Білім бөлімінің мм №2 орта мектебінің 2014-2015 оқу жылының тәрбие жұмысының талдауы



Дата11.01.2017
өлшемі344,2 Kb.
#6715
Білім бөлімінің ММ №2 орта мектебінің 2014-2015 оқу

жылының тәрбие жұмысының талдауы
Біздің заман компьютерлік технологиялар заманы болып есептеледі. Соған қарамастан ғылымды дамытушы және руханилықты сақтаушы болып адам қала береді .Қазіргі заманда Д.И.Менделеевтің «Тәрбиесіз білім –есуас қолындағы қылыш» деген мынау даналық сөздері бүгінде өзекті . Педагогтың міндеті –дені сау ,рухани бай және әлеуметтік білікті ,шығармашыл ойлайтын , мемлекет пен қоғам өміріне саналы қатысуға дайын тұлға қалыптастыру үшін жұмыс жасау.
«Есіл ауданының білім бөлімінің №2 орта мектебінің» ММ барлық тәрбие жұмысы «Білім туралы» , «Балалар құқықтары туралы» , «Үздіксіз білім жүйесіндегі тәрбие концепциялары мен басқа құқықтық нормативті құжаттардың Заңдары негізінде құрылды .
2014-2015 оқу жылы мектепте 21 жинақ- сынып: 1 даярлық жинақ –сыныбы, 7-бастауыш буын ,8- орта және 5-жоғарғы буын білім алды. Оқушылардың жалпы саны -356 адам.
Әр сынып жетекшісінде мектеп әкімшілігімен келісіліп ,бекітіліп ,құрылған тәрбие жоспары бар ,онда тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттері бағдарламаның барлық Кешенді мақсатты бағыттары қарастырылған ,атап айтқанда :

- патриоттық тәрбие ;

‑ рухани –адамгершілік тәрбие ;

-саясаттық тәрбие және құқықтық мәдениет ;

‑ мектептің ата‑аналармен әлеуметтік серіктестігі;

- алдын –алу жұмысының жүйесін жетілдіру .



Мектептің тәрбие жұмысының мақсаты: еркін, кішіпейіл ,рухани ,жеке тұлға , ғылыми білімге бай қылып тәрбиелеуге ықпал ету ,саналы шығармашылық қызметке және адамгершілік тәрбиеге дайындау.
Міндеттері:


  1. Оқыту мен балаларды тәрбилеуде жаңа технологияларды еңгізу арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін арттыру ,танымдық қызығушылығын дамыту.

  2. Көркем эстетикалық дамыту үшін жағдай жасау,оқушылардың шығармашылықтарын өз беттерімен жүзеге асыруы үшін.



  1. Азаматтық –патриоттық және рухани тәрбие бойынша жұмыс тиімділігін арттыру .

  2. Кәмелетке толмағандар арасында елемеушілік пен заң бұзушылықтың алдын-алу бойынша жұмысты жалғастыру .

  3. Салауатты өмір салтын үгіттеу бойынша жұмысты жалғастыру .

Сынып жетекшілер ӘБ жиналыстарында тек қана тәрбие мәселелері ғана қарастырылып қоймайды , сонымен қатар олар оқытылады. Осылайша, осы жылдан бастап ,тәрбие үдерісіне оқыту мен балаларды тәрбиелеудің жаңа тәсілдері енгізілді, 7модуль Бағдарламасына сүйенетін ,екпін жұмыстың топтық түрлеріне қойылады.


Сынып жетекшілерінің қолданатын ,тәрбие жұмысының әдістері мен әдіс түрлерінің алуандығы ,педагогтардың кәсіпкерлігі мен шығармашылық белсенділігін көрсетеді.Жалпымектептік және аудандық шараларға қатысу жауапкершілігін , біздің балаларымыздың талабын дамытады ,қоғамдық белсенділікке тәрбиелеуге ықпалын тигізеді ,тұлғаның көшбасшылық қабілеттерін анықтауға және коммуникативті қабілеттерін .Әр оқушы өзіне жақын істі таңдай отыра , ашылады .
Аталған жұмыс бағыттарының түрлері балалардың көшбасшылық қабілеттерін реттеу дағдыларын дамытады, яғни қызметін өз бетімен жоспарлауға ,өз қызығушылығына сәйкес ,сонымен қатар пайда болған мәселелерді шеше білуге ,баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін .
Мектептің тәрбие жұмысы тәрбиелік әңгіме ,конференциялар ,шығармашылық есептермен сайыстар , экскурсиялар ,сапарлар ,жобалық қызмет жүйелері арқылы жүзеге асады . Қосымша білім жүйесі :үйірмелер мен секциялар ;

мектептің оқушыларының өз беттерімен басқарушылық жұмысы ,кітапхана жұмысы және т.б.



Патриоттық тәрбие

Біздің мектепте көп жылдан бері оқушыларды көп ұлтты мемлекетте әлеуметтендіру бойынша жұмыс жүргізілуде . Жұмыс оқушыларда азаматтық жауапкершілік пен құқықтық сана сезім ,руханилық пен мәдениет ,талап қалыптасуына көзделген. Бұл мақсат оқу- тәрбие үрдісі арқылы жүзуге асады. Үлкен екпін тұлға дамуы мен қалыптасуына жасалады, бойларында патриот -азамат қасиеттеріне ие ,патриоттық тәрбие –мектептің тәрбие жұмысындағы басым бағыттарының бірі болғандықтан . Көп жылдан бері ,бірінші қыркүйектен бастап , ҚР мемлекеттік рәміздер ,астананың жаңа ғимараттары ,Қазақстанның тарихи және мәдени мұралары туралы және т.б. ,сынып жетекшілері сынып


сағаттарын өткізеді . Сынып жетекшілері сынып сағаттарының тақырыптары бойынша балаларды туған жерге деген сүйіспеншілікке баулиды : «Туған өлкеміз туралы біз не білеміз ,еліміздің тарихындағы ерлік парақтары туралы» , « ҚР Отан қорғау туралы Конституциясы» және т.б.


Мектептің видео қорында қазақ халқының дәстүрлері мен салттарын , қазіргі замандағы Қазақстанның экономикалық өсу ерекшеліктерін айқын көруге болатын материал жеткілікті .

Барлық салтанатты шаралар қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу мен азаматтықты қалыптастыру мақсатында әнұран орындалуынан басталады .Жыл сайын ,Тілдер күніне оқырмандар сайысын өткізу дәстүрге айналған .Оның өткізілуіне және дайындыққа қазақ тілі ,орыс тілі мен шет тілдерінің мұғалімдері , сондай-ақ 5тен бастап 11-ші сынып оқышылары қатысты. Жеңімпаздары аудандық Қазақстан халықтарының Тілдер күніне арналған вокалистер мен оқырмандар сайыстарында мектеп абыройын қорғады .

Қазақ тілінің мұғалімі Балжанова С.Т. өткізген шараға 40 тан астам бала қатысты .Олар әр түрлі тілде сөйлеп , ән айтып, би биледі .

« Абай оқулары»- жасөспірімдер үшін қиын сынақтардың бірі. Биылғы

ж ылы мектеп абыройын Беспалов Евгений мен Гуляева Дарья қорғап, мектеп жетістіктерінің қорына Гран при (иелеген Беcпалов Евгений) және 3орын (Гуляева Дарья).
«ҚР бірінші президентінің күніне» арналған ,күн өте мазмұнды болды .8-11cынып оқушылары үшін үлкен шара өткізілді ,біздің президенттің өмірімен таныстыратын . Шара барысында Н.А.Назарбаевтың өмірлік әр кезеңдеріне тоқталатын , слайдтар көрсетілді .

Бастауыш пен орта буын үшін тақырыптық сынып сағаттары өткізілді және көркем өмірбаяндық «Балалық шағымның аспаны» фильмі көрсетілді , Президенттің дүниеге келгеннен бастап, өмірі туралы.

Қазақстандық патриотизм тәрбиесі тақырыбын жалғастыра отыра атап өтетін шаралар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін тойлауға арналған, азаматтық патриотизмді тәрбиелеу мақсатында өткізілетін ,

Республикасының тағдырына қатысу сезімі ,халқының тарихына құрметке .


1-4сыныптар арасында «Менің елімнің Ата Заңы» викторинасы өткізілді . Барлық сыныптарда әңгімелер жүргізілді ,ойындар мен патриоттық мазмұнда сынып сағаттары : «Қазақстан –ортақ үйіміз» , «Менің елімнің рәміздері» , «Қазақстан,сені жырыма қосамын !», «Біздің еліміздің халықтарының достығы берік» , және т.б.

«ҚР Тәуелсіздік Күні» - біздің мектеп үшін маңызды мерекелердің бірі ,бұл күні біздің «Сұнқар» Балалар Бірлестігі құрылған . Бұл біз екінші сынып оқушыларын «Балапан» қатарына қабылдаймыз , ал белсенділер мен оқу үздіктерін –«Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ЕДЮЮ қатарына қабылдау.


Ауғанстаннан біздің әскердің шығарылғанына 26 жыл өтсе де, біз әлі де фильмдер көреміз, әндерді тыңдаймыз ,фотосуреттермен альбомдарды қайта парақтап , Ауғанстанда соғысқан ардагерлермен кездесулер өткіземіз .

- 7 ақпанда 10-11 сыныптар үшін Ерлік сабағы өтіп ,онда балалар Ауғанстан жауынгерінің ардагерлер Одағының төрағасының орынбасары В.И. Хайнаковпен кездесті .

- орта буын оқушылары Ауғанстан соғысының қатысушыларымен ,

сонымен қатар Чернобыль зкологиялық апатының салдарын жоюға қатысушы Редько Владимир Григорьевичпен кездесті . Балалар қызығушылықтары артып ,сұрақтарды жаудырды . Батырмен 2 сағаттық кездесу естерінде мәнгілік қалатыны анық .


Отан соғысындағы Жеңістің 70 –жылдығын тойлау аясында азаматтық сезімді қалыптастыру мақсатында , Отанды қорғауға психологиялық және моральдік дайындығы ,Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу , қарт адамдарға деген құрмет үшін мектепте келесі шаралар өткізілді :


  • дәстүрлі түрде сәуір сайын «Светлая память» акциясы өткізіледі , ҰОС ардагерлері мен интернационалист ардагерлерінің ескерткіштері және қаланың білім мекемелерінің аймақтарын жинау бойынша .

- 1-11 сыныптарда Жеңістің 70-жылдығына арналған , таныстырылым материалын пайдалану арқылы сынып сағаттары өтті .





  • 5-7 сынып оқушылары аудандық « Жеңіске -70жыл» шарасына қатысты , Аудандық Орталық кітапхана өткізетін . Онда ҰОС ардагерлерімен кездесу жоспарланды . Әр мектеп тақырыптық концерттік нөмірлер дайындады . Кездесу жылы атмосферада өтті.

  • Отан қорғаушылар Күні мен Жеңіс күніне арналған ,салтанатты жиналыстар мен мерекелік шаралар өткізілді.

Биылғы жылы 4сынып оқушысы Бактибек Ислам мұғалімі Матюк Т.Г. аудандық «Жыл оқушысы -2015» сайысының жүлдегері (3 орын ) ,

әділқазыларға портфолио мен «Спасибо деду за Победу!» тақырыбында Эссе ұсынылды .


Дәстүрлі түрде алаңда Интернационалист Жауынгерлерге Саптық байқауда біздің оқушыларда өздерін көрсете білді .

Жыл бойы 9-11 сыныптар оқушылары мен «Жас сарбаз» үйірмесінің мүшелері аудан мен қаланың барлық сайытық шараларына белсенді қатысты. Ерекше атап өткіміз келетіндер келесі :


- 19 қараша Аудандық олимпиада АӘД бойынша ‑1орын

- 27 сәуір қалалық олимпиада АӘД бойынша ‑1орын

Кәсіби бағдар жұмысының мақсатында ОДО бастығы подполковник Рахимбековпен кездесу ұйымдастырылды .
1 маусымда Балалар қорғау күніне арналған , «Мы –дети твои ,

Казахстан» акциясы өтті . Орталық алаңда мерекелік концерт,

аттракциондар мен отбасылық «Папа мама , я –спортивная семья» шарасы ұйымдастырылды .
4 маусымда Есіл ауданының ішкі саясат бөлімінің Қаржы орталығы, ҚР рәміздері күніне арналған ,қалалық акция өткізді , оған 5-8 сыныптар оқушылары велосипедпен жарысқа қатысты .
Осының бәрін қазіргі ҚР жастар саясатының екпін жасайтын ,

жастардың патриоттық тәрбиесіне жатқызуға болады .


Рухани-өнегелі тәрбие .

Мектеп дәстүрлері тәрбиенің құнды құралы болып табылады . Дәстүрлер мектеп өмірінде екі маңызды қызмет атқарады. Біріншіден олар ортақ мүдде қалыптастырып ,мектеп өміріне белгілі беріктік, сенімділік, ұдайлық береді. Екіншіден , мектепке ешкімге ұқсамайтын ерекше өң береді. Ол ерекше , ,мақтан тұтатындай ,дәстүрлер қызығушылықтар қауымын құрады ,ұайымдар ,мектеп ұжымын ұйымшыл қылады және мектеп өмірін құнарландырады.

Қызықты ,мазмұнды қызметке толы болды:
«1қыркүйек –Білім Күні»
«Денсаулық Фестивалі»
«Мұғалімдер күні»
«Әліппе мерекесі»
«Президенттік оқулар»
«Сұнқар» ББҰ Туған күні»
Жаңа жыл шыршалары

«8наурыз»


«Наурыз»
«Отан қорғаушысың Күні»
«Жеңіс күні»
«Соңғы қоңырау»
4сыныпта «Прощай ,начальная школа !» мерекесі
«Түлектер кеші»
«Ойын Күні»
«Соңғы батыр» және т.б.
Мысалы ,бірінші қыркүйекте мектепте салтанатты жиналыс өтті , «Казақстан -2050 : ортақ мақсат ,ортақ мүдде ,ортақ болашақ» тақырыбына арналған . Әдеттегідей барлық оқушылар мектеп ауласына сап құрды. Жазғы демалыста жақсы демалып ,әдемі киінген оқушылар жақсы көніл –күймен , бірінші сынып оқушыларын қарсы алды . Мектеп директоры Е.Б. Челюбееваның ,директордың ОТЖ бойынша орынбасары С.Т. Кожухованың , алғашқы мұғалімі А.Б.Омарбекованың құттықтау сөздері салтанатты жиналыс пен жаңа оқу жылының басталу күніне маңыздылық берді .

Салтанатты жиналыс аяқталысымен ,мектептің барлық оқушылары ,тақырыптық сағат өткізілуі үшін ,сыныптарына тарап кетті.


Мереке соңында бастауыш сынып оқушылары арасында асфальтта сурет салу конкурсы өткізілді .

Аталған бағыттағы мектептің кітапханашысы В.С. Лушина жетегіндегі «Мектептің Қазақстан халықтарының Ассамблеясы» жұмысын ерекше атап өткіміз келеді . Бәріміз ортақ үйде , бір шанырақ астында өмір сүреміз.Тарихпен таныса отыра ,оқушылар біздің көп ұлтты республикамызда ондаған халықтар тату-тәтті өмір сүреді ,ғасырлар бойы бір аспан мен жерді бөлісуде ,бір бірінің дәстүрлерін құрметтей отыра .Барлық Қазақстанда мекендейтін – тең құқылы ,өз тілдерін ,ұлттық мәдениетін дамытады . Ашық аспан астында әртүрлі ұлт өкілдері ынтымақ мен келісімде өмір сүруде .


Қаңтар айында 5-7сынып оқушылары әртүрлі ұлттар мен олардың салттарына арналған ,дәстүрлер элементтерін сахналау ,шарасы өткізді .

Ерекше қөңіл аударған 5-6 сынып оқушылары болды , бір ай бойы әртүрлі тағам мен сусындармен танысты . Ақпан айының соңғы апталығында ,

Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20- жылдығына арналған ,акциясы өткізіліп ,оған «»Очарование» би тобы мен 9-10 сынып оқушылары белсенді қатысты .
Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 10-жылдығын тойлануына қарсанына бастауыш сынып оқушылары арасында «Хоровод дружбы» фестивалі өткізілді . Әр сынып белгілі бір ұлттын салт дәстүрлері мен мәдениетін назарға ұсынды .
Мектептің көшбасшылық белсенділерімен 0-4 сынып оқушыларымен «Мир детства» шығармашылық шеберханасы өткізілді , оның барысында оқушылар топтарға бөлініп ,тақырыптық кластер бойынша жұмыс жасады, алдын ала жапсырма үшін дайындалған элементтерді қолдана отыра .

Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 –жылдығын тойлануы ,Қазақ хандығының 550-жылдығына Аймақтық конференция өтіп , оған біздің мектептің оқушылары белсенді қатысты . Біздің « Қазақстан Халықтарының мектептік Ассамблеясы» «Лучший творческий проект» номинациясында 1 дәрежелі дипломмен марапатталды . Плакаттар сайысында орындар келесі ретпен берілді :


Кожухова 11сынып -1 орын
Шараев Эдуард 6 сынып -2 орын
Туртаева Диана 7 сынып -3 орын
Палагута Дарья 10 сынып – сертификат ,
Мадақтау қағазы –аудандық шығармашылық сайыстар мен көрмелерге қатысқан үшін алғыс .

Балалардың тәрбиесінде үлкен рөл БҚБ атқарады .Балалар қоғамдық бірлестіктері ,әлеуметтендіру институттарының бірі болып табылады ,бала құқығын қорғауға ықпал етеді , жасөспірімдерге өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра білуге .Психологиялық аспект жеткіншектердің қатынасқа талпынуын жүзеге асырумен байланысты .Балалар қоғамдық бірлестігі баланың өзі туралы ойын кенейтуде ,өз рөлінің мінсіз ойларын жүзеге асыруға ықпал етеді ,өмірлік жолы туралы . Балалар бірлестігі арқылы тек тәжірибемен ғана алмасып қоймайды ,сонымен қатар өзін тұлға ретінде жүзеге асырады , қоршаған адамдар мен өмірлік жағдайларға әсер ете отыра . Осы мақсатпен мектепте оқушылардың өз беттерімен басқару жұмысы реттелген , оны тек


қана өз беттерімен басқару қызметі ретінде қарастырмай одан кеңірек және күрделі .Бірінші кезектен оның оқушы тұлғасына деген қорғаныс қызметі , моральді этикалық және жарату қызметтері. «Мектептік өз беттерімен басқару» дегенде ,ерекше тәрбие жұмысының тәсілдерін айтады ,балалардың демократияға ойнауы . Соңғы жылдары алдыңғы қатарға мектепте басқаруда қоғамның қатысуы туралы талаптар қойылатын болды .Өз бетімен басқаруды алып тастауға немесе оқушылар ұжымына дайын модель ретінде еңгізуге болмайды ‑ өз бетімен басқару мазмұнына парапар ,оқу ұжымында басқару стиліне .


Өз бетімен басқаруды беруге болмайды ,алуға болмайды ,жай ғана еңгізуге болмайды . Ол түзетуді қажет етеді . Әр нәрсені өзіміз ойлап тауып ,өзіміз орындап ,өзіміз бағалаймыз. Осылайша өз беттерімен басқару қалыптасады . Бір ғана буынды алып тастасандар - өз бетімен басқарудан ештене де қалмайды .
Реттеушілік көшбасшылық стратегиясы мектептің өз бетімен басқаруының негізі болды . Оның мектепте іске асуы үшін жалпымектептік Көшбасшылар Кеңесі құрылды ,оған 5-11 сыныптардың командирлері енді ,сонымен қатар балаларда ,өз көшбасшылық қабілеттерін бірнеше рет көрсеткен . Кеңес қызығушылықтары бойынша топтарға бөлінген , олар өз кезегінше бақылауды жүзеге асырады ,сыныптық шағын топтарға көмек көрсете отыра .Әр бала өзіне жақын істі таңдайды ,көшбасшы болуды қалау өзіне деген сенімділікті арттырады, мақсатқа жетуге сенім ,балаға шешім қабылдауға мүмкіндік береді ,өзіне жауапкершілік алуға , өзінің маныздылығын сезіну береді . Барлық осы қасиеттер жасөспірімдерге өздерін жетілдіру мен жүзеге асыруға ықпал етеді ,яғни олардың жеке басының құнының өсуін арттырады .

Біздің «Сұнқар» БҚБ «Жұлдыз» және «Жас Ұлан» Бағдарламалары бойынша жұмыс жасайды .Оның мақсаты келесіде : өзін дамыту ,өзін жетілдіру ,баланың тұлға ретінде өзін тануы ; әр жастағы балалардың басын біріктіру ; жасөспірімдер мен балалардың қызығушылықтары мен құқығын қорғауды ұйымдастыруда жігерді біріктіру ;айналадағы әлемге деген махаббат пен рақымшылыққа тәрбиелеу .


Міндеттері :


  • балалардың қарым -қатынас қажеттілігін қанағаттандыру ;




  • жастық қажеттіліктерді жүзеге асыру үшін біріктірілген қызметте ;




  • балаларды өмірге араластыру , «Жұлдыз» және «Жас Ұлан» балалар бағдарламалары арқылы ;


  • балалық тәжірибе жинау мүмкіндігі ;




  • қоғамдық маңызды бастамаларын қолдау және ынталандыру .

Сонымен қатар Көшбасшылар Кеңесімен «Радуга» әдісі бойынша «Сұнқар» ұйымын дамыту Моделі құрастырылды .

«Сұнқар» БҚБ жұмысы бекітілген жоспарға сай жүргізіледі ,БШҮ жоспарымен бірлесе . Биылғы жылы біздің оқушылар әртүрлі жалпымектептік ,қалалық ,аудандық шаралар мен жобаларға белсенді қатысты ,сондай-ақ «Жұлдыз» БҚБ мен «Жас Ұлан» ЕДЮЮ жобаларына .
«Көшбасшы» жобасы .
Қазан айында аудандық «Я-Лидер»БҚБ белсенділері сайысы өтті,тұлғасының көшбасшылық бағыты бар және әртүрлі қызықты және пайдалы істер ұйымдастыруда жетістіктері бар ,жігіттер мен қыздарды іріктеуге бағытталған . Аталған жобада 10 сынып оқушысы Перевозчикова Анастасия қатысып 1 орынға иеленді .
30 сәуірде салтанатты жиылыс болды , онда 12адам белсенділер мен оқу озаттары , «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ЕДЮО қатарына енді . Жаңадан қабылданған патриоттар салтанатты түрде ант беріп , тәжірибелі жоғарғы дәрежелі мұғалім С.Ш. Байтемированың сөзін зейін қойып тындады .
«Денсаулық» + «Спортивная Одиссея» жобасы

Қыркүйек айында дәстүрлі Денсаулық Фестивалі өтті .Көшбасшылармен сергіту биі дайындалып ,өткізілді ,1-4 сыныптар көнілді мәрелер , сондай –ақ 5-11 сыныптар әртүрлі спорт түрлеріне арналған ,қабырға газеттерін шығаруға көмек көрсету .


«Юнкор» +«Видеобум» + «Цветик- семицветик» жобасы
Ұстаздар Күніне қарсы оқушылар құттықтау газеттерін дайындап ,шығарды , «Спасибо Вам ,учителя!» концерттік құттықтау бағдарламасын ұйымдастыру мен өткізіге көмектесті .
Невада – Семипалатинск экологиялық мәселесін үгіттеуге бағытталған, аудандық «Голубая планета» плакаттар сайысына ,табиғатқа,туған жерге, айналадағы әлемге деген жасөспірімдерді аялауға тәрбиелеуге 6-шы және 10-шы сынып оқушылары қатысты .

Жүлделі орынға 10 сынып оқушысы ие болды :

Палагутта Дарья‑ 2 орын
«Звездное шоу» жобасы
Қараша айында ,АМҮ талабы бойынша , қалалық «Мисс золотая осень» сайысы өтті .Аталмыш сайыста біздің қаланың барлық мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты .10 сынып оқушысы –Перевозчикова Анастасия , Нургалин Адильмен бірге , «Мисс золотая осень» -Гран –при титулын жеңіп алды .
«Туған жер –родная земля» жобасы .
Желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігіне арналған ,аудандық вокалистер мен инструменталистер сайысы өткізілді, оған 10сынып оқушылары қатысты .
Каирбекова Анель –1 орын
ҚР Тәуелсіздігі Күніне арналған ,аудандық эрудиттер турниріне 10 шы мен 11ші сынып оқушыларының командалары белсенді қатысты :
Сериков А., Закиров Р.,Жусупов Т., Перевозчикова А., Темирханов А.
Аудандық « Отечество славлю ,которое есть» оқырмандар сайысына әр жастағы оқушылар қатысып, 11 ші сынып оқушысы –Жусупов Темирлан жүлделі 3 –ші орынға иеленді .
Тәуелсіздік Күнін тойлау аясында «ЕДЮО Жас Ұлан» координаторы Токарева А.А. 4 ші сыныптар оқушылары арасында сынып сағатын өткізді . Сондай-ақ мектеп дәстүрі бойынша Салтанатты жиылыс өтті ,онда «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» қатарына қабылданды және біздің мектептің оқу озаттары. «Балапан» ББҚ «Сұнқар» қатарына 2-ші сыныптар оқушылары қабылданды .
Сәуірде біздің мектептің 9-10 сынып оқушылары қалалық жастар «Выбирай или проиграешь» акциясына белсенді қатысты . Ойын қала орталығында өткізілді ,команда станциялар бойынша қозғалды , бағдар парағына сәйкес . «Сұнқар» командасы құрметті 3 орынға иеленді .

Сонымен қатар 7-11 сынып оқушылары Есіл ауданының ішкі саясат бөлімінің Ресурс орталығы ұйымдастырған , аудандық « Мои символы –моя гордость» селфи сайысына қатысты .


Жеңістің 70-жылдығының тойлануы аясында аудандық суреттер сайысы өткізіліп ,оған 4-11 cынып оқушылары белсенді қатысты . Жұмыстар бейнелеу өнерінің әртүрлі түрінде орындалды , сурет түрі мен графика түрлерінде .11cынып оқушылары Кожухова К .-1 орын ; Палагута Д.- 2 орын.
Сондай-ақ 11 сынып оқушысы Кожухова К.республикалық сырттай шығармашылық «Моя семья –мое богатство» сайсына қатысты .
«Цветик –семицветик» жобасы .
Желтоқсанда мектептің белсенділері мен көшбасшылары мектептің бастауыш сынып оқушылары үшін жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізіге белсенді қатысты .
22 мамырда жоғарғы сынып белсенділері координатор А.Е.Есенгалиева мен бірге ұйымдастырған 5сыныптар арасында «Танцевальный батл» шарасы өткізілді .
«Милосердие» жобасы –түзету кабинатінде тіркеуде тұрған балалар үшін Жаңа жыл ертеңгіліктерін өткізу .
«Зажги свою звезду» жобасы – «Қазақстан халықтарының Ассамблеясының жылына» арналған ,Аймақтық Форумда , акция өткізу .Акцияға мүгедек балалар ,ПДН есепте тұрған балалар және Есіл Балалар Үйінде тұратын балалар қатысты .Өз жұлдызын жаққан :Шик Ростислав (7сынып ,ДЦП ,

вокал ) .Енді ол мектептің барлық шараларының қатысушысы болды .

Кенжегулов Абдимаулен (8 сынып ,ПДН есепте тұрады ,вокал.)

Бактибек Ислам ( 1сынып , хореография , домбра )

Ростислав (6сынып ,Есіл БҮ тәрбиеленушісі ,вокал )
«Променад-шоу» жобасы .
Қаңтарда аудандық «Променад-шоу» би сайысы өтіп , оған біздің

«Очарование» би тобы белсенді қатысты ,екі номинацияда : халықтық және қазіргі заман .Халықтық номинациясында –«Томирис ханшайым» биі, ұжым Гран-при жеңіп алды ,қазіргі заман номинациясында «Араб түні» биі -1 орын .

«Я –Лидер» + «Мир воқруг нас» жобасы .

Қаңтарда 5-7сынып оқушыларының арасында мектептік экологиялық марафон өткізілді ,5 «Б» сынып командасы экологиялық мәдениет қалыптастыру бойынша терең білімдері мен дағдыларын көрсете білді .


«Тимуровское движение» + «Юнкор» жобасы .
8 сынып оқушылары ,құрамында 13 адам ,координатор Е.В.Токаревамен бірге ҰОС ардагері М.П.Тимофеевамен кездесті .Балалар қызығушылықпен ардагерді тыңдап ,сұрақтар қойып ,сұхбат алып ,естелікке фотосуретке түсті .

Ардагерлермен кездесуден алған әсерлері туралы 8cынып оқушылары Кенжегара А.мен Куатбекова А. мақала жазды , ол мақала кейін аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланды .


Жеңістің 70-жылдығының тойлануы аясында отта буын 5-7 сынып оқушылары мен көшбасшылар координатор Есенгалиева А.Е. мен Токарева Е.В .бірігіп ҰОА ардагерлерін іздеу мен олармен кездесу кестесі құрылды ,Есіл ауданының Кәсіпкерлер палатасымен біріге отыра .
«Ветеран живет рядом» мен «Георгиевская ленточка» акциясы балаларлға өте ұнады.Ардагерлермен кездесу үшін сұхбат алу түрі таңдалды .

Ауган –батырларына естелік кезегі .


Ақпан айында пән мұғалімдері Полюх Н.Р. пен Бегалин В.Р .пен бірігіп жоғарғы сынып көшбасшылары 8-11 сынып оқушылары үшін «Уходили парни из Афгана» тәрбие сағатын өткізіді . Шараға Ауған жауынгері Радченко О.П. шақырылды.
«Мен көшбасшымын»+ «Жұлдызды шоу»+ «Видеобум»
8 наурыз қарсанында мектептің өз бетімен басқаруымен келесі жұмыс дайындалды және өткізіді :
-10 сынып залды безендіруде көмектесті ;
-5-11сыныптар құттықтау газеттерін шығарды ;
-4-11сыныптар мерекелік концерт өткізу .
Концертке тек ұл балалар,жігіттер мен ерлер қатысты . Залдағы көрермендер жақсы көніл күймен тарады .
Сондай-ақ наурызда ,наурыз тойлану қарсанында , мерекелік «Бір шанырақ астында» концерті ұйымдастырылды .
Жоғарғы сынып белсенділері кітапханашы В.С .Лушинамен бірлесіп «Кто живет у нас в портфеле» рейдін өткізіді ,1-4сыныптар арасында оқулықтардың сақталуы бойынша тексеруге бағытталған .
«КВН» жобасы .
Наурыз –сәуірде мектептің өз бетімен басқаруымен 8-11сыныптар арасында ұйымдастыру жұмысы жүргізілді , аталмыш жобаны жанжандыруға бағытталған . Көшбасшылар Кеңесінде мектептің КВН командасын құру үшін мектептік КВН өткізілуі туралы шешім қабылданды . Алайда бұл шара іске аспай қалды ,балалар аудандық және облыстық сайыстарға дайындалғандықтан .
«Сұнқар» ББҰ дәстүрлері :
Орта буын оқушыларының ата-аналары арасында сауалнама өткізгеннен кейін ,мектептегі барлық өзгерістер ол туралы пікірлерін түгелдей өзгертті :
- 56 % ата-ана олардың балалары өз ойын еркін білдіретін болғанын айтты, күлкілі және түсініксіз болудан қорқуды қойды ,аталмыш өзгерістер оның эмоцияналды –психологиялық жағдайына оң әсер етті деп есептейді ;
- 67% өткізілетін шаралар ,жасөспірімдердің өздерін дамытуы мен жүзеге асыруына ықпал етеді деп есептейді ;
- 80 % топпен жұмыс жасау, балалар өздері қалыптасып ,қойылған міндеттерді шешуден рақаттанады ,өздеріне деген сенім артады ;


  • 78 % оқушыларды оқытуда мен тәрбиелеудегі аталмыш тәсіл ,мектептегі қазіргі заман білім жүйесі туралы пікірлерімен толықтай сәйкес келеді.

СӨС
ҚР Президентінің « Қазақстан жолы-2050» жолдауына сәйкес : «Ортақ мақсат,ортақ мүдде ,ортақ болашақ» ,ҚР денсаулық сақтау Мемлекттік бағдарламаның жоспар шараларын жүзеге асыру аясында .


«Салауатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға және ҚР ДМ «СӨС қалыптастыру мен аурулардың алдын –алу бойынша шаралар өткізу туралы» бұйрығы бойынша келесі жұмыс жүргізілді :


  1. Жасөспірімдер мен жастардың өздері туралы пікірлерін қалыптастыруы мақсатында ,қатарларының қысымына қарсы тұру дағдыдарын дамыту, есірткіге қарсылықты ,алкогольді ,табакті :

-тақырыптар бойынша врач венеролог Ю.Н. Языковпен кездесу ұйымдастырылды :


«Жыныстық аурулардың алдын –алу» , «ВИЧ инфекция мен тері ауруларының алдын алу».
- 8-11сынып оқушыларымен наркотесттер өткізілді :

Барлығы 48 жасөспірім –сынақтан өтіп, есірткі мен құрамында есірткісі бар заттарды қолдану нәтижесі –теріс .

- мектептің психологы Щекина Н.В. ПАВ қолдануға бейімділік диагностикасын өткізді (8-11c.). Сауалнама нәтижелері бойынша отбасындағы қарым -қатынаста ата -аналар мен балалар арасында тұрақсыздық қауіпсіздігі бар- 2 % ,ПАВ қолданудың зияны туралы – 100 % біледі, ПАВ қолдану қатері жоқ -100% . Әр диагностика нәтижелері бойынша қатер тобы анықталды , онымен түзету жұмыстары жүргізіліп,жеке жұмыс ,әңгіме мен тренингтер кестесі құрылды .

- 8-11 сынып оқушылары үшін «СПИД –ВИЧ –это я знаю?» тренингі өткізілді .

Оқу жылы бойы оқушылармен СПИД пен нашакорлықтың алдын алу бойынша сыныптық , сонымен қатар жалпы мектептік шаралар өткізілді :

ролдік ойындар , тренинг-жаттығулар,сынып сағаттары ,үгіт бригадалары,әңгімелер ,лекциялар ,акциялар ,алдын алу апталықтары өткізіледі : «Денсаулық апталығы» , «Денсаулық фестивалі» , « СПИДпен күрес Күні» , алкогольден бас тарту Күніне шаралар ,мектеп оқушыларының тақырыптық сауалнамалары .


2 .Жасөспірімдердің ерте жүкті болуының алдын алу мен ерте жыныстық қарым қатынастың зияны туралы ақпарат алу мақсатында ,8-11 сынып оқушыларымен Есіл ОАА врач- генекологы мына тақырыптар бойынша лекциялар оқыды : «Жасөспірімдер ерекшеліктері , жеке бас тазалығы , гинекологиялық аурулардың алдын алу».
3. Біздің заманымыздың қауіпті және көп тараған ауруларының бірі туберкулез .Жыл сайын « Өзінді туберкулезден сақта » ұранымен ақпараттық жұмыс жүргізіледі. 8-11 сынып оқушылары үшін «Туберкулез : оның себептері мен жұғу жолдары » тақырыбында лекциялар ұйымдастырылды , оны Есіл ОАА дәрігері Жагопарова өткізіп , балаларға тақырыптық буклеттер таратылды .
4 . Салауатты өмір салтын үгіттеу мен ҚР Үкіметінің «Салауатты өмір салты туралы жынтық бағдарламасы » Жарлығын жүзеге асыру мақсатында «Человек в виртуальном пространстве» деректі филмі көрсетілді ,көру барысында балалар Ғаламтор әлеуметтік желілер мен компьютерлік ойындар шамадан тыс уақыт өткізу адамның дене және психологиялық денсаулық жағдайына кері әсер ететінің ұғынды .
5. Денсаулық негізі -дұрыс тамақтану екені ешкімге де құпия емес , сондықтанда биыл сәуір айында ,дұрыс тамақтанудың манызы туралы мектеп қоғамдастығын хабардар болу деңгейін арттыру үшін, тақырыптық апталық өткізілді .

6.Алдын алудың маныздылығы туралы ақпараттандыру мақсатында және онкологиялық ауруларды ерте анықтау үшін скринингтік тексерістерді уақытында өту жолдары арқылы денсаулықты сақтаумен денсаулықты нығайту үшін меджұмыскер Выскорко А.Д. мен мектеп жұмыскерлері слайд-лекциялар өткізілді .


Мектептің меджұмыскері ВыскоркоА.Д. келесі жұмыстарды атқарды:


  • аурулардың алдын алу санбюллетеньдері дайындалды :туберкулез ,гепатит ,А мен В, ОРЗ ,тұмау ,ОРВИ, қызылша және т.б;

  • филолог мұғалімдермен бірігіп мына тақырыптарды диктанттар өткізілді:

«Здоровое питание» , «Туберкулез» , «ОРВИ» , «Грипп»;


-мектеп сандружиналарымен алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту жүргізілді ;

- жарақаттың алдын алу бойынша тақырыптық әңгімелер;


- ата -аналар қоғамдастығымен инфекциядан сақтану шаралары бойынша сауалнама өткізілді ;
- Есіл аудандық поликлиникасының жұмыскерлерімен біріге отыра мектеп оқушыларының толықтай медициналық бақылауы өткізілді ;
-жоспар жұмысына сәйкес алдын алу екпелері жасалынды.
Құқықбұзушылықтың алдын –алу.
Мектептің тәрбие жүйесінің жұмысында жасөспірімдер қылмысының алдын алу мен болдырмауға бағытталған жұмыс ерекше орын алады, сондай –ақ кәмелетке толмағандар мен олардың ата аналарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында .Бұл жұмыс әлеуметтік қорғалмаған халық жіктері ,патронат пен қамқорлық ,ПДН да есепте тұрған балалармен, барлық педагогикалық ұжыммен құқық қорғау органдарымен тығыз ұштаса отыра ,жыл бойы жүргізілді. Биылғы оқу жылы ПДН есебінде 4 отбасы мен 10 оқушы тұр.
Мектептің алдын алу жұмыстары келесі :
- есепте тұрған барлық балаларға арналған сынып жетекшілері толтыратын , бақылау күнделіктері бар .Балалардың сабаққа қатысуы бақыланады , сыртқы келбеттері мен сабақ үстіндегі және үзіліс кезіндегі тәртіптері бақыланыды.
- жыл бойы мектепішілік бақылауда және ЮП есепте тұрғандардың отбасыларын аралау ,ата -аналық міндеттерін орындалуын бақылау мақсатында .Комиссияға мектеп директоры Челюбеева Е.,директорлың ТЖ бойынша орынбасары Сорокина Е.В., әлеуметтік педагог Негрова А.Н., бастауыш буын психологы Дюсембаева Н.Г.,жоғарғы буын психологы Щекина Н.В , сынып жетекшілері енді .
- қатер тобындағы оқушылар әрқашан психологтар бақылауында,олармен әлеуметтендіру деңгейін көтеру мақсатында тренингтер өткізіледі , жағымды көңіл күй мен оң эмоцияларды қалыптастыру .
- есепте тұрған балалармен ,барлық бағыттар бойынша үздіксіз жеке жұмыс

жүргізілуде ,ол тәрбие денгейін жақсарту мен құқықбұзушылықтың алдын

алуға көмектеседі .

- қатер тобына жататын және девиантты тәртіп балаларымен жұмыспен

бірге ,олар оқитын сыныптармен де алдын алу жиынтық жұмысы өткізілді .

Солай , мысалы , құқықбұзушылықтың алдын алу мен оқушылар үшін

құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында әкімшілік полиция

бастығының орынбасары полиция майоры Аблаева Алена Усиевнамен

кездесу ұйымдастырылды .Ол оқушыларға тәртіп сақтау ережелерін сақтау

қажеттілігі ,жасаған қылмыс үшін жауапкершілік пен жазалау шаралары

туралы лекция оқыды .
- хатпен танысып және жасөспіріммен қатыгездік туралы видеоны

тамашалаған соң ,келесі шаралар өткізілді: видеоны тамашалады ,танитын

тұлғалар болған жоқ ; сынып сағаттары «Толерантность к друг другу»

тақырыбында сынып сағаттары ;жоғарғы сыныптар(9-11) «Скажем насилию

НЕТ» тренингіне жиналды , оған видеоролик көрсетілу ,шағын лекция мен

тренинг бөлімі енді


-Республикалық қоғамдық кампаниясын өткізу аясында ,бейберекетке

шыдамдылықты жоюға бағытталған ,оқу жылы бойы шұғыл алдын –алу

«Подросток» шарасы өткізілді . Балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта

ойын -сауық орындарында және үйден тыс жерлерде үлкендерсіз жүруін

болдырмау мақсатында қала көшелеріне ,вокзалға, Космонавтов ауданына ,

аурухана қалашығы ауданы мен стадионға кезекшілік патрульдері

ұйымдастырылды .Кезекшілік патрульдерінің құрамына мектеп педагогтары

енді: Негрова А.Н.-әлеуметтік педагог ,психолог , Исаев А.А. –информатика

мұғалімі ,9 А сынып жетекшісі ,Конева А.В. –математика мұғалімі ,7 сынып

жетекшісі ,Полюх Н.Р. –тарих мұғалімі ,9 Бсынып жетекшісі, Шепель Л.В.

математика мұғалімі ,6 А сынып жетекшісі сонымен қатар АІІБ

қызметкерлері: Бирюков Д.А ., Султанов Ж.К. участковый инспектор ,

Кансеитов ГДПП , Исмагулов М.Т. УИП. Патруль барысында ,ешқандай

заңбұзушылық тіркелген жоқ .

- Құқықтық мәдениетті арттыру мен оқушыларла демократиялық қоғамдағы

қажет дағдыларды қалыптастыру мақсатында ,мемлекеттік рәміздерді

құрметтеуге тәрбиелеу ,мектепте оқушылар ,ата аналар мен педагогтар үшін

құқықтық жалпыоқу ұйымдастрылды .

Әрі қарай ,психолог кабинетінде ,девиантты тәртіпті баланың әрқайсысымен

терең әңгіме жүргізілді .

Щекина Н.В. алтыншы сыныптарда ,жанжалдық деңгейді анықтауға тест

өткізілді .Пайыздық қатынаста келесіні көрсетті :




  1. адам – 11,5 %–жанжалдық деңгейі орташадан жоғары;

11 адам – 42 ,3%–жанжалдық деңгейі орташаға жақын ;




  1. 12 адам – 46 ,1%–жанжалдық деңгейі орташа;

Зерттеу нәтижелері бойынша « Практика решения конфликтов» тақырыбында әңгіме жүргізілді ,сонымен басқыншылық пен қатар мазасыздық деңгейін жоюға тренинг өткізілді ,топ арасында сенімділік қарым- қатынас орнату, айналадағылармен қатынас пен әлеуметтендіру жарамды өз қажеттіліктерін қанағаттандыру іздеу ,балалардың «Мы открываем себя друг другу.» реніштерінің психологиялық тузетуі.

- Мектептің барлық оқушыларының эмоционалды денсаулығын қорғау мақсатында үнемі әртүрлі тақырыптарда орта буын мен кіші буындарға тренингтер өткізіледі . Балалар қуана қуана оларға қатысады.
- Балалар құқығы туралы Конвенциясындағы балалардың құқықтық мәдениетін негізгі заңдармен таныстыру арқылы қалыптастыру мақстында, «Конвенция о правах ребенка» сынып сағаты ұйымдастырылды . Оқушылар тек негізгі заңдармен ғана емес , өздерінің тікелей міндеттерімен де танысты. Сынып сағаттары шағын лектория түрінде өткізіліп ,қосымша видео слайдтар тамашалануы мен ойындар ойналды .
- Кәмелетке толмағандардың үйден өз еркімен кетіп қалуын болдырмау мақсатында өткізілді :

1. Сыныптық ата- аналар жиналыстары «Мой дом и все кто в нем» тақырыбында , онда ата -аналарға жанұядағы жылы қарым- қатынас пен барлық отбасы мүшелерімен cенімділіктің маныздылығы туралы айтылды .


2 . 2-4 сынып балалары арасында «Моя семья» әдістемесі бойынша бала ата аналық қатынас орнатуға практикум өткізілді .
3. Орта буын оқушылары (5-8 сынып ) үшін мектеп психологы «Единство семьи» тренингін өткізілді .Балаларды отбасылық мәселелерді анықтау мақсатында бірнеше шағын топтарға бөлінілді . Балалар отбасының бірлігі мен туыстық бірлікті тәрбиелеуге жаттығулар орындалды .
- Семинар «Роль матери в воспитании ребенка» тақырыбында ВШК,ПДН есебінде тұрған және «қатер тобының» балаларының аналарына тренинг дайындалып ,өткізілді . Семинар барысында аналарға «Какая вы мать ?» тесті мен аналық махабатты анықтауға жаттығулар және бала өміріндегі ананың маныздылығын дамыту .
- Қатер тобының балаларымен және ПДН есебінде тұратын балалар үшін ,орта буын психологы тренинг әлементтерімен сабақ өткізіліп, онда балалар конструктивті жолдармен қақтығыстарды шешуге үйренді .
- Жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жалпы мектептік ата- аналар комитетін шақырып және Ювенальді Полициянының өкілдерінің қатысуымен кенейтілген алдын алу Кеңестері өткізілді . Онда балалардың және олардың ата- аналарының тәртіптері қарастырылды . Мектеп директорының кабинетінде ПДН есебінде тұрған Кежегуловтар ,Бондаренко , Юрусовтар отбастарымен, сонымен қатар МІБ есебінде тұрған Тимофеевтар отбасымен бірнеше рет әңгіме жүргізілді .
- 4 сыныптардың оқушыларымен «Самостоятельность и ответственность» тақырыбында әңгіме жүргізілді . Балалар «Оқу уақытында мобильді телефондармен пайдалану туралы» ахуалмен таныстырылды және « Қылмыс қатысушысы немесе құрбаны болмау керек» естелігімен . 1-11 сыныптарда «Қоғамдық жерлерде өздерін ұстау ережелері» тақырыбында алдын алу әңгімелері жүргізілді .Бірінші сынып оқушылары үшін мұғалім Омарбекова А.Б. дайындаған «Один дома» викторинасына қатысты .
ПДН есебі мен МІБ тұрған оқушылармен ,алдын алу жұмысын қорытындылай отыра , айта қетуге болады :
- Өткен жылы Куантаев Чингиз ,Парубочего Владислав , Дроздова Анна мен Лащенко Владислав тәртіп бұзған жоқ . Балалар өздерін жақсы ұстап,ескертулер алған жоқ . Сабақтардан қалмай , мектеп шараларына қатысып , әсіресе Куантаев Чингиз , мектеп пен сынып өміріне белсенді қатысуда . Осылай ,мысалы , «Пираты карибского моря в поисках сокровища» ойын күніне қатысты . Соңғы жылы Чингиз жақсы жағына өзгерді .
Өткен жылы Парубочий Владиславтың сабаққа деген қарым қатынасы өзгеріп ,жауапкершілікпен қарайтын болды ,мұғалімдер мен сыныптастарымен өзін әдепті ұстайтын болды, тәуліктің қараңғы кездері далада кездестірілмеді, соған қарамастан әлі де сыныптан тыс қызмет оны қызықтыра қоймайды .
Дроздова Анна мен Лащенко Владислав жыл бойы өздерін бейтарап ұстады .

- Кенжегулов Абдимаулен мен Айдыль сабақты ешқандай себепсіз, көп қалдырды , бірақ тәртіп бұзған жоқ , қақтығыстық жағдайларда байқалған жоқ .


Бондаренко Сергей өткен жылы өзін жақсы жағынан көрсете алмады, мұғалімдермен қақтығысып үнемі балаларға тиісті .Бірнеше рет төбелестерде де байқалды ,Сергейдің анасы Фирсова Галина кез -келген жанжалда ұлын жақтайды .
-Юрусов Евгений 5 сыныптан бастап ,мұғалімдер мен де сыныптастырымен де қақтығысы көбейді , анасы да оның бағынбайтының айтты . Евгений түберкулездің жұқпалы түріне шалдыққан қарамастан ,дәрілерді ішуден бас тартады , анасы оны улап өлтіреді деген қауіппен . Жасөспірімдер ісі бойынша комиссиясында бала дөрекі мінезімен бәрін таңғалдырды ,одан кейін Женя ПМПК жіберілді . Оның нәтижесі бойынша , F 91.3 диагнозы қойылып ,психиатрда емделу ұсынылды .Психиатр дәрілер жазып берді ,оларды Евгений ішпейді . Төртінші тоқсан бойы Евгений мектепке келген жоқ өйткені оқығысы келмейді .Үйіне бірнеше рет барғанның өзі ешқандай нәтиже бермеді . Мектепке тек қана үйіне барып ,желкелеп әкелген де ғана келеді .
- Островский Вадим екінші мектепке бірінші мектептен қаңтар айында ауысты , жыл бойы оны мектепке келтіру үшін бірнеше рет тырысып, бірақ олар сәтсіз аяқталды . Вадим жарты жыл бойы мектепке мүлдем келмеді .Анасы мен әкесі оны жақтап ,соның сөзін сөйлейді.

Мектепішілік бақылауда үш бала тұр ол : Мускеев Альбек ,Тимофеева Анастасия мен Тимофев Виктор :


- Мускеев Альбек тәртіпті жиі бұзғаны үшін есепте тұр .Өткен жылы Альбек жақсы жағына өзгерді , ескертулер болған жоқ ,үлкендермен сыныптастарымен әдептірек ұстайтын болды .
- Тимофеева Анастасия мен Виктор сабаққа қатыспағандары тіркеуге қойылды .Аналарымен ,балалармен бірнеше рет алдын алу әңгімесі жүргізілгеннен кейін , балалар сабаққа жиірек келетін болды және сабаққа қатысып жұмыс жасайтын болды , бірақ әлі де сыныпта тәртіпті бұзады..
Жалпы білім бағыты бойынша жұмыс .

Оқу үдерісі Республикалық «Дорога в школу» акциясының өткізілуінен басталды . Осы акцияның аясында оқумен қамтылмаған ,балаларды анықтау бойынша шаралар өткізілді .Мұғалімдер өз шағын аудандарын уақытында аралап ,түлектердің жұмыспен қамтылғаны туралы анықтама жиналды .Осы акция нәтижесі бойынша ,оқымайтын балалар тіркелген жоқ ,жалпы білім фондынан әлеуметтік қорғалмаған балалар тізіміндегі кейбір оқушыларға материмлды көмек көрсетілді .


Бекітілген шағын аудан аймағында 0ден 18-ге дейінгі жас аралығындағы балалар есебі үшін әр пәтерді аралау ұйымдастырылды .
Азқамтылған балалардың жаңа толық тізімі құрылды және бекітілді ,жалпыбілім бағыты бойынша материалды көмек қажет . Оқу жылының басында ол 64 баланы құрады , оның 5 патронатта ,6 қамқорлықта. Күнделікті олардың мектеп асханасында ақысыз тамақтануы қадағаланды.

Бұлан басқа қайырымдылық акцияларыда өткізілді , оның барысында әртүрлі көмек көрсетілді :


- 2014 жылдың 28 қазаны мен 2015жылдың 15қаңтарында мектепте кезекті «Забота» акциясының этаптары өткізілді . Кез -келген адам киім-кешектерін әкеліп береді , мұқтаждарға көмек бере үшін.Балалар өздеріне ұнайтын және көлемі келетіндерін таңдап ала алады .
- Осы жылдың ақпан айында ұйымдастырушылары жастардың «Жас Отан» қанаты «Нұр Отан» партиясы мен «Есіл ауданының жастарының ресурсты орталығы» болып табылатын «От чистого сердца» акциясы өтті. Аталмыш акция мақсаты халықтың әлеуметтік қорғалмаған салаларының ,жетім балалар мен көп балалы отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету болып табылады. Осыған орай мектепте бір ай бойы халықтың аталмыш салаларына қайырымдылық көмек түрінде : 20 бала жылы киім алды ,аяқ киім мен оқу құралдарын .Әр балаға сәйкес өлшем таңдалып ,киім таңдаудағы талғамдары есепке алынды .
- осы жылдың ақпан айында «20 добрых дел» акциясы бойынша Юрусовтар отбасына көмек көрсетілді .Аталмыш отбасы халықтың әлеуметтік қорғалмаған саласына жатады және материалды көмекке мұқтаж. Біздің мектепте үш бала оқиды –Юрусов Евгений ,Юрусова Карина мен Юрусова Алина .Анасы -жалғыз басты Анна Евгеньевна ,кенже қызы Юрусова Ларинаның күту бойынша декреттік демалыста . Бұл отбасы көп балалы болғандығына байланысты ,анасында тұрақты табысы жоқ, біздің ауданның акиматы 6 тонна көмірмен қамту түрінде көмек ұсынды . «Есіл- Дән» ШЖБ Ростовская 3-3 мекен- жайы бойынша отынды жеткізіп қана қоймай ,үй иесіне оның үйіне дейінгі жолды тазартуға көмектесті .
- «Билетик в кино» . Наурыздың үші мен төртінде № 2 ОМ оқушыларына кинотеатрға тегін кіру мүмкіндігі берілді және де фильм таңдау қалаулары бойынша . Халықтың әлеуметтік қорғалмаған салаларынан 60 бала 8 наурыз қарсанына фильмдарды қызықтай алды . Оқушыларды жастарына қарай екі сеансқа бөлді :бастауыш сыныптар үшін «Хранитель снов» мультфильмі көрсетіліп , ал үлкенірек балалар фантастикалық «Малефисента» фильмін тамашалай алды . Барлық балалар Мафеева Галинаға осындай сыйлық үшін риза болды.
-осы жылдың күзі мен көктемінде , Аудандық Білім Бөлімі халықтың әлеуметтік қорғалмаған салаларының балалары үшін Астана қаласына тегін экскурсия ұйымдастырылды . Бірінші сыныптан оныншы сынып балалары біздің Республикамыздың астанасына екі күндік сапарда жақсы демалып , көтерінкі көңілмен қайтты .
Халықтың әлеуметтік саласының балаларымен ,ПДН есебі мен МІБ тұратын балалардың демалысын ұйымдастыру қызметі .
Биылғы оқу жылы оқушылар үшін ,қыркүйектің бірінші сенбісінде барлық балалар үшін Денсаулық күні ұйымдастырылды . Шараны өткізген дене тәрбиесінің мұғалімі Авакян С.М.,сурет мұғалімі Токарева Е.В. және ТЖ бойынша орынбасары Сорокина Е.В. ПДН есебінде тұрған ,балалар, Алексеенко Д.Кенжегулов А. , Бондаренко С., Парубочий В. Салауатты өмір салтына арналған ,флеш –мобта белсенді қатысты .
5-8 сыныптар арасындағы спорттық эстафетада Юрусов Евгений бірінші орынға иеленді және ол жалпымектептік жиылыста мадақтау қағазымен марапатталды .

«Менің денсаулығым- менің байлығым» суреттер сайысына қатысқандар Парубочиий Владислав ,Алексеенко Дмитрий мен Кенжегулов Айдыль ,жігіттер жүлделі орынларға ие болмаса да ,белсенді қатысқандары үшін мақтау қағаздарымен марапатталды .


- Демалыста дене тәрбиесінің мұғалімдері , балалардың қалаған ойындарын теннис ,баскетбол,волейбол ,немесе шахмат ұйымдастырып ,ойнатты . Көктемнің шуақты күндері қатер тобының ,МІб мен ПНД балалары үшін көңілді мәрелер өткізілді .
- Қамқоршы Күніне , қамқорлық пен патронаттық тәрбиедегі балаларға дөнгелек үстел ұйымдастырылды ,оған топтық жұмыспен қоса ,жеке де енеді.

- жасөспірімдердің қылмысының алдын алу мен салауатты өмір салтын үгіттеу мақсатында 2015 жылдың маусымда ,ПДН есебінде тұрған балалар, туристік Аулалық клуб слетына қатысты .




Мамандық бағдары
Әрдайым жоғарғы сынып оқушыларының алдында мамандық таңдау мәселесі тұрады ,ал кәзір ол қоғамдағы өзгерістерге байланысты ерекше өзекті . Көптеген жаңа мамандықтар туралы оқушыларда ақпарат аз , дәстүрлі мамандықтар да өзгерістерге ұшырауда . Бәрімізге анық ,еңбек нарығының сұранысы сияқты ,факторларды есепке ала отыра , мамандық тандау ,адамға деген кәсіптің талабы мен оның жеке ерекшеліктеріне , мамандықтың сәтті игерілуіне манызды жағдайы болып есептеледі ,еңбек қызметіне үйлесімді енуіне .

Жоғарыдағылар мен байланысты , мектептегі мамандық бағдарының жұмысының міндеттері болып табылады :

1 . Оқушыларға мамандық таңдауда шешім қабылдауға жан -жақты көмектесу ;
2. Жоғарғы сынып оқушыларының құндылықтарын , мүмкіндіктері мен қабілеттерін, өмірлік жоспарларын есепке ала отыра, өз бетімен саналы түрде таңдауды қалыптастыруға жәрдем беру .
Біздің мектепте оқушылармен жұмыстың негізгі бағыттары болып табылады :

- оқушыларды мамандық таңдау туралы ақпараттандыру ,оны алу жолдары мен ,еңбекпен қамтылу мүмкіндіктері , еңбек нарығында қажетті мамандықтарды үгіттеу ;


- ұжымдық және жеке ,психолог пен медициналық қызметкердің қатысуымен ,оқушылармен мамандық таңдау мәселесі бойынша кеңестер ;
Кәсіптік бейімділік пен қызығушылықтарды зерттеу әдістемесі (9сын,11сын)

Оқушыларымен ,келесі нәтижелерді көрсетті :


А )Адам –табиғат : 5%

Б )Адам –адам- 28 %

В )Адам –техника -32%

Г )Адам- таныс жүйе -29%

Д ) Адам - әдеби бейне -6%
- кәсіпорындарға экскурсия мамандықтармен танысу мен еңбекті ұйымдастыру мақсатында ;

- оқу орындары мен колледж өкілдерімен кездесуді ұйымдастыру ;


- мамандық бағдары бойынша стенд безендіру ;

- тақырыптық сайыстарға қатысу :

Осылайша 30.04.2015ж .9-11 сыныптарының оқушыларының арасында , Есіл аудандық «В поисках призвания» сайысы өтті ,өз бетімен мамандық таңдауға оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған ,жастар мамандық қызметтерін үгіттеуге. Командалар мамандықтар туралы видеороликтер мен музыкалық «Все профессии нужны , все профессии важны» тақырыбында таныстырылымдарын дайындады .9-11 сыныптар командалары 1орынға иеленді .
ТЖ
Өткен жылы біздің мектепте балалар жарақаттануы болған жоқ , өйткені

жыл бойы келесі жұмыс жүргізілді :

1 . Сынып сағаттары «Моя жизнь в моих руках» , «Береги себя и своих друзей», « Осторожность никому не помешает» және т.б. тақырыптар бойынша .Балалар қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықпен , алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерімен ,жолда жүру ережелерімен және т.б. таныстырылды .Сынып сағат барысында әртүрлі жағдайлар талданды ,тесттер мен мәселелер шешілді .

Бастауыш сынып мұғалімдері Токарева А.А. мен Байкова А.Т. Аудандық семинарда Жолда жүру ережесі бойынша сыныптан тыс шара өткізілді .

2 .Мектептік өз бетімен басқаруы «Детская служба спасения» Жобасы бойынша белсенді жұмыс жасайды .Жобаның жүзеге асуы әртүрлі мектептік , қалалық және аудандық шаралар арқылы жүреді .

3 . Қауіпсіздік негіздері және Өмір қызметі сағаттары жүйелі түрде өткізілді ,онда балалар қауіпті жағдайлары және оның алдын алу шараларымен танысты .


ТЖ бойынша директордың орынбасары : Сорокина Е.В.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет