұйрығымен бекітіледі. Магистранттың ғылыми жетекшісі ғылым кандидаттары немесе докторлары немесе PhD докторлар, сондай-ақ "магистр" дәрежесі немесе кем дегенде 5 жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі бар полковник әскери атағына (арнайы атағы, шені) ие тұлғалар қатарынан тағайындалады. Қажет болған жағдайда ғылымның аралас салалары бойынша ғылыми консультанттар тағайындалады.
31. Магистранттың ғылыми жетекшісі және зерттеу тақырыбы ғылыми кеңестің шешімімен бекітіледі.
32. Магистрлік диссертацияның (жобаның) мазмұны мен ресімделуіне, оларды дайындау мен қорғауға қойылатын талаптарды ЖОО өзі айқындайды.
ӘАОО-да магистрлік диссертацияның мазмұнына және ресімделуіне, оларды дайындау мен қорғауға қойылатын талаптарды ӘАОО дербес немесе тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
33. Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиатқа тексерілуден өтуі тиіс, мұндай тексерісті жүргізу қағидалары мен тәртібін ЖОО-ның өзі анықтайды.
34. Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау магистрлік диссертацияны (жобаны) дайындауды, оны ресімдеуді және қорғау рәсімін қамтиды.
35. Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау рәсімін ЖОО және ғылыми ұйым дербес айқындайды.
36. ӘАОО-ны қоспағанда, бейінді магистратураны бітірген магистрантқа педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламаларын қосымша меңгергеннен кейін педагогикалық қызметке рұқсат етіледі.
37. ӘАОО-ны қоспағанда, бейінді магистратураны бітірген тұлғалар үшін педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламасының мазмұны осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
38. ӘАОО-ны қоспағанда, педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламасын аяқтаған бейінді бағыттағы магистрге негізгі дипломына қосымша тиісті куәлік беріледі.
Педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламасын меңгергені туралы куәліктің нысанын ЖОО дербес айқындайды және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ЖОО-лар тарапынан міндетті түрде танылады.
39. Қорытынды аттестаттау 12 академиялық кредитті немесе ғылыми-педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 10%-дан аспайтын көлемді (тиісінше 1 жыл немесе 1,5 жыл оқу мерзімімен бейінді магистратурада 20% немесе 13%) құрайды және магистрлік диссертацияны (жобаны) жазу және қорғау нысанында өткізіледі.
ӘАОО үшін қорытыны аттестаттау 12 академиялық кредитті кем емес көлемді құрайды.
40. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты магистратураның білім беру бағдарламасын оқып аяқтағаннан кейін қол жеткізілген оқыту нәтижелері мен басты құзыреттерді бағалау болып табылады.
ӘАОО-да қорытынды аттестаттау кешенді мемлекеттік емтихан тапсыру және магистрлік диссертацияны қорғау нысанында немесе мемлекеттік емтихан тапсыру және қосымша екі базалық және (немесе) бейіндеуші пәндерден тапсыру нысанында өткізіледі.
ӘАОО білім алушылардың теориялық дайындық деңгейін, оқу жетістіктерін, оқу нәтижелері мен зерттеу-талдау қабілеттерін ескере отырып, оларды қорытынды аттестаттаудың нысанын өзі айқындайды: мемлекеттік емтихан тапсыру және магистрлік диссертация қорғау немесе мемлекеттік емтихан тапсыру және қосымша екі базалық және (немесе) бейіндеуші пәндерден тапсыру.
41. ӘАОО білім алушыларын қоспағанда, магистратурада білім алушылар қажет болған жағдайда оқудың қосымша түрлерін өз бетінше ақылы негізде меңгереді.
42. Түсу емтихандарын өткізу және МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламаларына қабылдау мерзімдерін ЖОО дербес айқындайды.
МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламалары бойынша оқу ақылы негізде жүзеге асырылады.
43. МВА (ЕМВА) бітірушілерінің басты құзыреттеріне қойылатын талаптар.
МВА (ЕМВА) бағдарламасын бітірушілердің құзыреттері мынадай білімдермен және дағдылармен айқындалады:
1) заманауи нарықтық ортада ұйым қызметінің стратегиялық позициясымен бизнесті басқарудың мәні;
2) ұйымдардың құрылымы, олардың мүдделі тараптармен (стейкхолдерлер) өзара іс-қимыл жүргізу тетіктері, ұзақ мерзімді перспективада сыртқы контекст жағдайында жұмыс істеу принципі;
3) стратегиялық басқарудағы көшбасшылық тұжырымдамасы;
4) басқарудың заманауи тәсілдері;
5) менеджменттің аналитикалық әдістері, проблемаларды диагностикалау, талдау және шешу әдістері, сондай-ақ шешім қабылдау және оларды практикада іске асыру әдістері;
6) бизнестің жаһандану мәні;
7) бизнестің проблемалық аспектілерін талдау және шешімдерді түрлендіру;
8) сыртқы ортаның ықпалын анықтау және оны басқарудың практикалық проблемаларын шешу кезінде ескеру;
9) теория білімдеріне, заманауи зерттеулер мен практиканың талаптарына қарай менеджменттің әртүрлі функционалдық аспектілерін кіріктіру;
10) компанияны басқару проблемаларын шешуде маркетингтік және қаржылық тәсілдерді пайдалану;
11) бизнесті жүргізу проблемаларын қарау және оларды халықаралық ортадағы бәсекелестік позициясымен басқару.
44. МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасы мыналарды қамтиды:
1) кәсіби құзыреттерді және тұлғалық дамуды, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру пәндері;
2) өндірістік практиканы (өндірістен қол үзіп білім алушы тұлғалар үшін);
3) магистрлік диссертацияны немесе жобаны орындау;
4) қорытынды аттестаттау.
45. Кәсіби құзыреттерді қалыптастыру бойынша МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламалары міндетті және элективті компоненттер пәндерінен тұрады.
Элективті пәндердің тізбесі белгілі бір бизнес саласы үшін МВА (ЕМВА) бағдарламасының дайындау бағытына және мамандандыруына сәйкес айқындалады.
46. МВА және ЕМВА білім беру бағдарламасының құрылымы осы МЖБС-ға 6-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
47. МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасы шеңберінде магистрлер даярлау жалпы бейіндегі кәсіби басқарушыларды (general manager) даярлауға қойылатын талаптарды орындау жағдайында әртүрлі бағыттар бойынша, сондай-ақ корпоративті бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.
48. МВА (ЕМВА) бағдарламаларына оқытуды бизнес-зерттеулерді және консалтингті, ғылыми қызметті жүргізуге тартылған, сондай-ақ басқарушылық жұмыс тәжірибесі бар професорлық-оқытушылық құраммен қамтамасыз етеді.
49. ЖОО МЖБС талаптарына сәйкес оқыту нәтижелерін көрсететін жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді, оның негізінде пәндер бойынша оқу жоспарлары (білім алушының оқу жұмыс жоспарлары, жеке оқу жоспарлары) және оқу жұмыс бағдарламалары (силлабустар) әзірленеді.
ЖОО білім беру технологияларын қолдану және қажетті білім беру қызметтерін ұсыну арқылы МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасын іске асыру жағдайын қамтамасыз етеді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары модульді оқыту принципі бойынша әзірленеді (ӘАОО-да басқа принциптер бойынша да әзірленеді).
50. Магистратурада кадрлар даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының базасында жүзеге асырылады. Бұл ретте "кіруде" магистратураның білім беру бағдарламасының бейіні жоғары білім беру бағдарламасымен сәйкес келген жағдайда, алдыңғы деңгейдегі оқыту нәтижелері автоматты түрде танылады; магистратураның білім беру бағдарламасы бейіні жоғары білім беру бағдарламасымен сәйкес келмеген жағдайда, игеру үшін пререквизиттер белгіленеді (ӘАОО-да пререквизиттер орнатылмайды).
Қажетті пререквизиттер тізбесі мен оларды игеру мерзімдерін ЖОО дербес анықтайды. ӘАОО-ны қоспағанда, пререквизиттер ақылы негізде игеріледі.
Пререквизиттер ретінде магистрант тануды ЖОО Заңның 5-бабының 38-3) тармақшасына сәйкес жүзеге асыратын тиісті деңгейдің формалды емес білім берудегі оқыту нәтижелерін ұсынады.
Жоғары арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту нәтижелері бейінді бағыттағы магистратураның тиісті бағдарламаларына сәйкес оқыту нәтижелеріне теңестіріледі.
ӘАОО үшін жоғары арнайы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту нәтижелері түрлі академияның білімі болған жағдайда бейіндік бағыттағы магистратураның тиісті бағдарламалары бойынша оқыту нәтижелеріне теңестіріледі.
51. МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға "Іскерлік әкімшілендіру магистрі" дәрежесі және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом қосымшасымен (транскрипт) бірге тегін беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет