Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


-параграф. Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар



бет3/4
Дата20.04.2022
өлшемі30,44 Kb.
#140191
1   2   3   4
Байланысты:
604 бөлу
БЕКІТЕМІН 2- тоқсан, 348 ге өзгеріс, Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез, №223 үйден оқытуға құжат қабылдау, 2024-2025 оқу жылына, 7- сабақ кестесі, келісім Олимпиада
2-параграф. Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
59. Білім алушылардың барлық сыныптағы және сыныптан тыс (факультатив, жеке және үйірме жұмыстарының) апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі әр сыныпта аптасына 38 сағаттан аспауы тиіс.
60. Пәнді оқуға бөлінген үлгілік және оқу жұмыс жоспарларындағы оқу уақыты міндетті және вариативті оқу бағдарламаларының тиісті құрылымы мен мазмұнын әзірлеуде ескеріледі.
61. Білім алушылардың инвариантты және вариативті компоненттерді құрайтын пәндер бойынша оқу жүктемесінің жалпы көлемі № 500 бұйрықпен бекітілген ҮОЖ-мен белгіленеді.
62. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі қажеттілікті ескеру негізінде білім беру ұйымының оқу жұмыс жоспарымен бекітіледі.
63. Сыныпты екі топқа бөлу қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар саны – 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны – 20 және одан артық болғанда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;
2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – орыс тілі мен әдебиеті;
3) шетел тілі;
4) көркем еңбек (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтарына);
5) информатика;
6) дене шынықтыру сабақтарын жүргізу кезінде жүзеге асырылады.
64. Инклюзивті білім беру аясында сыныпты топтарға бөлу осы стандарттың 63-тармағында көрсетілген пәндер бойынша әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар балаға сынып толымдылығындағы білім алушылардың жалпы санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет