Білім және ғылым министрінің


-Параграф. Білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары



бет3/6
Дата05.05.2020
өлшемі146,43 Kb.
#65800
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
аттестат ереже

2-Параграф. Білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

69. Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) аттестаттауға дайындық және өткізу;

      2) аттестаттау комиссиясының қызметшімен әңгіме жүргізуі;

      3) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы.

      70. Аттестаттауды өткізуге дайындықты орган басшысының тапсырмасы

бойынша білім және ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың (бұдан әрі – аттестаттау органы) кадр қызметі, білім беру ұйымдарындағы жауапты қызметкер ұйымдастырады және ол келесі іс-шараларды қамтиды:


  1. аттестатталатын білім және ғылым саласындағы азаматтық

қызметшілерге қажетті құжаттарды дайындау;

  1. аттестаттаудан өткізу кестесін әзірлеу;

  2. аттестаттау комиссияларының құрамын айқындау;

  3. әңгімелесу өткізуге арналған сұрақтарды дайындау.

71. Аттестаттайтын органның кадр қызметі аттестаттауға жататын қызметшілерді алты ай ішінде бір рет айқындайды.

72. Аттестаттайтын органның басшысы аттестаттайтын органның кадр қызметінің ұсынымы бойынша бұйрық шығарады, онымен аттестатталатын адамдардың тізімі, аттестаттауды өткізу кестесі мен аттестаттау комиссияларының құрамы бекітіледі.

73. Білім беру ұйымының жауапты қызметшісі, аттестаттайтын органның кадр қызметі аттестаттаудан өткізу мерзімдері туралы оны өткізу басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей қызметшілерді жазбаша хабардар етеді.

74. Аттестаттауға жататын қызметшінің тікелей басшысы қызметтік мінездемені рәсімдеп, оны аттестаттайтын органның кадр қызметіне жібереді.

75. Қызметтік мінездеме аттестатталатын қызметшінің кәсіби, жеке басының қасиеттері мен қызметтік іс-әрекеті нәтижелеріне негізделген шынайы бағаны қамтуы тиіс.

76. Аттестаттайтын органның кадр қызметі аттестаттау комиссиясының отырысына дейін үш аптадан кешіктірмейтін мерзімде қызметшіні оған берілген қызметтік мінездемемен таныстырады.

77. Қызметші өзіне берілген қызметтік мінездемемен келіспеген жағдайда өзін сипаттайтын ақпаратты аттестаттайтын органның кадр қызметіне ұсынады.

78. Аттестатталатын қызметшіге аттестаттайтын органның кадр қызметі осы Қағидағаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын рәсімдейді.

79. Аттестаттайтын органның кадр қызметі жиналған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жібереді.

80. Аттестаттау комиссиясын аттестаттайтын органның кадр қызметінің ұсынысы бойынша аттестаттайтын органның басшысы құрады және комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем емес тақ санды құрайды.


     Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ішінен төраға және хатшы тағайындалады. Аттестаттау комиссиясының төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады.

81. Аттестаттау комиссиясының құрамына құрылымдық бөлімшелердің және аттестаттаушы органның кадр қызметінің басшылары, кәсіподақтың және ұйымды алқалық басқару кеңесінің өкілдері кіреді.

Аттестаттау комиссиясының болмаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
      Аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестаттайтын органның кадр қызметінің өкілі болып табылады, оны аттестаттайтын органның кадр қызметінің басшысы айқындайды.

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестаттау комиссиясының отырысына тиісті материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды және ол өткеннен кейін хаттаманы әзірлейді және рәсімдейді, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.

82. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

83. Дауыс беру нәтижелері аттестаттау комиссиясы мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең түскен жағдайда, аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

84. Аттестаттау комиссиясы мүшелері келіспеген жағдайда өз ерекше пікірін білдіре алады.

85. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды аттестатталатын қызметшінің қатысуымен өткізеді.

Аттестатталушы аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелді себеппен қатыспаған жағдайда оны аттестаттау мәселесін қарау комиссия көрсеткен неғұрлым кешірек мерзімге ауыстырылады.

      Аттестатталушы аттестаттауға дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда қайта аттестаттау тағайындалады. Мемлекеттік қызметші қайтадан дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда ол аттестатталмады деп есептеледi.

86. Отырыс барысында аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделейді, аттестатталатын адамды тыңдайды.

      Аттестатталатын адамға қойылатын сұрақтар кәсіби даярлық, іскерлік қасиеттер мәселелеріндегі оның құзыреттілігінің деңгейін анықтауға бағытталған.


  87. Аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі ұсынылған материалдарды зерделеп, аттестатталушымен әңгімелескен соң аттестатталушы қызметшіге осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын толтырады, содан кейін аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

2) қайта аттестаттауға жатады.

88. Ұйым басшысы лауазымындағы қызметкерді аттестаттауды өткізу үшін аттестаттау комиссиясын оны осы лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды тұлға құрады.

89. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Аттестаттау комиссиясы құрамына енген аттестаттаудан өтетін қызметші өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.

90. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш айдан кейін осы Қағидада айқындалған тәртіппен өткізіледі.

Қайта аттестаттауды өткізген аттестаттау комиссиясы келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

1) 10 - атқаратын лауазымына сәйкес келеді;



  1. 20 - атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.

91. Қызметші аттестаттау комиссиясының шешімімен таныстырылады.

92. Аттестаттау комиссиясының шешімдерін лауазымға тағайындауға құқығы бар тұлға бекітеді және оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен рәсімделеді.

93. Аттестатау комиссиясының бекітілген шешімдері қызметшілердің аттестаттау парағына енгізіледі.

94. Аттестаттаудан өткен қызметшінің аттестаттау парағы және оған берілген қызметтік мінездеме жеке ісінде сақталады. Ұйымның басшысы бекіткен аттестаттау комиссиясының шешімі де қызметшінің қызмет тізіміне енгізіледі.

95. Жүктілігі және босануы бойынша демалыстағы және бала үш жасқа толғанша оған күтім жасау үшін жалақысы сақталмайтын демалыстағыларды қоспағанда, барлық қызметшілер аттестаттауға жатады.

96. Қызметшілер азаматтық қызметте болған әр үш жыл өткен соң, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан кейін аттестаттаудан өтеді.

Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізіледі.

Бала күтімі бойынша демалыста жүрген қызметшілер қызметке шыққаннан соң алты айдан кейін аттестатталады.

Қызметшілерді аттестаттау олардың өтініштері негізінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін өткізіледі.

Осы Қағидаларға

1-қосымшасы

Нысан
__________________________________________________________________

(Аттестаттау комиссиясының атауы)
педагог қызметкердің біліктілік тестілеуге қатысуына

Өтініш

___________________________________________________________

(педагог қызметкердің аты-жөні, тегі, әкесінің аты, жеке куәлік бойынша толтырылады)

ЖСН ___________________________________________________________


Туылған күні, айы, жылы _______________________________________________________
Жұмыс орны ____________________________________________________

(облыс, қала, аудан)


Біліктілік санаты:
Қазіргі ________________________________________________________
Жоспарланған _______________________________________
Мамандығы _____________________________________________________
Мамандық бойынша оқу орнын аяқтаған жылы _____________________________
Мамандық бойынша еңбек өтілі _________________________________________
Тестілеу тапсыру тілі ________________________________________________
«Пәндік білім негіздері» топтамасының пәні _________________________________

«____» _______________ 20__ жыл

_____________________________

(қолы)


Осы Қағидаларға

2-қосымшасы

Нысан



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет