«БІЛІМ және ӘДІСТЕМЕЛІК» оқу-әдістемелік орталығы
PDF ЖУРНАЛ. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
26
Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып, оның
тиімді әдіс- тәсілдерін жетілдіруге болады. Атап айтқанда:
- дарынды оқушыны дамытады, оқушылар шығармашылығын арттырады;
- оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, білім сапасын көтереді;
- пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады;
Жаңа технологияның арқасында оқушының белсендігі артып, жан- жақты
талдауға, өз ойын ашық айтуға, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір- түкпірінен
жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегіміз деп түсінуіміз керек.
Сын тұрғысынан ойлау- бұл кез- келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу,
бақылау, талдау, әр түрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни
тұрғыдан дамыту.Сабақта сыни тұрғысынан оқыту технологиясының
стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін
айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік
туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп
келеді.
Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып
жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан- жақты зерттей отырып, өз
сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе жаңа жүйенің құны
болмайды.
ІІІығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған
кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың
нәтижесі. Ал, бүгінгі күрделі жаңарулар тұсында балалардың шығармашылық
бастамасы басты нысанасы болып отыр. Баланың шығармашылық бастамасын
дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика
ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық ұғымы
мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болған. Ежелден-ақ
ойшылдарымыз Жүсіп Баласұғын, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырып, өз
еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп
отырған.
Достарыңызбен бөлісу: