Мотивациялық –
қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері:
Туған жер-тірегім,
Сенде өстім түледім,
Бір сен деп үнемі
Соғады жүрегім.
|
Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын қайталайды.
|
Ұйымдастыру-
шылық-ізденістік
|
-Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер?
Сендер жабайы аңдар туралы ертегі естігілерің келеме?
Жұмбақ:
Өзі айлакер,өзі қу,
Жүрген жері айқай шу.
Барлық аң атаулысын алдап жүреді.
Міне қараңдаршы түлкіні өзі сондай сұлу аңдардың бірі, бірақ қулықты көп ойлайды, сол ісіне қарай еш аң онымен дос болғысы келмейді екен.
Мен сендерге «Түлкі мен қасқыр» ертегісін айтып берейін.
Алгоритм бойынша ертегі мазмұны айтылады.
Түлкі мен қасқыр.
Бір күндері түлкі мен қасқыр дос болыпты. Түлкі ылғыйда тапқан азығын қасқыр досына беріп отырыпты. Бірде түлкі осы ісінен жалығып, қасқырды қалай алдап кетсем екендеп ойланып келе жатады.
Ол жолда бір кесек етті көреді. Барып алайын десе ет қақпанда тұрғанын көреді.
Ол қасқырға ана етті сен жей ғой дейді. Қасқыр қуанып етті ала бергенде қақпан қасқырдың аузын тістеп қалады. Ет анадай жерге ыршып түседі. Түлкі етті ала қашады. Қасқыр түлкінің өтірік дос болып жүргенін біліп алданып қалады.
Сұрақ-жауап ұйымдастырылады:
-Балалар досыңды алдауға болама?
-Өтірік дос болуға да болмайды.
-Түлкінің істегені дұрыс па?
Сергіту сәті:
Көлбең,көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем,
Түлкі қалай жүреді ,
Кім көрсете біледі.
Түлкі былай-былай жүреді
Оны бәрі біледі.
Ертегі ұнады ма балалар?
Ертегіні аяғына дейін тыңдайды.
Түлкінің айлакер, қу екенін білді.
|
Бауырсақ,жеті лақ,мақта қыз.
Ия, деп қуанады.
Балалар мұқият тыңдайды.
-Жұмбақтың шешуін табады.
Алгоритм бойынша ертегі мазмұнын тыңдайды.
Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
-Жоқ дұрыс емес.
-Досқа көмектесу керек.
Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.
Өздерінің түсінгеніне қарай 3-4 сөз айтады.
|
Рефлексиялық -түзетушілік
|
Қорытындылау
-Түлкі мен қасқыр қайда өмір сүреді?
-Түлкінің құйрығы қандай?
-Ал қасқырдың түрі қандай?
-Тістері қалай көрінеді?
Алгоритм бойынша 2-3 баладан ертегінің мазмұнын сұрау.
|
-Орманда өмір сүреді.
-Ұзын,өте әдемі.
Қорқынышты,тістері ақсиып тұрады.
Балалар әңгіменің мазмұнын айтады,
сұрақтарға жауап береді.
|