Қосымша білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмаумен байланысты шектеу шаралары кезеңінде
оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы әдістемелік ұсынымдар 2020-2021 оқу жылында карантин шараларын сақтау жағдайында әр түрлі форматтағы оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында, сондай-ақ қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы сапалы білім беру қызметін көрсету үшін балаларға қосымша білім беру ұйымдарының (бұдан әрі-БҚББ ұйымдары) басшылары мен педагогтеріне көмек ретінде әзірленді.
2. Оқыту форматтары әр аумақтың бас санитарлық дәрігерінің шешімін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әрбір нақты өңірде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды негізге ала отырып, әртүрлі болады.
Қосымша білім беру ұйымдары келесі форматтарда жұмыс істейді:
1) қашықтық форматындағы сабақтар;
2) штаттық режимде жеке сабақтар (балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің өтініші негізінде);
3) штаттық форматта 15 адамнан аспайтын топтардағы сабақтар.
3. Дәстүрлі оқыту (штаттық форматта 15 адамнан аспайтын топтардағы сабақтар) – әрбір нақты өңірде санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайда санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, штаттық режимде оқыту процесін ұйымдастыру.
БҚББ ұйымдарының штаттық режимдегі жұмысы әр өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады.
4. Қашықтан оқыту - педагог пен білім алушы арасындағы тікелей байланыссыз қашықтан оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген оқыту процесін ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |