4. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
24. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі күндізгі оқыту нысанында аптасына кемінде 36 сағат міндетті оқу жүктемесін қоса алғанда, аптасына 54 сағаттан аспауы тиіс.
25. Теориялық оқытудың күндізгі нысаны кезінде оқу уақытының жалпы көлемі аптасына кемінде 36 сағат болатын міндетті оқу жүктемесі есебінен айқындалады (бұл ретте көрсетілген көлемге факультативтік пәндер бойынша сабақтар мен консультациялар кірмейді).
ӘАОО үшін оқу-жаттығуларда, далалық жорықтар өткізу кезеңінде, полигондарда, практикалардың барлық түрлерінде оқу жұмысы аптасына оқу сабақтарының 48 сағатына дейін, әскери тағылымдамаларды өткізу кезеңінде 40 сағаттық жұмыс аптасының негізінде жоспарланады.
Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады және мамандықтың ерекшелігіне байланысты оқу процесінің ұйымдастырылуына қарай аяқталады. Каникул уақыты жылына 11 аптаны, оның ішінде әскери мамандықтардан басқа, қысқы мерзімде – кемінде 2 аптаны құрайды. Дуальді оқыту бойынша кәсіпорындармен шарт жасаған студенттер каникул уақытында кәсіпорындарда практикадан өте алады.
Факультативтік пәндер 1 оқу тобына аптасына 4 сағаттан артық емес көлемде жоспарланады.
Оқытудың күндізгі нысанында білім алушылар үшін консультациялар әрбір оқу жылындағы оқу тобына 100 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді және емтихандар мен курстық және дипломдық жұмыстарды орындау түрінде аралық және қорытынды аттестаттау көзделген пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша жоспарланады.
Оқу процесінің жоспарында білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын бақылаудың мынадай түрлері:
1) аралық аттестаттау;
2) білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау көрсетіледі.
Жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша емтихандар мен бақылау жұмыстарының саны білім алушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік және құзырет деңгейіне қойылатын талаптарға байланысты айқындалады.
Курстық жобалар (жұмыстар) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша оқу жұмысының бір түрі ретінде қарастырылады және оларды оқытуға бөлінген оқу уақыты шегінде орындалады. Семестрдегі курстық жобалардың (жұмыстардың) саны біреуден аспауы тиіс. Қосымша бір курстық жұмыс (жоба) жоспарлауға рұқсат етіледі
Барлық пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша негізгі нысандары: бақылау жұмысы, сынақ, емтихан болып табылатын аралық аттестаттау өткізу көзделген.
Бақылау жұмыстары мен сынақтар аталған пәнді, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндерді оқытуға бөлінген оқу уақытының есебінен, емтихандар – аралық аттестаттауға бөлінген мерзімдерде өткізіледі. Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде емтихандар қосымша бюджеттік уақыт бөлінбей, аталған пәнді, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәнді оқытуға бөлінген уақыт есебінен өткізіледі
Арнайы әскери оқу орындары үшін барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау өткізу көзделген, оның негізгі нысаны емтихан болып табылады.
Жалпы білім беретін пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша аралық аттестаттау: тіл, әдебиет, Қазақстан тарихы, математика және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары таңдаған пән бойынша емтихан өткізуді көздейді.
Білім алушыларға аралық аттестаттау қорытындыларына сәйкес нақты мамандық бойынша қол жеткізген кәсіптік біліктілік деңгейі (разряд, сынып, санат) беріледі.
Білім алушының даярлық деңгейін бағалау үшін кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін қорытынды аттестаттау өткізіледі.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау:
1) білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттауды;
2) кәсіптік даярлық деңгейін бағалау мен біліктілікті беруді қамтиды.
ӘАОО үшін қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша кешенді емтихан тапсыруды қамтиды.
Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттау оқытудың толық курсының қорытындылары бойынша білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында өткізіледі.
Білім беру бағдарламаларын оқытуды аяқтау қорытындылары бойынша білім беру ұйымдарында өткізілетін аттестаттаудың ықтимал нысандары: жалпы кәсіптік және/немесе арнайы пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша емтихан тапсыру немесе дипломдық жобаны орындау және қорғау, немесе дипломдық жұмысты орындау және қорғау, немесе арнайы пәндердің, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндердің бірінен қорытынды аттестаттау емтиханын тапсыра отырып дипломдық жұмысты орындау және қорғау.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысанын білім беру ұйымы айқындайды. Оны өткізуге арналған оқу уақытының көлемі 2 аптадан аспайды.
Кәсіптік қызметтің тиісті түрі шеңберінде білім беру ұйымы бітірушісінің кәсіби даярлық деңгейін бағалауды және біліктілік беруді (бұдан әрі – КДДБББ) жұмыс берушілер жүргізеді.
КДДБББ ӘАОО-да өткізілмейді.
Оқытуды аяқтауға (дипломдық жобалау және қорытынды аттестаттау) бөлінген уақыт 8 аптадан аспауы тиіс. Мамандықтың күрделілігіне байланысты диплом алдындағы (біліктілік) практиканың ұзақтығы жұмыс оқу жоспарына сәйкес жоспарланады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
26. Оқу пәндерін, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндерді зерделеудің дәйектілігін белгілеу, олардың әрқайсысы бойынша оқу уақытын курстарға және семестрлерге бөлу пәнаралық байланыстарды ескере отырып жүргізіледі.
Арнайы пәндердің, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндердің тізбесін айқындау және оларды зерделеуді жоспарлау кезінде көрсетілген пәндерді, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндерді зерделеу нақты сала ерекшеліктеріне сәйкес бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге бағытталғанын басшылыққа алу қажет. Әскери мамандықтарды қоспағанда әлеуметтік-экономикалық пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер 180 сағаттан аспайтын оқу мерзімінде орта буын маманын әзірлеу кезінде іске асырылады.
"Дене тәрбиесі" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына 4 сағаттан асырылмай (мамандыққа байланысты) жоспарланады, олардың екі сағаты екінші курстан бастап спорт секцияларында сабақ өткізуге бөлінуі мүмкін. "Дене тәрбиесі" курсы аяқталғаннан кейін қосымша бюджеттік уақыт бөлінбестен емтихан тапсырылады.
ӘАОО үшін "Дене шынықтыру дайындығы" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына кемінде 4 сағат жоспарланады (мамандығына байланысты). Әрбір оқу семестрі аяқталғаннан кейін емтихан өткізіледі. Спорт секцияларындағы сабақтар аптасына 4 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді.
Алғашқы әскери дайындыққа 100 сағаттан асырылмай бөлінеді, оның ішінде 36 сағат оқу-дала (лагерьлік) жиындарын өткізуге беріледі. "Өмір қауіпсіздігі негіздері" курсы "Алғашқы әскери дайындық" оқу курсы шеңберінде іске асырылады.
Оқу-дала (лагерьлік) жиындары өткізілетін орынды денсаулық сақтау органдарымен және төтенше жағдайлар басқармаларымен келісім бойынша қалалық және облыстық білім беру органдары айқындайды.
Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
|
Техникалық және кәсіптік білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
1-қосымша
|
Ескерту. Қосымшаның оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі
(жоғарғы біліктілік деңгейі үшін)
(орта буын маманының деңгейі үшін)
Академиялық сағат/кредит
Р/с №
|
Циклдердің, пәндердің (модульдер) және оқу жұмыстарының атауы
|
Оқыту мерзімі
|
негізгі орта білім базасында жалпы орта білімсіз
|
негізгі орта білім негізінде
|
жалпы орта білім негізінде
|
орта білімнен кейінгі, жоғары білім негізінде
|
техникалық және кәсіптік білім негізінде*
|
1 жыл 10 ай
|
1 жыл 10 ай
|
2 жыл 6 ай
|
2 жыл 10 ай
|
3 жыл 6 ай
|
3 жыл 10 ай
|
10 ай
|
1 жыл 6 ай
|
1 жыл 10 ай
|
2 жыл 6 ай
|
2 жыл 10 ай
|
10 ай
|
1 жыл 6 ай
|
10 ай
|
1 жыл 6 ай
|
1 жыл 10 ай
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
1
|
Жалпы білім беру пәндері (модульдер)
|
524
|
1448
|
1448
|
1448
|
1448
|
1448
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
2
|
Жалпы гуманитарлық пәндер (модульдер)
|
-
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
Кәсіптік қазақ (орыс) тілі
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
-
|
+
|
|
Кәсіптік шет тілі
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
3
|
Әлеуметтік-экономикалық пәндер (философия, экономика, құқық негіздері және мәдениеттану)
|
-
|
-
|
-
|
+
|
+
|
+
|
-
|
+
|
+
|
+
|
+
|
-
|
+
|
-
|
+
|
+
|
4
|
Жалпы кәсіптік пәндер
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
5
|
Арнайы пәндер (модульдер)
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
+
|
6
|
Білім беру ұйымы айқындайтын пәндер
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
+
|
7
|
Өндірістік оқыту және кәсіптік практика
|
оқу уақытының жалпы көлемінен кемінде 40 %**
|
8
|
Аралық аттестаттау
|
|
9
|
Қорытынды аттестаттау
|
|
9.1
|
Білім беру ұйымында оқытудың толық курсының қорытындысы аттестаттау
|
2 аптадан аспайды
|
9.2
|
Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру
|
бір топқа кемінде 12 сағат
|
10
|
Консультация
|
Оқу жылына 100 сағаттан аспайды
|
11
|
Факультативтік сабақтар
|
Теориялық оқыту кезеңінде аптасына 4 сағаттан аспайды
|
|
Барлығы ****
|
3312/66
|
3312/66
|
4320/86
|
4960/100
|
5800/116
|
6588/132
|
1656/33
|
2680/54
|
3312/66
|
4320/86
|
4960/100
|
1656/33
|
2680/54
|
1656/33
|
2680/54
|
3312/66
|
Ескертпе:
* оқу мерзімі білім беру деңгейіне және оқу бейініне байланысты белгіленеді;
** оның ішінде жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтар, курстық және дипломдық жобалау;
*** орта буын мамандарын даярлау кезінде оқыту уақыты 180 сағаттан аспайтын әлеуметтік-экономикалық пәндер циклі іске асырылады. Аталған циклдің жеке пәндері жалпы кәсіптік және арнайы пәндермен (модульдермен) интеграцияланған болуы мүмкін;
**** кредитті есептеу үшін академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минут болып белгіленеді.
Модульдік білім беру бағдарламаларының мазмұны кәсіптік стандарттар негізінде және Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес біліктілік деңгейін меңгеруге бағытталған.
|
Техникалық және кәсіптік білім
берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
2-қосымша
|
Достарыңызбен бөлісу: |