16
|
С.Аронұлының ел тарихы және адамгершілік-тәрбиелік туралы толғау өлеңдері
|
8-апта
|
2 б.
|
Коллоквиум
|
17
|
Сүйінбайдың философиялық мағыналы өлеңдері
|
9-апта
|
2 б.
|
Тест
|
18
|
Сүйінбай- ақындық поэзиядағы авторлық классикалық айтыс жанры үлгілерін қалыптастырған ақын
|
9-апта
|
2 б.
|
Пікірталас
|
19
|
Майлықожаның толғау термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар
|
10-апта
|
2 б.
|
Семинар
|
20
|
Майлықожа мысалдарының гуманистік – эстетикалық ұлағаты
|
10-апта
|
2 б.
|
Тест
|
21
|
Майлықожаның айтыстары
|
11-апта
|
2 б.
|
Коллоквиум
|
22
|
Базардың көңіл-күй сырларына, халық тағдырына арналған толғау термелері
|
11-апта
|
2 б.
|
Реферат
|
23
|
Базардың «Мақпал егіз» дастаны: тарихилық-көркемдік шешім
|
12-апта
|
2 б.
|
Тест
|
24
|
Мұраттың түркі тайпалары, қазақ халқы атамекендеріне арналған толғауы
|
12-апта
|
2 б.
|
Коллоквиум
|
25
|
Мұрат өлеңдерінің жанрлық түрі: толғау, хат-өлең, тойбастар т.б.
|
13-апта
|
2 б.
|
Тест
|
26
|
Мұраттың жыршы-ақындығы және «Қарасай-Қази» дастаны
|
13-апта
|
2 б.
|
Семинар
|
27
|
Біржанның лирикалық ән-өлеңіндегі көңіл-күй, махаббат, озбырлықты сынау тақырыбының жырлануы
|
14-апта
|
3б.
|
Коллоквиум
|
28
|
Біржанның айтыстары
|
14-апта
|
3б.
|
Пікірталас
|
29
|
Ақансерінің лирикалық ән-өлеңіндегі азаматтық, сыншылдық, психологиялық көңіл-күй, махаббат тақырыптары
|
15-апта
|
|
Семинар
|
30
|
Сегіз сері Баһрамұлының лирикалық ән-өлеңдері, дастандары
|
15-апта
|
|
Коллоквиум
|
ОБСӨЖ 30 ұпай
|
15-сабақ, 8-апта
Сабақтың тақырыбы: Шортанбайдың дастандары
Бақылау түрі: Пікірталас
(2 б.)
Теориялық мәлімет. Шортанбайдың шығармаларының негізгі арқауы деп, оның жырларының ақылгөй, өсиетшіл келетінін айтқан жөн. Адамгершіл ақыл айтып, халықты түзу жолға салуды өзінің зор мақсаты санағандықтан болу керек. Ақын әр тұста терең толғап, өрнекті де, өнерлі сөз термелейді. Ақылдар айтады, нақылдар қалдырады. Шортанбайдың өлерде айтып кеткен өсиет сөздері де бар. Ол өсиеттерін қалың қазаққа, оның басшы адамдарына, ұл-қызына, кәрі-жасына арнайды. Өз атынан барлық қауымға сәлем жолдап, бақұлдасқандай болады. Бір мысал:
Сәлем айттым бәріне Бауырлас туған ініме,
Қызмет етіп жүріңдер Жұрт тамаша болушы еді,
Басшы, біткен кәріңе... Жалғыз ауыз сөзіме,
Дүние ыстық көрінді,
Құрғыр менің көзіме...
Ақын 1881 жылы қазіргі Қарағанды мен Жезқазған облыстарына қарасты Шет ауданы жерінде қайтыс болды. Ол - өлерде үстіне ескерткіш орнатпауды, үлкен ас бермеуді тапсырып, оған шыққан шығындарды елдегі жоқ-жітік, кемтарларға үлестіруді өсиет еткен. Ақын көз жұмғалы ғасырдан астам уақыт өтсе де, оны халық қастерлеп, шығармаларын жадында ұстап, қымбат мұра ретінде қадірлеп келеді. Шортанбайдың шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегіне кейбір жинақтарда баспа бетін көре бастады. 1882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның «Тар заман», «Опасыз жалған», «Байды құдай атқаны», «Атамыз Адам пайғамбар», «Өсиет-насихат сөздер», «Айттым сәлем», «Асан қожаға», т.б. енген. Қазан қаласының өзінен Шортанбай шығармалары әр түрлі атпен жарық көріп жатты. Оның шығармаларын, әсіресе, патша отаршылығына қарсы қауым, ұлттық тәуелсіздікті жақтаушылар, мұсылманшылықтың сойылшылары құшағын жая қарсы алды. Шортанбай кітаптарының негізгі сарыны олардың көкейіне бірден ұялады. Қаналып, тоналып, қорлық көріп жатқан басқа тәуелсіз халықтар да Шортанбай шығармаларына құлақтарын түрді. Өздерінің ойынан шыққан ақын сөздері жатталып, елге жайыла түсті.
Пікірталас сұрақтары:
Шортанбайдың шығармаларының негізгі арқауы.
Шортанбай шығармаларының лейтмотиві.
Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны.
Шортанбайдың шығармалары жинақтарда баспа бетін көруі.
Шортанбай – XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алыуы.
Шортанбайдың ежелгі түркілік – мұсылмандық, сопылық әдебиет дәстүрі /Қ. А. Яссауи, С.Бақырғани. т.б./ тағлымында қалыптасқан ақын екендігі
Шортанбай – патшалық отарлау саясатын әшкерелеуге реалистікпен жырланған сыншыл, ойлы суреткер ақын.
Шортанбайдың «Зар заман» толғауы.
Шортанбайдың адамгершілік, тәрбеи қағидаларын уағыздаған толғаулары.
Шортанбайдың өмірі жайлы деректер
«Атамыз – Адам пайғамбар,...» толғауындағы негізгі сарын.
Тест тапсырмалары:
1. Түркістанды, Арқаны мекен еткен ақын
А) Шортанбай
В) Сүйінбай
С) Абай
Д) Иассауи
Е) Шернияз
2. “Адамның жалған дүниесі”, “Қалықтаған сұңқар ем” өлеңдерінің авторы
А) Шортанбай
В) Сүйінбай
С) Майлықожа
Д) Дулат
Е) Шернияз
3. Патшалық отарлау саясатын реалистікпен жырлаған ақын
А) Шортанбай
В) Майлықожа
С) Сүйінбай
Д) Шөже
Е) Махамбет
4. “Зар заман” толғауына баға берген кемеңгер ғалым, жазушы
А) М. Әуезов
В) С. Мұқанов
С) Ғ. Мүсірепов
Д) Ғ. Мұстафин
Е) С. Сейфуллин
16-сабақ, 8-апта
Сабақтың тақырыбы: С.Аронұлының ел тарихы және адамгершілік-тәрбиелік туралы толғау өлеңдері
Бақылау түрі:Коллоквиум
(2 б.)
3. Коллоквиум тақырыптары:
1. Ақын өмірінен мәлімет.
2. Ақын мұрасының жариялануы, зерттелуі.
3. Толғауларының тақырыптық мазмұны.
4. Айтыстары.
5. Көпшілігіне тән қасиеті.
6. Сүйінбай шығармалары – образды, сұлу, суретті жырлар.
7. Сүйінбай – халық батырларын үлгі етіп суреттеуі.
8. Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі.
9. Белгілі қазақ ақындарының бірі – Сүйінбай.
4. Тест тапсырмалары:
1.Сүйінбай Аронұлының туылған жылы.
А) 1822 ж.
В) 1820 ж.
С) 1810 ж.
Д) 1800 ж.
Е) 1830 ж.
2. Сүйінбайдың туып-өскен жері.
А) Қызылорда облысы.
В) Алматы облысы
С) Шымкент облысы
Д) Қарағанды облысы
Е) Өскемен облысы
3. Тезеек төремен айтысқан ақын
А) Жамбыл
В) Шортанбай
С) Орынбай
Д) Сүйінбай
Е) Шөже
4. “Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай,-”, деп толғаған ақын.
А) Орынбай
В) Жамбыл
С) Сүйінбай
Д) Шөже
Е) Майлықожа
5. 1975 жылы “Жазушы” баспасынан Сүйінбайдың қандай жинағы жарық көрді?
А) “Ақберен”
В) “Алдаспан”
С) “Ай, заман-ай, заман-ай”
Д) “Үш ғасыр жырлайды”
Е) “Ақиық”
17-сабақ, 9-апта
Сабақтың тақырыбы: Сүйінбайдың философиялық мағыналы өлеңдері
Бақылау түрі:Тест
(2 б.)
Тест тапсырмалары:
1. Сүйінбайдың “Құсмұрын тастың үстінде”, “Жақсы болса ағайын” өлеңдерінің негізгі түйіні
А) адамгершілік тәрбиесі
В) ел тарихын жырлау
С) ел қорғаған батырлар туралы
Д) озбырлықты сынау
Е) еңбекке шақыру
2. Сүйінбайдың халыққа озбырлық жасаушыларды сынаған өлеңдері
А) “Зар жылатып момынды”, “Датқаларға”
В) “Жабай батыр”, “Жақсының тұқымына”
С) “Жақсы менен жаманның айырмасы”
Д) “Нақылдар”, “Жақсы болса ағайын”
Е) “Қарасай батыр”, “Өтеген батыр”
3. Сүйінбайдың адамның жас кезеңдеріне арналған өлеңдері
А) “Өмір ағысы”
В) “Нақылдар”
С) “Атекеге”
Д) “Датқаларға”
Е) “Жақсы болса ағайын”
4. Әдебиетке қазақтың сүре және түре айтыстары үлгілерін енгізген айтыскер ақын
А) Сүйінбай
В) Шортанбай
С) Жамбыл
Д) Орынбай
Е) Шөже
5. Қазақ поэзиясында дәстүрлі өнегелі мектеп қалыптастырған ақын
А) Сүйінбай
В) Шортанбай
С) Майлықожа
Д) Махамбет
Е) Шөже
6. Араб, парся, ежелгі түркі классикалық әдебиетімен жете таныс білімдар ақын
А) Сүйінбай
В) Шортанбай
С) Майлықожа
Д) Дулат
Е) Шөже
7. Сүйінбайдың айтыстары
А) Кескен кекіл, Тәті қыз
В) Айман, Гүлханым
С) Жаспелең, Жанболы
Д) Майлы, Базар
Е) Шернияз, Шортанбай
8. Бақтыбай ақынмен айтысқан ақын
А) Сүйінбай
В) Шортанбай
С) Майлықожа
Д) Базар
Е) Шөже
9. “Әйелдің нұр сипаты” өлеңін дүниеге келтірген ақын
А) Сүйінбай
В) Абай
С) Майлы
Д) Базар
Е) Махамбет
10. Тәті қыз Уәзипамен айтысқан ақын
А) Сүйінбай
В) Майлы
С) Шөже
Д) Кемпірбай
Е) Шернияз
18-сабақ, 9-апта
Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай- ақындық поэзиядағы авторлық классикалық айтыс жанры үлгілерін қалыптастырған ақын
Бақылау түрі: Пікірталас
(2 б.)
3. Пікірталас сұрақтары:
Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі
Толғауларының тақырыптық, идеялы мазмұны:
елдің тарихы, ел қорғаған батырлар туралы;
адамгершілік тәрбиесі туралы толғаныстары;
халыққа жәбір шектірген озбырлық жасаушыларды, сараңдарды, ұрыларды, екі жүзді опасыздарды сынаған толғаулары, өлеңдері;
әйелге, адамның жастық, кәрілік, жас кезеңдеріне арналған өлеңдері;
Сүйінбайдың «Тезекке тепсіну», «Болыстарға баға», «Төрелерге» толғауларының тақырыбы
«Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» толғаудың тақырыптық мазмұны жайлы
Сүйінбайдың арнау өлеңдері («Жұмыққа», «Сұраншыға», «Үмбетәліге», т.б.)
Тест тапсырмалары:
1. Сүйінбай шығармаларын зерттеушілер қанша салаға бөліп қарастырады?
А) 4
В) 2
С) 5
Д) 3
Е) 6
2. Сұраншы, Саурық, Сыпатай, Тотан, Бөлтірік, Жабай, Өтеген туралы жырлар шығарған ақын.
А) Жамбыл
В) Сүйінбай
С) Шернияз
Д) Дулат
Е) Шортанбай
3. Сүйінбайдың өлеңдері
А) “Жұмыққа”, “Кәрілік”;
В) “Қызғыш құс”, “Исатайдың сөзі”;
С) “Қоғалы көлдер, қом сулер”;
Д) “Шағырмақ бұлт жай тастар”;
Е) “Ұлы арман”;
4. “Жақсы мен жаман адамның қасиеттері”, “Құлқайырдай ағарды сақал-мұртым” өлеңдерінің авторы.
А) Жамбыл
В) Шернияз
С) Сүйінбай
Д) Дулат
Е) Шортанбай
5. Сүйінбайдың “Бөрілі менің байрағым”, “Қарасай батыр”, “Ту алып жауға шықсаң сеп” өлеңдерінің идеялық мазмұны
А) елдің тарихы, ел қорғаған батырлар
В) адамгершілік тәрбиесі
С) озбырлық жасаушыларды сынау
Д) адамның жас кезеңдерін суреттеу
Е) еңбекке шақыру
19-сабақ, 10-апта
Сабақтың тақырыбы: Майлықожаның толғау термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар
Бақылау түрі:Семинар
(2 б.)
Теориялық мәлімет. Қазіргі Шымкент облысы, Қызылқұм жерінде туып өскен. Әкесі Сұлтанқожа мұсылманша сауатты, шағын дәулетті, көзі ашық, діндар адам болған. Қожа деген даңқына лайық кәсіп еткен.
Майлы әуелі үйде, әкесінің үйретуімен сауатын ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп, заманына сай білімді адам дәрежесіне жеткен.
Майлы 14 жасқа толғанда әке, шешесі бірдей өліп, жеті жасар Есехан деген інісі екеуі жетім қалады. Тумысынан пысық Майлы жетімдікке бой алдырмай, басқа түскен ауыртпалықтарға қарсы тұрып, күнкөріс қамын жасайды.
Ақынның өз сөздеріне қарағанда, ол 20 жас шамасында сөзге араласып, өлең өнеріне беріле бастаған. Өз басының еркі өзіне тиген кезден бастап, ел ақындарымен кездесіп, сауық кештерге, ас берген жерлерге барып, ескі ел дәстүрі бойынша сөз өнеріне дағдылана берген. Кейін өзінің сауатын молайтып, жазба әдебиет өкілдерін, шығыс әдебиетін оқуға, оның кейбір үлгілерін жаттап айтып, таратуға мүмкіндік алған. Көрші елдерді, мәдениет орталықтарын аралап, мұсылман мәдениеті орталықтарында да болған. Бұқар, Самарқант, Ташкент сияқты қалаларда болып, көрші елдер өмірімен, шығыс мәдениетімен танысқан. Осындай оқуы мен тынымсыз ізденуіне байланысты ол тез жетіліп кеткен.
Майлықожа 1860 жылдары Сырдан Әулиеатаға келіп, Сыпатай батыр асында Сүйінбаймен кездесіп, онымен сөз қағысқан. Бұл жыр бірінші рет 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылды. Ақын Сыпатай асының бастаушысы боп жүрген Есім деген байдың құрметіне разы болмай, оны сынайды. Өлеңнің жалпы көлемі – 68 жол. Онда басқа рудан келген қонақтардың елеусіз, құрметтен тыс қалғаны сөз болады.
Дүние, өмір туралы Майлы өлеңдерінен көрінетін тағы бір шындық – ол ақынның өмірден түңілмейтіндігі. Ол өлімді күтіп жатып алуға қарсы. Тіршілік қамы әр кезде де керек. Ол – адамды ілгері жетелеп отыратын күш.
Ақын өзінің «Ажал бір келмес болсайшы» өлеңінде өлімге қарсы тіршілікті, жастық жігерді қоя жыр шертеді.
Майлы шығармалары - өлеңге қойылатын биік талаптарға жауап беретіндей әрі мәнді, әрі сәнді жырлар. Ақын негізінен нақыл термелер шығарып, өлеңнің осы бір түрінен шеберлік танытады. Өзі тұстас оқушылары мен тыңдаушыларына мәтелдеп, мысалдап, нақылды сөз айтып, өз ойын тайға таңба басқандай анық білдіруді мақсат етеді.
3. Бақылау сұрақтары:
Майлықожа шығармалары.
«Не жүйрік өтті дүниеден» өлеңі.
Майлықожаның толғаулары.
Майлықожаның кейбір толғаулары
Дүние, өмір туралы Майлы өлеңдері.
«Ескі мырза, манаптар, бегі, салы» атты өлеңі.
Майлы өлеңдерінің біразы қазақтың би, болыстарын сынауға арналуы.
Ақын өзінің «Ажал бір келмес болсайшы» өлеңі.
Тест тапсырмалары:
1. “Ажал бір келмес болсайшы” толғауын шығарған ақын
А) Майлықожа
В) Орынбай
С) Мәдәлі
Д) Шортанбай
Е) Сүйінбай
2. Майлықожаның адамзатты биіктікке, парасаттылыққа үндеген өлеңдері
А) “Райымқұлға”, “Ноғай мырзаға”
В) “Ілімге толсын көкірек”
С) “Ажал бір келмес болсайшы”
Д) “Тұрлыбекке”
Е) “Алдаберген байға”
3. Майлықожаның жақсылық пен жамандық қасиеттерді даралап көрсеткен өлеңдері
А) “Ілімге толсын көкірек”
В) “Ноғай мырзаға”
С) “Райымқұлға”
Д) “Дүние”
Е) “Алдаберген байға”
4. Майлықожаның “Тұрлыбекке”, “Ескі мырза манаптар бегі, салы” өлеңдерінің идеялық түйіні
А) адалдықты уағыздау, озбырлықты әшкерелеу
В) жақсылық пен жамандық
С) еңбекке баулу
Д) ерлікке шақыру
Е) фәни жалғанның өткіншілігі
20-сабақ, 10-апта
Сабақтың тақырыбы: Майлықожа мысалдарының гуманистік – эстетикалық ұлағаты
Бақылау түрі:Тест
(2 б.)
Теориялық мәлімет. Майлы Шығыс әдебиетімен танысып қана қоймай, оны қазақ тіліне аудару әрекетін де істеген. Діни қиссалар сюжетіне дастан жазумен де айналысқан. «Зархұм» үлгісінде «Абдолла бала» жырын шығарған. «Тотынаманы» өзінше, қысқаша толғаған.
Майлықожаның кейбір толғаулары баспа бетін ерте көрген. 1883 жылы Ташкент қаласында басылған «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинақта Майлықожаның бірнеше ұзақ толғаулары басылады. Олар – «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт» деп аталады. Ақының бұл өлеңдерінің жалпы мазмұны адамгершіл ұғымдағы ғибрат сөздер.
«Қасқыр» атты өлеңінде ақын өзі тойса да, көзі тоймайтын қасқыр мінезді жыртқыштар тобын сынайды. Қызғаншақтық пен ашкөзділік мінездерді әжуалайды.
Оңай байлыққа жетуді аңсау, қанағат қылмау – адамның бойындағы ең жаман қасиеттер деп ұққан ақын өзінің «Үш жігіт», «Аққу мен қу» толғауларында осы жұғымсыз мінездерді сынайды.
Майлының «Тотынама» толғауы да мысал сөз үлгісіндегі шығарма.
Майлықожа елдің ауыр тұрмысын, халықтың басына түскен қиыншылықтарға, жұт болған ауыр жылдар қасіретіне көптеген өлеңдер арнаған. Әсіресе, қоян жылғы аштық пен қиыншылық, шаруалар күйзелісі ақынды мықтап толғантады.
Майлы өлеңдерінің біразы қазақтың би, болыстарын сынауға арналады дедік. Мысалы, ол өзінің «Ескі мырза, манаптар, бегі, салы» атты бір өлеңінде үстем тап өкілдерін өлтіре сынайды. Олардың ұрылар жұмсап, арамнан жеп, халықты аяусыз тонап жатқанын әшкерелейді.
Ақын түсінігінше, әйелдің өмірдегі орны өзіне бөлек. Оларды ескермеуге болмайды. Үй құты, өмір көркі, семья сәні, жігіт қызығы – жақсы әйел. Әр үйдің ырысын молайтатын да, ер азаматтың даңқын зорайтатын да сол шаруаға жақсы, сыпайы, көркіне сай жан жары болмақ. Бірақ әйелдердің де «жақсы», «жаманы» бар. Олар да ерлер сияқты екі топқа бөлінеді. Әйелдің жақсылығы тек көркінде ғана емес, ісінде, адамгершілігінде, ақылы мен өнерінде. Жақсы әйел жігітке шын серік, сарқылмас ырыс.
Майлы шығармалары халықты адал еңбекке үндеуден жалықпайды. Ол адам өмірін жан-жануарлар тіршілігімен ұштастыра мысалдап жырлайды. Мысалы, «Бұлбұл» өлеңінде ақын еңбек үшін табыс тауып, қыс қамын жасар шақ жаз күндерін босқа қызықтап өткізіп алмаудың керек екенін қатты ескертеді.
Ақын өзінің «Не жүйрік өтті дүниеден» өлеңінде тіршілік өмірдің баянсыздығын, дүниеге келген адамның өлмесі де қақ болатынын түсіндіре келіп, санаулы күнді босқа өткізіп алмауға, мүмкін болғанынша оны маңызды, мазмұнды, қызғылықты өткізе білуге шақырады.
Тест тапсырмалары:
1. Шымкент облысы, Қызылқұм жерінде туып-өскен ақын.
А) Майлықожа
В) Сүйінбай
С) Жамбыл
Д) Шернияз
Е) Орынбай
2. Майлықожаның өмір сүрген кезеңі?
А) 1835-1898
В) 1830-1890
С) 1800-1865
Д) 1850-1900
Е) 1815-1875
3. 1860 ж. Сыпатай батыр асында Сүйінбаймен сөз қағыстырған ақын?
А) Жамбыл
В) Орынбай
С) Майлықожа
Д) Шернияз
Е) Шортанбай
4. “Райымқұлға”, “Қасқыр”, “Ноғай мырзаға” толғауларының авторы
А) Жамбыл
В) Майлықожа
С) Сүйінбай
Д) Орынбай
Е) Шортанбай
5. “Тотынама” жырының жанры.
А) Арнау
В) Поэма
С) Мысал үлгісінде
Д) Лирика
Е) Сатира
21-сабақ, 11-апта
Сабақтың тақырыбы: Майлықожаның айтыстары
Бақылау түрі:Коллоквиум
(2 б.)
Коллоквиум сұрақтары:
Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі, алған білімі туралы мәлімет
Шығармаларының жанрлық түрлері
Толғау, термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар;
Арнау өлеңдеріндегі адалдықты уағыздау, озбырлықты әшкерелеу;
Мысал өлеңдеріндегі бейнелеу, аллегория;
Майлықожа табиғат құбылыстарын, шынайы суреттерін, қазақ ауылының тұрмысы мен байланыстыра жырлаушы
Тест тапсырмалары:
1. Миайлықожаның мысал өлеңдері
А) “Қасқыр”
В) “Сары шымшық”
С) “Бозторғай”
Д) “Дүние”
Е) “Ноғай мырзаға”
2. Табиғат құбылыстарының шынайы суреттерін қазақ ауылының тұрмысымен байланыстыра жырлаған ақын
А) Майлықожа
В) Махамбет
С) Шернияз
Д) Шортанбай
Е) Сүйінбай
3. Майлықожаның табиғат құбылыстарын суреттеген өлеңі
А) “Жылдың төрт мезгілі”
В) “Тотықұс”
С) “Бұлбұл”
Д) “Қасқыр”
Е) “Үш жігіт”
4. Майлықожаның айтысқан ақындары
А) Айман, Гүлханым
В) Жаспелең, Жанболы
С) Уазипа, Тәті қыз
Д) Қаңтарбай, Күнбала
Е) Кескен кекіл, Бақтыбай
5. “Жөн білсең жолдасыңа жоба көрсет” деген өлең қай ақындікі?
А) Майлықожа
В) Сүйінбай
С) Абай
Д) Шортанбай
Е) Шернияз
22-сабақ, 11-апта
Сабақтың тақырыбы: Базардың көңіл-күй сырларына, халық тағдырына арналған толғау термелері
Бақылау түрі: Реферат
(2 б.)
Реферат тақырыптары:
1. Өмірі туралы мәлімет.
2. Толғау-термелерінің тақырыптық- идеялық мазмұны.
3. Дастандарындағы фольклорлық сипаттар.
4. «Сүйген жарыма», «Назарға» атты толғаулары.
5. «Үш ғасыр жырлайды» толғауы.
6. «Назекеңе», «Ғашық жарым», «Дүние», т.б. өлеңдерінің мәні.
7. XVIII-XIX ғасырлар ақындары шығармалары.
8. Базардың өлеңдері алуан салалылығы.
Тест тапсырмалары:
1. Қызылорда облысы, Қазалы жерін мекендеген ақын.
А) Майлықожа
В) Кенен
С) Орынбай
Д) Базар
Е) Жамбыл
2. Базар ақынның туып-өскен кезеңі
А) 1820-1900
В) 1800-1880
С) 1815-1905
Д) 1830-1910
Е) 1839-1911
3. “Мақпал-Сегіз”, “Айна-тарақ”, “Әмина қыз” толғау-дастандарын шығарған ақын.
А) Сүйінбай
В) Базар
С) Майлықожа
Д) Орынбай
Е) Кемпірбай
4. “Екі ауылдың арасын
Қиқулатқан жиырма бес,
Бұғаулықсыз асауды
Құр-құрлатқан жиырма бес...”-деген жыр жолдары қай шығармадан алынды?
А) “Жиырма бес”;
В) “Жігіттік”;
С) “Ғашық жырым”;
Д) “Дүние”;
Е) “Назарға”;
5. Базар өлеңдерін көрсетіңіз.
А) “Жұмыққа”, “Кәрілік”;
В) “Жігіттік”, “Жиырма бес”;
С) “Бәйтікке”, “Ерден батырға”;
Д) “Арайна”, “Мұңайма”;
Е) “Ақтан жас”, “Еспембет”;
23-сабақ, 12-апта
Сабақтың тақырыбы: Базардың «Мақпал егіз» дастаны: тарихилық- көркемдік шешім
Бақылау түрі: Тест
(2 б.)
Тест тапсырмалары:
1. “Айна-тарақ”, “Әмина қыз”, “Мақпал-Сегіз” дастандарын тудырған ақын
А) Базар
В) Мұрат
С) Дулат
Д) Сүйінбай
Е) Шөже
2. Базар ақынның сатиралық өлеңдері
А) “Келдім де түсе қалдым өзімсініп”
В) “Дүние қудым”
С) “Түбі туыс байтақ ел”
Д) “Айна-тарақ”
Е) “Ел жақсылары”
3. Базардың көңіл-күйдің алуан сырларын айшықтайтын философиялық толғаныстары
А) “Құмарын тарқат алқаның”, “Дүние қудым”
В) “Ел жақсылары”
С) “Әмина қыз”
Д) “Атасы жақсы қандай-ды”
Е) “Қаражан болысқа”
4. “Ғашық жарым” өлеңінің тақырыбы
А) сыршылдық, махаббат
В) табиғат
С) адамгершілік
Д) озбырлық
Е) сыншылдық
5. “Ел жақсылары”, “Атасы жақсы қандай-ды” өлеңдерінің негізгі идеясы, түйіні
А) халық тағдыры
В) махаббат
С) табиғат
Д) көңіл-күй
Е) озбырлық
6. Базардың “Әлің де сенде арман жоқ”, “Дүние қудым”, “Өсиет” толғауларының тақырыбы
А) халық тағдыры
В) сыршылдық, махаббат
С) табиғат
Д) сатира
7. Мырза менен сараңды
Өлшестіріп қарасақ,
Ылди мен зәулім асқардай,...-деген үзінді Базар ақынның қай шығармасынан алынды?
А) “Жігіттік”;
В) “Жиырма бес”;
С) “Әр нәрсенің нарқы бар”
Д) “Дүние”
Е) “Ғашық жарым”
24-сабақ, 12-апта
Сабақтың тақырыбы: Мұраттың түркі тайпалары, қазақ халқы атамекендеріне арналған толғауы
Бақылау түрі: Коллоквиум
(2 б.)
Теориялық мәлімет. Мұрат - жезтаңдай шешен-жырау, төгілген ақпа ақын. Мұсылманша сауатты, дәуірінің алдыңғы қатарлы азаматы. Кең тынысты керемет шабыттың иесі. Халқының басына түскен замана ауыртпалықтарын көре де, көрсете де білген шынайы поэзия өкілі; елі, жері, халқы үшін қасірет шеккен саналы суреткер. Ел тарихын емірене жырлап, аруағы асқан ержүрек батырларының образдар галлереясын қалдырған шын мәніндегі эпик. Табан асты тамаша сөз тапқыш ақпа-төкпе, нағыз профессионал импровизатор. Заманасы артқан ауыр жүгін елімен бірге арқалаған ғажап қайрат иесі.
Ақын 1843 жыл Қазақстанның батыс өлкесіне қарасты Қызылқоға жерінде, Қарабау жайлаған беріш елінде дүниеге келді.Әкесі Мөңке - өз еліне аты мәлім дәулетті адам. Тайсойған, Қарабау жерлерін мекендеген Қаратоқай ұлыстарының белді биі. Мұраттың әкесі ерте өліп, ол ағаларының қамқорлығында өмір кешіп, ер жетті. Кейінірек Мұрат елі жұтқа ұшырап, өзі адай ағайындарына барып, жан сақтаған.
Мұрат - өзі өмір сүрген дәуірінің перзенті. Өскен орта, жасаған заман, қай ақынға да болсын алтын бесік, ұшар ұя талант талғамын, өнер өрісін, шығар биігін белгілейтін негізгі факторлар.
Мұраттың ақындық ортасын сөз еткенде, оны өсірген қоғамдық құрылыс, әлеуметтік тұрмыс, туған ел жұртының салт-санасы, өмір құбылыстарын қарастыра зерттеу керек.
Ата-баба дәстүрі мен ата мекенде өмір сүру, кең жайлау мүмкіндігі құрып бітіпті. Ақынның заман өзгерістері туралы түйіні осындай. Бұл қорытындыны Мұрат терең толғаныспен жырлай білді. Айтар ойын ашық та анық, әсерлі де әсем өлең жолдарымен кестеледі. Ақын шығармалары мәңгілік көркем туындылар қатарында кең тарап, қанша қысым көрсе де, ұмытылмай ел аузында сақталды. Ақын шығармалары кіші-гірім жинақ ретінде 1924 жылы Ташкент қаласында “Мұрат ақын сөздері” деген атпен Халел Досмұхамедұлының бастыруымен жарық көрді.
Мұраттың өлеңдерінде патша үкіметінің қазаққа жұмсаған саясаты айқын байқалады. Жақсы жерлерді тартып алып, ел қамын жегендердің қамалғаны, өлтірілгені анық айтылады.
3. Бақылау сұрақтары
Мұраттың “Айжарыққа”, “Есенғали болысқа” , “Есентемір Тұрабай болысқа”атты арнау өлеңдері.
Мұрат ақын шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі “Қарасай-Қази” жыры.
Мұраттың толғаулары.
Мұраттың ақындық мұраларының құнды бір саласы, оның лирикалары-арнау, хат, сын-сұқбат, ақыл-нақыл сарындас туындылары.
Қайым өлеңдерді
Тест тапсырмалары:
1. “Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Қазтуған” дастандарын дүниеге келтірген ақын.
А) Мұрат
В) Майлықожа
С) Базар
Д) Сүйінбай
Е) Дулат
2. Мұрат ақынның өмір сүрген жылдары?
А) 1843-1906
В) 1840-1900
С) 1830-1876
Д) 1820-1880
Е) 1800-1860
3. Жантөлі қызбен айтысқан ақын.
А) Жамбыл
В) Сүйінбай
С) Базар
Д) Мұрат
Е) Орынбай
4. “Қарасай-Қази” атты эпостық поэманың авторы?
А) Мұрат
В) Сүйінбай
С) Жамбыл
Д) Базар
Е) Майлықожа
5. XIX ғасыр әдебиетіндегі жыршы-ақын
А) Мұрат
В) Сүйінбай
С) Дулат
Д) Базар
Е) Біржан сал
25-сабақ, 13-апта
Сабақтың тақырыбы: Мұрат өлеңдерінің жанрлық түрі: толғау, хат-өлең, тойбастар т.б.
Бақылау түрі: Тест
(2 б.)
Тест тапсырмалары:
1. Мұраттың айтыстары
А) Жаспелең Жантолы
В) Айман, Гүлханым
С) Уәзипа, Тәтіқыз
Д) Күнбала, Кескен кекіл
Е) Бақтыбай, Асан бұғы
2. Мұраттың дастаны
А) “Қарасай-Қаси”
В) “Мақпал-Сегіл”
С) “Айна-тарақ”
Д) “Еспембет”
Е) “Әмина қыз”
3. Мұрат ақынның арнаулары
А) “Қыз”, “Боранбайға”
В) “Үмбетәліге”
С) “Атекеге”
Д) “Датқаларға”
Е) “Жүсіпқожаға”
4. Мұраттың халықтың озып-тозбауын аңсаған толғаулары
А) “Үш қиян”, “Қазтуған”
В) “Қыз”, “Өлім”
С) “Шора батыр”
Д) “Ақжонас батыр”
Е) “Боранбайға айтқаны”
5. Мұраттың “Сарыарқа”, “Әттең бір қапы дүние-ай” толғауларының тақырыбы
А) халықтың азып-тозбауы
В) көңіл-күй
С) сыршылдық
Д) табиғат
Е) махаббат
6. Мұрат Мұрын жырауға қанша батырлық жырды үйретті?
А) он төрт
В) он
С) тоғыз
Д) он бір
Е) он бес
7. “Қарадөң батыр”, “Жұбаныш батыр”, т.б. батырлық жырларды мұрынға қай ақын үйретті?
А) Мұрат
В) Дулат
С) Шортанбай
Д) Шернияз
Е) Махамбет
8. “Төгіс батыр”, “Тама батыр”, “Тана батыр” жырларын бізге жеткізген ақын
А) Мұрат
В) Мұрын
С) Дулат
Д) Шортанбай
Е) Шернияз
26-сабақ, 13-апта
Сабақтың тақырыбы: Мұраттың жыршы-ақындығы және «Қарасай-Қази» дастаны
Бақылау түрі: Семинар
(2 б.)
Теориялық мәлімет. Ақын қалдырған мұраларға көз салсақ, оның творчествосы кең арналы, сан-салалы білімді ақын тұрғысын танытарлық келеді. Оның шығармаларындағы негізгі сарын-таза халықтық әуен. Мазмұн жағынан бастан-аяқ ел мұңын, халық тірлігін көтерсе, түр, стиль жағынан фольклорлық сарынды сақтайды. Ақынның бала жастан алған тәлімі, көрген білгені, өмірден жіпке тізіп түйгендері-бәрі өзі өскен қазақтың қақ ортасынан тарамдалады. Бала жастан ел ақындары дәстүрінде тәрбиеленіп, халық ақындары қатарлы өсіп жетіледі. Халық творчествосы, ақындар поэзиясы болашақ ақынның талант көзін ашады.
Мұрат айтысқа тым ерте, 15-16 жастар шамасында түседі. Алғашқы айтыстары, басқа да көптеген дүниелері бізге түгел жеткен жоқ. Баспа бетін көріп жүргені тек бес-ақ айтыс: Жаскелең, Балаораз, Жантөле, Тыныштық, Ізім ақындармен айтыс, тіл қағыс, дидарласу сөздері. Осылардың ішіндегі ең мәндісі-Мұраттың Жантөлі қызбен айтысы. Бұл-екі ақынның әлеуметтік мәселені қозғаған жақсы диалогтары, өзінің тіл ұстарту үлгісімен де елеуге тұрарлық, ақындардың сөз тапқыш, ұтқыр, шешендіктерін таныта аларлық туынды.
Мұраттың Жантөлі қызбен айтысында Жантөлі Сара ақын сияқты күйеуінің кемтарлығы себепті Мұраттан жеңіледі.
Мұраттың айтыстары негізінен қайымдасу түрінде келеді. Қайым өлеңдердің жолдарын қайыра қолданады. Өзінің жаңа ойын соған жалғай салады. Қайым айтыс формасы, көбінесе, әзілдесу, қалжыңдасу, пікірлесу ретіндегі диалогтар. Мұратпен айтысқандардың біразы айтыстың осы бір халықтық түрін ұнатқан сияқты.
Айтыс жанрындағы Мұраттың шығармалары – оның ақындық өнерге дағдылану жолын танытарлық және суырыпсалма ақпа жырау болғандығына куә боларлық туындылар.
Мұрат шежіре-тарихқа жетік, өткен ғасырлардағы жыраулар мен батырлар жырларын жатқа білген. Әсіресе, Қазақстанның Батыс өлкесінің өткен-кеткені, жер, су мекені, атақты адамдары, шешен-жыраулары, тілінен бал тамған өнер иелері, ел қорғаған батырлары, бай-мырзалары, жақсы деген азаматтары – оның туындыларының алтын арқауы. Сыпыра, Асан, Қазтуған, Шалгез, Жиенбет, Доспамбет, Махамбет, Шернияз, т.б. тарихи адамдардың шығармалары бізге осы Мұраттың айтуы арқылы жеткен. Мұрат сөздерін ел-жұрты сүйсіне тыңдап, бірі көзіне жас алып қасірет шексе, екінші тобы, бойларын жиып, ертедегі ер азаматтары ісіне қайран қалып, оларға еліктеп, ат арқасына қонып, тәуелсіздік ұранын көтерген. Сондықтан Мұраттың шығармалары-өз кезіндегі тарихи маңызы зор, халқының мұңын көтерген, тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған туындылар.
Мұраттың толғаулары мен дастандарына тоқталсақ, олар:”Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Қазтуған”,”Өттің бір қапы дүние”-өзара байланысты, әуендес, мазмұндас, сарындас шығармалар. Мұнда қазақ халқының отаршылар тарапынан көрген ауыр зауалдары бейнеленді. Қысымға шыдамаған ел-жұрттың зар-шері, көңіл-күйі шертіледі. Халық басынан өткізген жұт жылдары сабақтаса суреттеледі.
Мұрат ақын шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі “Қарасай-Қази” жыры. Бұл – нағыз эпостық поэма. Орақ батыр мен оның балалары Қарасай, Қазилардың жалғасып жатқан батырлық дәстүрлерін ардақтайтын ерлік эпос. Жыр сюжеті шағын желіге құрылған. Ата жолын қуған ұлдардың перзенттік парыздарын өтей білулері, нағыз ел қорғандары мен арам ниет ездердің екіжүзділіктерін әшкерелейтін ұтымды оқиғалар, көркем көріністер жинақталған.
Мұраттың “Айжарыққа”, “Есенғали болысқа” , “Есентемір Тұрабай болысқа”, “Қарақожа болысқа” т. б. өлеңдері-қазақ еліндегі болыстық билікке, патшалық сайлауға наразылық ниетіндегі туындылар.
Мұрат шығармаларын тізбектей жіктеп, талдау соңында айтарымыз-оның тілге шешен, тапқыр да алғыр ақын болғандығы. Оның шығармалары қамтымаған кезінің шындығы кемде-кем. Кең тынысты эпик, нәзік жанды лирик, жүлде алған жүйрік, сан қырлы саңлақ.
Семинар сұрақтары:
Мұрат Мөңкеұлының өмірі жайлы
Мұрат – айтыстың асқан шебері
Мұрат – эпик ақын
Мұраттың «Қыз» шығармасындағы көркем бейнелілік
Мұраттың «Шәлгезді» жырлауы және тақырыптық мазмұны
Тест тапсырмалары:
1.XIX ғасыр әдебиетіндегі жыршы-ақын
А) Мұрат
В) Сүйінбай
С) Дулат
Д) Базар
Е) Біржан сал
2. Мұрат Мұрын жырауға қанша батырлық жырды үйретті?
А) он төрт
В) он
С) тоғыз
Д) он бір
Е) он бес
3. “Қарадөң батыр”, “Жұбаныш батыр”, т.б. батырлық жырларды мұрынға қай ақын үйретті?
А) Мұрат
В) Дулат
С) Шортанбай
Д) Шернияз
Е) Махамбет
4. “Төгіс батыр”, “Тама батыр”, “Тана батыр” жырларын бізге жеткізген ақын
А) Мұрат
В) Мұрын
С) Дулат
Д) Шортанбай
Е) Шернияз
5. Мұраттың айтыстары
А) Жаспелең Жантолы
В) Айман, Гүлханым
С) Уәзипа, Тәтіқыз
Д) Күнбала, Кескен кекіл
Е) Бақтыбай, Асан бұғы
6. Мұраттың дастаны
А) “Қарасай-Қаси”
В) “Мақпал-Сегіл”
С) “Айна-тарақ”
Д) “Еспембет”
Е) “Әмина қыз”
7. Мұрат ақынның арнаулары
А) “Қыз”, “Боранбайға”
В) “Үмбетәліге”
С) “Атекеге”
Д) “Датқаларға”
Е) “Жүсіпқожаға”
8. Мұраттың халықтың озып-тозбауын аңсаған толғаулары
А) “Үш қиян”, “Қазтуған”
В) “Қыз”, “Өлім”
С) “Шора батыр”
Д) “Ақжонас батыр”
Е) “Боранбайға айтқаны”
9. Мұраттың “Сарыарқа”, “Әттең бір қапы дүние-ай” толғауларының тақырыбы
А) халықтың азып-тозбауы
В) көңіл-күй
С) сыршылдық
Д) табиғат
Е) махаббат
27-сабақ, 14-апта
Сабақтың тақырыбы: Біржанның лирикалық ән-өлеңдеріндегі көңіл-күй, махаббат, озбырлықты сынау тақырыбының жырлануы
Бақылау түрі: Коллоквиум
(2 б.)
Теориялық мәлімет. XIX ғасырдағы қазақ халқы мәдениеті тарихынан елеулі орын алатын ірі ақындардың бірі – Біржан.
Біржаннан қалған мұралар – салмағы, қадір-қасиеттері, шынайы өнер туындыларына лайық, шын мәнінде ғажайып туындылар. Қандай күшті өнерпаз болмасын, ол өзін өнердің бірер саласында ғана тыңдата алса керек-ті. Ал қазақтың бұл тұстағы бірнеше өнер иелері дәуірі ұсынған өнердің барлық түрлерін игеріп, соның әрбір салаларынан өздерінің талант-күштерін көрсете біліпті.
Ол қазақ поэзиясына зор үлес қосқан табан асты өлең нөсерін ағылтар ақпа ақын, халқымыздың ақындық өнерінің шебері(импровизатор).
Біржанның бізге дейінгі өмірбаянында, оның туған-өлген жылдары туралы екі-үш дерек ұсынылып келеді. Біржанның басына қойылған ескерткіште оны 1835-1897 жылы жасаған деп көрсеткен. Ал өзі Теміртас деген баласымен бақұлдасқан (қоштасқан) сөзінде 65 жасқа келгенін айтқан: “Жасына алпыс бестің келгенімде, құдайым берді науқас ғаріп басқа”,-депті. Сол сияқты қолда бар деректі зерттеу үстінде, біз Біржан 1831-32 жылдары туып, 1897 жылы қайтыс болды деген пікірлерді қостаймыз. Ол Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласының тұрған жерінде, ата-мекені – Қожағұл бұлағында туыпты. Біржанның өз әкесі Тұрлыбай-момын, шаруа болған. Ал, атасы-Қожағұл дәулетті адам. Біржанды жас шағында бауырына басып, өз тәрбиесіне алған, оның маңдайынан қақпай, масайрата еркін өсірген, жасынан ауыл молдасына беріп, оқытып, өзі жиған өмір тәжірибесін үйреткен осы беделді шешен-би – Қожағұл болса керек.
Біржан поэзиясының асыл арнасы қазақ халқының бай ауыз әдебиетінде, музыкалық фольклоры қазынасында жатыр. Жасынан ел аралап ділмар шешендермен кездесіп, сөз сымбаттарын үйреніп шешендік дәстүрлерін игереді. Төкпе ақындар өнеріне де жетік болып, талай айтыстарға қатысады. Олардың табан асты өлең шығару әдістерін, сергек қабілеттерін меңгереді. Әсіресе, Шөже мен Орынбай сияқты төселген төкпе аға ақындармен дидарласуы әсерсіз болмаса керек. Біржан творчествосының дұрыс бағыт ұстануы оның ұлы Абаймен кездесуін зерттеушілер жоғары бағалайды.
Біржанның “Тентек”, ”Жаймашуақ”, “Айтбай”, “Ләйлім Шырақ”, “Бурылтай”, т. б әндерінің шығу жағдайларын А. Жұбанов зерттеуші автордың өмірімен ұштастыра жеткізе түсіндірген. Оларға тән дыбыстылық, әуен ырғақтары талданып, ән бойындағы дыбыс қуаты жастық жалынға сәйкес келетіні көрсетілген.
Біздің баса көңіл аударғалы отырғанымыз – Біржанның музыка салаларындағы туындыларынан гөрі, оның ақындық еңбектері - өлең, толғау, айтыс ретінде жеткен жырлары, жалынды лирикалары. Оның әдебиетіміз тарихындағы орнын таныту.
Біржан – ақын, лирик. Біржан өлеңді көбіне ән үшін, әнді өлең үшін шығарған. Сондықтан олар - өзара біте қайнап, бірігіп кеткен туындылар. Олардың жігін ашамын, егізді жұбынан айырамын деп әлектену - бос әурешілік. Айталық ақынның ілгерідегі туындысы саналатын “Біржан сал” шығармасын алсақ осы өлеңде өз бойындағы асқақ талантпен таныстырудан өзге ұғым жоқ сияқты. Ал сол жолдарды әніне салып құйқылжыта орындасыншы ! Одан алар әсерді айтып та, жазып та жеткізу қиын болар еді. Ақын лирикалары ақиқат өмірден туып әлеуметтік қорытынды жасайды. Адамгершіл ақылдар ұсынылады. Қазақ жастарының өмірге көзқарасын дамытқандай ой тастап, кейбір мағынасыз өмір кешетіндерге наразылық білдіреді. Жас шақта, қоғамға, елге пайдалы істерге, өнімді еңбекке, өнер – білім ізденгіш талапкерлікке толы болуды қалайды. Мысалы : “Сырғақты” – деген өлеңінде ақын ең алдымен өмірдің мағынасын түсіне білуді керек қылады:
Бозбала, саған айтар өсиетім,
Жақын жүр әлпештеген ардақтыға.
Жанып тұрған жас өмір – ал қызыл гүл,
Сипаттауға қызығын жетпейді тіл,
Жауқазын желбіреген жастық шақта.
Өмірдің мағынасын түсіне біл.
Басқа халықтар өмір тіршіліген, әлем сырын тануда, тыныш жатпай тырбанып, талпынуда жанаярлыққа, еріншектікке жол бермей, талмай ізденіп тынымсыз еңбектеніп, дүниетанымын кеңейте түсуде деп, “Жастарға арнауында” бұл пікірлері жүйелі баяндалады :
Дүниеде үйде жатып босқа өлгенше,
Жан–тәнің бірге жанып күйген артық.
Ер жігіт дүниені кезгені артық,
Дүниенің не бар–жоғын сезген артық.
Түскендей аспан жерге іс болғанда.
Бел байлап, тәуекел деп, төзген артық.
Коллоквиум тапсырмалары:
1. Біржан сал Қожағұлұлы(1834-1897).
2. Өмірі, лирикалық өлеңдері.
3. Ақынның озбырлық жасаушыларды сынауы.
4. Біржан мен Сара айтысының эстетикалық-көркемдік тағылымы. 5. Біржан шығармалары.
6. Біржан поэзиясы.
7. Біржан халық поэзиясы үлгісін, қара өлең формасын қолданған.
8. Біржан мен Сара айтысының мазмұны.
9. Біржан – ақын, лирик.
Тест тапсырмалары:
1. Біржан салдың ғұмыр кешкен кезеңі
А) 1830-1890
В) 1834-1897
С) 1840-1898
Д) 1820-1880
Е) 1815-1875
2. Біржан сал өлеңдері
А) “Алыстан сермеп”
В) “Қор болды жаным”
С) “Жамбас сипар”
Д) “Жігіт сөзі”
Е) “Қыз сөзі”
3. “Біржан сал мен Сара” айтысының қанша нұсқасы бар?
А) 5
В) 3
С) 6
Д) 4
Е) 2
4. Біржан салдың “Айтбай”, “Көлбай-Жанбай”, “Алтын балдақ” өлеңдерінің тақырыбы.
А) оқу, білім
В) еңбек
С) табиғат
Д) азаматтық әуен
Е) махаббат
5. Біржан салдың озбырлық жасаушыларды сынаған өлеңдері
А) “Жанбота”, “Адасқан”
В) “Көлбай-Жанбай”
С) “Ләйлім шырақ”
Д) “Алтын балдақ”
Е) “Жамбас сипар”
28-сабақ, 14-апта
Тақырыбы: Біржанның айтыстары.
Бақылау түры: Пікірталас
(2 б.)
Теориялық мәлімет.Ақылға, білімге билік беріп, әділет жолын, береке – бірлік, қарекет тірлік жолын меңзеп, жоғары адамгершілік пікірлерін жырлайды. “Жақсы мен жаман” арасын ажыратар қасиеттерді термелейді.
Біржан өзінің Асыл, Ақық, Теміртастай балаларын өте жақсы көріп тәрбиелейді. Өлең - әндеріне де қосады. Сондықтан Біржанның сұлуларға арнаулары мен Сараны іздеу себептерін басқаша түсіну абзал.
Алыстан тоят іздеген ақиық мінезді Біржан қиядағы қызыл түлкіге құмартты. Өзіне тең түсер сөз жүйрігін, өнер саңлағын тауып, соны сөз тұғырына іліп түсті.
Қазақтың негізгі ескі өміріндегі жұғымсыз салттарға құрбан болған арулардың аянышты тағдырына жоқшы болып, Арқаның дауылпазы Біржан Алатау алқабына жыр төкті. Сарадай асыл жанның азаттығын аңсап өтті. Адамгершілікке, адал достық, таза махаббатқа үндеді. Аруды есекке қосақтамай, Жиенқұлдай азғынға қор қылмай теңіне қосып күңдіктен құтқаруды талап етті. Ақынның бұл ниеттері – оның талай сұлуларға арналған жырларынан да, Сара қызбен айтысынан да айқын көрінетін өзекті идеялары, асқақ армандары Сарадай мінсіз жан, дана қыз көрінгеннің қанжығасына ілініп кете беруі өкінішті.
Қыз екен Тастанбектің, ақын Сара,
Бәйгеден күнде келген жалғыз дара.
Қыз да болса адамның жүйрігі екен.
Көрмедім сөзді адамда мұндай дана....
Шіркін – ай, мұндай жүйрік туармысың
Сөйлейсің алтын жай ғып сөздің жезін.
Қанатын күн шалмаған ақтұйғынның
Жапалақ иемденер басқан ізін.....
Біржан мақсаты, оны орынсыз даттап жеңу ғана емес. Ол өзінің азаттық идеясын, дана сұлу аруды қорғау, махаббаттың тот баспауын көздеп отыр, Біржан мен Сара айтыстары осындай әлеуметтік теңсіздік мәселелерін көтере білулерімен де, ерекше мазмұнымен де маңызды. Білімді, дана ақындардың әрбір сөзінде қазақ өлкелерінің байлығы, тарихи адамдары, қоныс мекендері, әр елге тән әдет жоралғылары білгірлікпен баяндалған. Әрқайсысы өз елдерінің жетістіктерін шолып, ұлылы – кішілі ауызға ілінген азаматтарын бетке ұстаған.
Біржан мен Сара айтысының мазмұн байлығын танытар фактілер көп. Олардың әрқайсысы өз ойларын ұзақ толғайды. Елі, жері, адамдары, өнерлері мен толық таныстырмай тынбайды. Қарсы дауларын да дәлелді, бұрылтпастай логикаға құрылады. Тарихи деректілік, ұтымды логика бұл айтысқа қана тән құбылыс. Осыған орай, айтысты түгел алғанда тарихи әлеуметтік дастан, лирикалық поэма дәрежесіндегі шығарма деуге де келеді. Айтыстың тілі де шешен. Неше алуан халықтық поэтикалық, тіл, образ, сөздер бірінен бірі асып түседі.
Біржан халық поэзиясы үлгісін, қара өлең формасын қолданған. Оның поэтикалық тілі де негізінен халық ақындары үлгісінде. Ол ақынның арнау өлеңдерінен де, ән әуенді лирикаларынан да, сөз болып отырған айтыс текстінен де айқын. Тағы бір атап өтетін өзгешелігі – ақындық–шешендік тұжырымды ойларын түйіндеп, афоризм арқылы, үлгі-өнеге болар нақылға айналдыра білуі. Бұның бәрі ақынның өлең техникасына жетік екеніне куә болады. Нақыл үлгісі ретінде төмендегі жолдарды келтіре кетелік:
Алтынмен тең түспейді інжу – маржан.
Асылдан кем болмайды алмас – бірлан,
Әніме сегіз дуан таңырқаған,
Баласы Қожағұлдың атым – Біржан....
Камзолдай қысқа пішкен дөңгеленіп,
Тынымсыз ізденіс, үздіксіз шығармашылық еңбек жас Біржанды бір кезде жетілткен бірден бір күш болса, сан салалы өнер салмағын жалғыз көтеру, тоқ мейіл, топас топтың жазықсыз жанның бойына салған дерт азабын көтеру, әсіресе, жасы үлғайған шақта әсте оған қиын тиді. Аяусыз қуғын жан азабы, өсек-өтірік, жазықсыз жазаға төзе алмаған ардагер азамат ақыры айықпас ауруға шалдықты.
Біржан деп атым шықты алты алашқа
Құдайым берсін ғұмыр Теміртасқа.
Жасына алпыс бестің келгенімде
Құдайым берді науқас ғаріп басқа.
Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,
Не болады демеңіздер адамзатты.
Үкідей желпіндірген құлындарым.
Шешсеңші білегіме арқан батты, -
деп, өзінің Теміртас, Асыл, Ақық атты балаларымен қоштасты. 1897 жылы 65 жасында, осы бір дертінен дүние салды.
Біржан шығармаларын қазіргі өнерге құштар ғалым оның әрбір сөзін, әуен ырқақтарын қалт жібермей, халық қажетіне асырып келеді. Құмарта оқиды, құлақ құрышын қандыра тыңдайды. Олар сүйікті өнерпазының шығармаларын көзінің қарашығындай сақтайды, келешектің керегіне жұмсайды. Біржан поэзиясы ұрпақтан – ұрпаққа ауысып, мәңгі жасай береді.
Бақылау сұрақтары:
Біржан поэзиясы.
Біржан халық поэзиясы үлгісін, қара өлең формасын қолданған.
Біржан мен Сара айтысының мазмұны.
Біржан – ақын, лирик.
Біржанның музыка салаларындағы туындылары.
Біржанның “Тентек”, ”Жаймашуақ”, “Айтбай”, “Ләйлім Шырақ”, “Бурылтай”, т. б әндерінің шығуы
Сара қазақ әйелінің арманын, мұң шенрін, поэзия тілімен өрнектеген ақын.
Ақын шығармаларындағы көркемдік , бейнелік кестелері.
Әлеуметтік, теңсіздік, заман зары тақырыбындағы лирикалық өлеңдері.
Сараның өмірі , ақындық шығармашылығы.
Біржанның өмірі , ақындық шығармашылығы.
Арнау өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер тағдыры хақындағы зар, мұң және оның әлеуметтік мәні.
Сара Тастанбекқызының өмірді сүю өлімді мойындау жырлары
Біржан халық поэзиясы үлгісін, қара өлең формасын қолданған.
Тест тапсырмалары:
1. Біржан салдың ғұмыр кешкен кезеңі
А) 1830-1890
В) 1834-1897
С) 1840-1898
Д) 1820-1880
Е) 1815-1875
2. Біржан сал өлеңдері
А) “Алыстан сермеп”
В) “Қор болды жаным”
С) “Жамбас сипар”
Д) “Жігіт сөзі”
Е) “Қыз сөзі”
3. “Біржан сал мен Сара” айтысының қанша нұсқасы бар?
А) 5
В) 3
С) 6
Д) 4
Е) 2
4. Біржан салдың “Айтбай”, “Көлбай-Жанбай”, “Алтын балдақ” өлеңдерінің тақырыбы.
А) оқу, білім
В) еңбек
С) табиғат
Д) азаматтық әуен
Е) махаббат
5. Біржан салдың озбырлық жасаушыларды сынаған өлеңдері
А) “Жанбота”, “Адасқан”
В) “Көлбай-Жанбай”
С) “Ләйлім шырақ”
Д) “Алтын балдақ”
Е) “Жамбас сипар”
6. Біржан салдың “Жамбас сипар”, “Талай заман” өлеңдерінің тақырыбы
А) көңіл-күй
В) философиялық
С) махаббат
Д) табиғат
Е) озбырлық
7. Біржанның “Ер жігіт дүниені көрген артық” өлеңінің идеялық мазмұны
А) көңіл-күй
В) философиялық
С) махаббат
Д) табиғат
Е) озбырлық
8. Біржан салдың “Айтбай”, “Ләйлім-шырақ”, “Алтын балдақ” өлеңдерінің тақырыбы
А) табиғат
В) еңбек
С) махаббат
Д) адамгершілік
Е) озбырлық
9. “Біржан сал мен Сара” айтысының қанша нұсқасы бар?
А) 4
В) 5
С) 3
Д) 2
Е) 6
10. Біржан сал айтысының түрлері
А) қыз бен жігіт
В) қайым
С) түре
Д) жұмбақ
Е) сүре
29-сабақ, 15-сабақ
Тақырыбы: Ақан серінің лирикалық ән-өлеңіндегі азаматтық, сыншылдық, психологиялық көңіл-күй, махаббат тақырыттары.
Бақылау түрі: Семинар
(3 б.)
Теориялық мәлімет. Арқаның ардагері атанған Ақан (Ақжігіт) – қазақтың ән өнері аспанында зор даусымен асқақтата жыр нөсерін ақтарып өткен ерекше дарын иесі; халқымыздың бойындағы тамаша таланттың айқын көрінісі есепті сегіз қырлы, бір сырлы ардагер азамат.
Ақан – кең байтақ жерін, қасиетті ел-жұртын шын жүрегімен сүйіп, жастық шақтың жалынына күйіп, тынымсыз өмір кешкен, өршіл де ілгерішіл поэзияның шебері.
Ақынның туған жері – Көкшенің кербез сұлуы атанған қасиетті жер. Ақан – осы бір әсем табиғат құшағында еркелей өскен ел серісі. Болашақ ақын Көкшетау өңірінде, Қоскөлді жайлаған қарапайым қазақтың отбасында туып-өскен. Ол 1843 жылы, күздің жомарт айы – қыркүйекте дүниеге келді.
Жасынан алғырлығы, ұқыптылығымен көзге түскен Ақан ауыл молдасынан алған біліміне қанағаттанып қалмайды. Ол енді Қызылжарға аттанып, Уәли ахун қазіреттің медресесіне түседі.
Осы медреседе өткізген үш жылға жуық мерзімде Ақанның сусындаған кәусар бұлағы – Фердауси, Низами, Хафиз, Шамси, Сағди, Физули, Науаи, т.б. еңбектері. Бұларға қосымша араб, парсы, шағатай тіліндегі көне түркі әдебиетінің ежелгі үлгілерімен де танысады. Медресе шәкірттерінің жетік білуге тиіс сабақтары – араб, парсы халықтарының тілі, ертегі аңыздары жазба дүниелері.
Ақан – жастай оқып тәлім алған өнерлі, білімді жас. Өз замандастарының көбінен озық, араб-парсы, шағатай әдебиеттерінен де, сол әдебиеттерді туғызған тілдермен де жете таныс, соған қоса, орыс тілін де білген мәдениеті жоғары өнерпаз адам.
Ақан өнер бастаған кез – ұлы ағартушы, гуманистердің реалистік поэзиясы жасалып жатқан дәуір; Шоқан, Ыбырай, Абай, Біржан, Шәңгерей, Мәшһүр Жүсіптердің әдебиетте жаңа бетбұрыс жасаған тұс. Жазба әдебиеттің профессионал өкілдері қалыптасып, жаңа реалистік гуманистік өнер үстем болуға бет алған-ды. Ақан, Ақмолла, Жаяу Мұса, т.б. өнер адамдары – аталмыш жаңа топтың өкілдері. Бұлар да жете сауатты, білімді қаламгерлер; өз шығармаларын ауызша айтып таратуға мәжбүр болса да, көбінесе жазып шығарған, ақ қағаз, құсыни қаламды қолдарында ұстап, хаттасып, хабарласып отыру салтын бастаушылар.
Ақан сері өз заманы ұсынған дәуір талабын таныған, сол жаңа талаптар тұрғысында ізденіп, оқып білім бұлағынан сусындаған зор талаптың жемісі.
Ақан сері – лирик ақын. Ақын қалдырған мұраның бәрі – түгел дерлік, жүрек отының жалынындай, терең толғаныстардың туындылары, адамның сезім сырнайын тарта білген сыршыл да шыншыл поэзия, әрбір сөзі жүректі елжіретер, жаныңды жадыратар жастық лебіне суарылған нұрлы.
Ақан сері 1843 жылдар шамасында (бұған шейінгі деректе де 1834 жылы туған деген әңгіме болатын) осы күнгі Көкшетау облысы, Айыртау ауданы, Қоскөл деген жерде туған. Әкесі Қорамса – Арғын ішінде Қарауыл. Ақан кішкентайынан өзінің зеректігімен, әрнәрсеге әуестігімен көзге түседі. Ауыл молдасы Күнтеу дегеннен жас кезінен бастап оқиды. Аздап болса да хат таниды, көзі ашылады. Жасы он үшке келгенде Ақан Күнтеу молданың шыбығынан құтылып, Қызылжарға тартып кетеді. Онда Уәлиахун дегеннің медресесінде оқыды. Қалада жүрген соң аздап болса да орысша біле бастайды.
Ақан Қызылжардан еліне қайтады. Қорамсаның азды-көпті дәулетінің арқасында ол аса кемдік көрмейді. Балаларының ішіндегі жасынан көзге ерте түскені болғаннан ба, жоқ, басқа себептен бе, Қорамса Ақанның айтқанын қайырмайды. Шілдехана, алтыбақан, ойын-той болса Ақан сонда жүреді. Ақанның әдемі бойы, келбеті, жақсы даусы, оны ерте халыққа танытады. Оның үстіне көп адамдардың күйттейтін, дала өмірінің қызығы: жүйрік, қыранқұс, алғыр тазы Ақанның да арманы болды. Ол кедей еліндегі Шөкетай деген кісіден Құлагерді бір ат, бір сиыр, жиырма бес сом ақшаға сатып алады. Ақанның жас та болса талабына риза болған, оның жай, көптің бірі емес екенін сезген Әлібек деген өзінің жанына балаған бүркіті Қараторғайды сыйлайды. Сайрат төреден күшік күнінде Базарала атты тазының күшігін сатып алады. Тағы біреуден көкжендет деген қаршығаны таңдап алады. Енді Ақан тек әнші, ақын емес даланың жігіт басына керекті барлық қызығын жинайды. Өзі ақын, өзі әнші, сұлу жігіт халық арасында атағы тез жайылады. “Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған дегендей”, Ақанның айналасында қыз-бозбала топтала береді.
Баласының осындай даңқына сай деп әкесі Қорамса Ақанға сегіз ұлдың ортасында жалғыз өскен Бекбастың қызы Фатимаға құда түседі. Бірақ Фатима ауырып, әкесінің оң жағында, Ақанның босағасын аттап үлгермей, қайтыс болады.
Ақан бұрынғысынша ел аралап, еңсесін жоғары ұстап, өзінің өнерін көрсете береді. Жанбай сөнген ғашықтығын өлеңдетіп, “Желдірме” стилінде өлең шығарып, домбыраға қосып әндетеді.
Ақан біраз уақыт ешкімге көз салмай жүреді. Кейін Шомайт қажының қызы Фатимаға үйленеді. Фатима ақылды, байсалды, жақсы жан болады. Фатимадан Ақан бір ұл, екі қыз көреді. Оншақты жыл тұрғаннан кейін Фатима аурып қайтыс болады. Ақан Қарауыл ішінде Балташы дегенге атастырылып қойылған Тінәлінің қызы Ұрқияны алып қашады. Ұрқия үш айдан кейін ауырып өледі. Енді Ақанды ауыр қайғыдан арылтатын тек аты болады. Бұл кездерде баяғы Құлагердің аты Ақанның өзімен бірге шығады. Құлагер небір сәйгүліктерден озып шыққан, бәйгені ешкімге бермейтін жануар болады. Құлагердің жеңісіне Ақан “Маңмаңкер” деген ән шығарады.
Халқына қадірлі Ақан өзінің орнын біледі, мақтанып асып кетпейді. Ел ішінде Ақан:
Кепсер ал, кепсер алсаң Қызылжар бар,
Өзім сал, өзім сері мен кімге зар,-деген әнін айта жүреді.
Сондай-ақ Ақанның шығармалары ішіндегі шоқтығы биігі - Сырымбет. Бұл - адамның жүрегін қозғайтын, жан ашуының, үлкен адамшылық, азаматтық сырларды жыр ететін шығарма.
Ақын ел аралап жүріп, Ыбырайдың қызы Балқадишамен кездеседі. Қыздың мінезінің, түрінің тартымдылығын әнге қосып, “Балқадиша” деген өлең шығарады.
Ақанның творчествосында үлкен бір оқиға – аты Құлагерге байланысты болады. Керей Сағынайдың асында Ақанның тісі батып жүрген Батыраш-Қотыраш деген байлардың балалары бәйгеге қосылған Құлагерді шоқпармен ұрып өлтіреді. Бір жамандықты көңілі сезген Ақан аласұрып атын іздей бастайды. Ол сүйікті жүйрігінің бел омыртқасы үзіліп өліп жатқан үстінен шығады. Құлагерді жоқтап Ақан өзінің әйгілі “Құлагер” атанып кеткен әнін шығарады. Бұл ән – серінің жан ашуының туындысы.
Құлагер трагедиясынан кейін Ақан арада біраз уақыт өткеннен кейін, творчестволық шабытқа қайта оралып, ел аралап жүріп, үш сұлу қызды кездестіреді де, соларға арнап, “Үш тоты құс” атанған өлеңін шығарады. Жасы алпысқа келгенде Ақан шығармаларын басқа тақырыпқа құрып, ақыл, насихат, толғау сияқты сөздерді термелеп айтады.
Белде, белде бел асар,
Белгілі жерден ел асар.
Әлдилеген ақ бесік,
Келіншекке жарасар.
1913 жылы Ақан төсек тартып, жатып қалады. Әйгілі үкілі Ыбырай Ақанның көңілін сұрап келеді. Ауру күннен-күнге меңдетіп, қараша айында ардагер әнші, халқын қызыққа бөлеген сері, дарынды ақын, үлкен жүректі адам көз жұмады. Қасында Фатимадан туған жалғыз ұлы Ыбан ғана болады.
Ақанның өзі өлгенмен, соңында өлеңі, әні, өмірінің шежіресі қалды. Ақан творчествосы талай көркем шығармаларға негіз болды. Жазушы Ғ.Мүсірепов “Ақан сері – Ақтоқты” атты трагедиялық пьеса жазса, С.Жүнісов “Ақан сері” деген екі томдық романын дүниеге келтірді
Бақылау сұрақтары:
Ақан өнер бастаған кез – ұлы ағартушы.
Құлагер трагедиясы.
Ақтоқты” атты трагедиялық пьесасы.
Ақан Қызылжардан еліне қайтуы.
Ақынның туған жері.
Ақан – кең байтақ жерін, қасиетті ел-жұртын шын жүрегімен сүйіп жырлауы.
Арқаның ардагері атанған Ақан.
Ақынның лирикалық өлеңдеріндегі тақырып мазмұны.
Аңшылық-саятшылық тақырыбындағы өлеңдері.
Тест тапсырмалары:
1. Ақан серінің ғұмыр кешкен кезеңі.
А) 1840-1910
В) 1838-1900
С) 1843-1913
Д) 1820-1905
Е) 1815-1895
2. “Адамның біліміне ақыл серік,
Айтамын замандасқа біраз кеңес” өлеңдерінің авторы.
А) Біржан сал
В) Ақан сері
С) Абай
Д) Әсет
Е) Ыбырай
3. Ақан серінің өлеңдері
А) “Талай заман”, “Алтын балдақ”
В) “Көлбай-Жанбай”, “Жанбота”
С) “Жаз”, “Күз”, “Қыс”
Д) “Әйелдер сипаты”, “Жігіт сипаты”
Е) “Жазғытұры”, “Сегіз аяқ”
4. Ақан серінің “Сырымбет”, “Үш тоты”, “Қара торғай”, ”Ақ көйлек” өлеңдерінің тақырыбы.
А) махаббат
В) табиғат
С) еңбек
Д) оқу-білім
Е) Адамгершілік
5. Ақан серінің “Жастық шақтар”, “Достарыма” өлеңдерінің тақырыбы
А) көңіл-күй
В) философиялық
С) махаббат
Д) аңшылық
Е) озбырлық
6. Ақынның махаббат тақырыбындағы өлеңдері
А) “Сырымбет”, “Үш тоты”
В) “Әйелдер сипаты”
С) “Заманға қарап”
Д) “Құлагер”
Е) “Кәрілік”
7. Ақанның азаматтық әуенді, сыншыл сарындағы озбырлықты сынаған өлеңдері
А) “Құлагер”, “Заманға қарап”
В) “Әйелдер сипаты”, “Жігіт сипаты”
С) “Ақ көйлек”, “Мақпал”
Д) “Қара торғай”, “Кербез сұлу”
Е) “Сырымбет”, “Үш тоты”
8. Ақан серінің айтыстары
А) Орынбай, Әділ
В) Сүйінбай
С) Қатаған
Д) Құлыншақ
Е) Шөже
9. “Біздің көңіл қайда жатыр”, “Жастықтың ақ түлкісі аралдағы” өлеңінің авторы
А) Ақан сері
В) Біржан сал
С) Әбубәкір
Д) Дулат
Е) Мұрат
10. Ақан сері қанша жыл ғұмыр кешті?
А) 70
В) 58
С) 65
Д) 90
Е) 60
11. “Адамның біліміне ақыл серік”, “Айтамын замандасқа біраз кеңес” өлеңдерін тудырған ақын
А) Ақан сері
В) Біржан сал
С) Сегіз сері
Д) Әбубәкір
Е) Мұрат
30-сабақ, 15-апта
Сабақтың тақырыбы: Сегіз сері Баhрамұлының лирикалық ән-өлеңдері, дастандары.
Бақылау түрі: Коллоквиум
(3 б.)
Коллоквиум сұақтары:
1. Өмірі туралы мәлімет.
2. Махаббат тақырыбындағы ән-өлеңдері.
3. Арнау өлеңдеріндегі ел қорғаған батырларды суреттеуі.
4. Дастандары.
5. Сегіз серінің шығармашылық ғұмырнамасының диапазоны.
6. Сегіз серінің әншілік, ақындық ғұмырнамасы.
7. Сегіз сері аталуының өзіндік себептері.
8. ХІХ ғасырдағы қазақтың әйгілі серілері.
«ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» пәнінен тест сұрақтары
Дулат Бабатайұлының туған жылы.
А) 1902 ж.
В) 1802 ж.
С) 1800 ж.
Д) 1900 ж.
Е) 1810 ж.
2. “Еспембет” атты ұзақ толғаудың авторы.
А) Дулат
В) Шернияз
С) Абай
Д) Махамбет
Е) Шернияз
“О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сен ер жетер ме, екенсің.
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме, екенсің?!..,-” деген өлең жолдары кімнің шығармасы.
А) Шернияз
В) Абай
С) Дулат
Д) Бұқар
Е) Махамбет
4. Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар қозғалысы қай жылдары болды.
А) 1830-1835
В) 1832-1834
С) 1820-1824
Д) 1836-1838
Е) 1840-1842
“Әскер жиып аттандық,
Бекетай еді тұрағым.
Айқайлап жауға тигенде,
“Ағатай беріш” ұраным...”
деген жыр жолдары қай өлеңнің үзіндісі.
А) “Тарланым”
В) “Ұл туса”
С) “Тайманның ұлы Исатай”
Д) “Арғымақтың баласы”
Е) “Соғыс”
6. “Аспандағы бозторғай”, “Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ”, “Мен тауда ойнаған қарт марал”, “Туған ұлдан не пайда?” атты өлеңдер қай ақынның шығармасы?
А) Дулат
В) Махамбет
С) Бұқар
Д) Шортанбай
Е) Шернияз
7. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Шарып шыққан бойын мекендеген кете елінен шыққан ақын.
А) Шернияз
В) Махамбет
С) Шортанбай
Д) Дулат
Е) Мұрат
8. Қашаған болсаң қияға,
Бар күшіңді аяма.
Ұзын құйрық, жүйрік ат,
Қашқанмен қоя ма?- деп Қашағанмен айтысқан ақын.
А) Шөже
В) Шернияз
С) Шортанбай
Д) Сүйінбай
Е) Орынбай
9. Исатай мен Баймағамбетті қарама-қарсы қоя суреттеген ақын?
А) Шортанбай
В) Махамбет
С) Шернияз
Д) Дулат
Е) Шөже
10. Балта, Орынбай, Кемпірбай, Таз бала және қыз ақындармен айтысқан ақын?
А) Шөже
В) Майлықожа
С) Сүйінбай
Д) Шортанбай
Е) Шернияз
11. “Арқадан шығып едім Ноғайға еріп”, “Бәйтікке”, “Ерден батырға” деген толғауардың авторы?
А) Махамбет
В) Дулат
С) Шернияз
Д) Шөже
Е) Шортанбай
12. “Дүрілдетіп сөз сөйлейсің Алшынбай таз,
Өлең айтпай қайтемін, дәулетім аз.
Екі сөздің бірінде соқыр дейсің,
Шыныменен жаратқан құдай болсаң,
Былшылдамай алдымен өз басың жаз,-”
деп өлең шығарған ақын?
А) Шөже
В) Шортанбай
С) Сүйінбай
Д) Орынбай
Е) Дәулет
13. Орынбай ақынның өмір сүрген кезеңі?
А) 1810-1870
В) 1813-1890
С) 1800-1880
Д) 1900-1980
Е) 1808-1888
14. Орынбай шығарған көлемді, сюжетті толғаулар.
А) “Жүз жұлдыз”, “Адам атаның жайы”;
В) “Еспембет”, “Ақтан жас”;
С) “Әрайна”, “Мұңайма”;
Д) “Ерден батырға”, “Бәйтікке”;
Е) “Үш жігіт”, “Аңқау мен қу”.
15. Шоқанның өлімін әкесі Шыңғысқа естірткен ақын.
А) Дулат
В) Шернияз
С) Шөже
Д) Орынбай
Е) Махамбет
16. Түркістан жерінде Қаратау өңірінде дүниеге келген ақын?
А) Майлықожа
В) Шортанбай
С) Орынбай
Д) Шернияз
Е) Шөже
17. Шортанбай шығармаларының жалпы көлемі(С. Мұқановтың есебі бойынша)
А) 2000 жолдай
В) 1500 жолдай
С) 1000 жолдай
Д) 5000 жолдай
Е) 100 жолдай
18. Шортанбайдың өлең толғаулары.
А) “Тар заман”, “Опасыз жалған”;
В) “Бесінші сөз”, “Ата қоныс Арқада”;
С) “Тарланым”, “Ұл туса”;
Д) “Тоғыз ауыл”, “Қоштасу”;
Е) “Қыс”, “Жаз”.
19. Хан емессің, қасқырсың,
Қас албасты басқырсың,
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!..-
деген жыр жолдары қай ханға қарата айтылды.
А) Жәнібек
В) Абылай
С) Есім
Д) Тәуекел
Е) Жәңгір
20. “Мен едім”, “Жайықтың бойы көк шалғын”, “Қызғыш құс” өлеңдерінің авторы.
А) Махамбет
В) Шернияз
С) Дулат
Д) Шортанбай
Е) Шөже
21. ... Еділ үшін егестік,
Тептер үшін тебістік.
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,- деген үзінді қай өлеңнен алынды?
А) “Мен едім”
В) “Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны”
С) “Тайманның ұлы Исатай”
Д) “Тарланым”
Е) “Мұнар күн”
22. “Мынау заман, қай заман-
Азусызға тар заман.
Азулыға бар заман...-” деп заманды сынаған ақын.
А) Дулат
В) Махамбет
С) Шортанбай
Д) Шернияз
Е) Шөже
23. Өлерде үстіне ескерткіш орнатпауды, үлкен ас бермеуді тапсырып, оған шыққан шығындарды елдегі жоқ-жітік кемтарларға үлестіруді өсиет еткен ақын.
А) Шернияз
В) Сүйінбай
С) Шортанбай
Д) Шөже
Е) Орынбай
24. Сүйінбай Аронұлының туылған жылы.
А) 1822 ж.
В) 1820 ж.
С) 1810 ж.
Д) 1800 ж.
Е) 1830 ж.
25. Сүйінбайдың туып-өскен жері.
А) Қызылорда облысы.
В) Алматы облысы
С) Шымкент облысы
Д) Қарағанды облысы
Е) Өскемен облысы
26. Тезеек төремен айтысқан ақын
А) Жамбыл
В) Шортанбай
С) Орынбай
Д) Сүйінбай
Е) Шөже
27. “Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай,-”, деп толғаған ақын.
А) Орынбай
В) Жамбыл
С) Сүйінбай
Д) Шөже
Е) Майлықожа
28. 1975 жылы “Жазушы” баспасынан Сүйінбайдың қандай жинағы жарық көрді?
А) “Ақберен”
В) “Алдаспан”
С) “Ай, заман-ай, заман-ай”
Д) “Үш ғасыр жырлайды”
Е) “Ақиық”
29. Сүйінбай шығармаларын зерттеушілер қанша салаға бөліп қарастырады?
А) 4
В) 2
С) 5
Д) 3
Е) 6
30. Сұраншы, Саурық, Сыпатай, Тотан, Бөлтірік, Жабай, Өтеген туралы жырлар шығарған ақын.
А) Жамбыл
В) Сүйінбай
С) Шернияз
Д) Дулат
Е) Шортанбай
31. Сүйінбайдың өлеңдері
А) “Жұмыққа”, “Кәрілік”;
В) “Қызғыш құс”, “Исатайдың сөзі”;
С) “Қоғалы көлдер, қом сулер”;
Д) “Шағырмақ бұлт жай тастар”;
Е) “Ұлы арман”;
32. “Жақсы мен жаман адамның қасиеттері”, “Құлқайырдай ағарды сақал-мұртым” өлеңдерінің авторы.
А) Жамбыл
В) Шернияз
С) Сүйінбай
Д) Дулат
Е) Шортанбай
33. Шымкент облысы, Қызылқұм жерінде туып-өскен ақын.
А) Майлықожа
В) Сүйінбай
С) Жамбыл
Д) Шернияз
Е) Орынбай
34. Майлықожаның өмір сүрген кезеңі?
А) 1835-1898
В) 1830-1890
С) 1800-1865
Д) 1850-1900
Е) 1815-1875
35. 1860 ж. Сыпатай батыр асында Сүйінбаймен сөз қағыстырған ақын?
А) Жамбыл
В) Орынбай
С) Майлықожа
Д) Шернияз
Е) Шортанбай
36. “Райымқұлға”, “Қасқыр”, “Ноғай мырзаға” толғауларының авторы
А) Жамбыл
В) Майлықожа
С) Сүйінбай
Д) Орынбай
Е) Шортанбай
37. “Тотынама” жырының жанры.
А) Арнау
В) Поэма
С) Мысал үлгісінде
Д) Лирика
Е) Сатира
38. “Ажал бір келмес болсайшы” толғауын шығарған ақын
А) Майлықожа
В) Орынбай
С) Мәдәлі
Д) Шортанбай
Е) Сүйінбай
39. Қызылорда облысы, Қазалы жерін мекендеген ақын.
А) Майлықожв
В) Кенен
С) Орынбай
Д) Базар
Е) Жамбыл
40. Базар ақынның туып-өскен кезеңі
А) 1820-1900
В) 1800-1880
С) 1815-1905
Д) 1830-1910
Е) 1839-1911
41. “Мақпал-Сегіз”, “Айна-тарақ”, “Әмина қыз” толғау-дастандарын шығарған ақын.
А) Сүйінбай
В) Базар
С) Майлықожа
Д) Орынбай
Е) Кемпірбай
42. “Екі ауылдың арасын
Қиқулатқан жиырма бес,
Бұғаулықсыз асауды
Құр-құрлатқан жиырма бес...”-деген жыр жолдары қай шығармадан алынды?
А) “Жиырма бес”;
В) “Жігіттік”;
С) “Ғашық жырым”;
Д) “Дүние”;
Е) “Назарға”;
43. Базар өлеңдерін көрсетіңіз.
А) “Жұмыққа”, “Кәрілік”;
В) “Жігіттік”, “Жиырма бес”;
С) “Бәйтікке”, “Ерден батырға”;
Д) “Арайна”, “Мұңайма”;
Е) “Ақтан жас”, “Еспембет”;
44. Мырза менен сараңды
Өлшестіріп қарасақ,
Ылди мен зәулім асқардай,...-деген үзінді Базар ақынның қай шығармасынан алынды?
А) “Жігіттік”;
В) “Жиырма бес”;
С) “Әр нәрсенің нарқы бар”
Д) “Дүние”
Е) “Ғашық жарым”
45. “Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Қазтуған” дастандарын дүниеге келтірген ақын.
А) Мұрат
В) Майлықожа
С) Базар
Д) Сүйінбай
Е) Дулат
46. Мұрат ақынның өмір сүрген жылдары?
А) 1843-1906
В) 1840-1900
С) 1830-1876
Д) 1820-1880
Е) 1800-1860
47. Жантөлі қызбен айтысқан ақын.
А) Жамбыл
В) Сүйінбай
С) Базар
Д) Мұрат
Е) Орынбай
48. “Қарасай-Қази” атты эпостық поэманың авторы?
А) Мұрат
В) Сүйінбай
С) Жамбыл
Д) Базар
Е) Майлықожа
49. Өз замананың жан-жақты білгір ғалымы, батыл саяхатшысы.
А) Абай
В) Ыбырай
С) Шоқан
Д) Шәкәрім
Е) Сұлтанмахмұт
50. Шоқан Шыңғысұлының туылған жылы.
А) 1830 ж.
В) 1835 ж.
С) 1840 ж.
Д) 1836 ж.
Е) 1838 ж.
51. Қазақтың әдебиеті мен мәдениетін орыс жұртшылығына алғаш танытушы ғалым.
А) Шоқан
В) Ыбырай
С) Абай
Д) Шәкәрім
Е) Мағауия
52. Шоқанның Кадет корпусында бірге оқыған досы.
А) Гонцевский
В) Костылецкий
С) Ждан-Пушкин
Д) Потанин
Е) Михаэлис
53. Шоқан кадет корпусын қай жылы бітірді?
А) 1850 ж.
В) 1852 ж.
С) 1851 ж.
Д) 1854 ж.
Е) 1853 ж.
54. Еуропа еліне Қашқарияны тұңғыш танытушы ғалым.
А) Ыбырай
В) Потанин
С) Шоқан
Д) Абай
Е) Шәкәрім
55. Шоқан қай жылы ұлы саяхат сапарына шығады?
А) 1855 ж.
В) 1853 ж.
С) 1850 ж.
Д) 1856 ж.
Е) 1858 ж.
56. Шоқан қай жылы, қанша жасында дүние салады?
А) 1865, 30 жасында.
В) 1866, 28 жасында.
С) 1864, 32 жасында.
Д) 1868, 34 жасында.
Е) 1870, 35 жасында.
57. Шоқанның поэзия теориясы туралы тұңғыш зерттеу еңбегі.
А) “Жоңғария очерктері”
В) “Қазақ халық поэзиясының түрі туралы”
С) “Бұқардың Абылайды жоқтауы”
Д) “Қазақ шежірелері”
Е) “Құлжа күнделіктері”
58. Шоқанның әдеби зерттеу еңбектерін ғалымдар қанша топқа бөліп қарастырады?
А) 5
В) 4
С) 3
Д) 2
Е) 6
59. Шоқан қазақ өлеңдерін қанша түрге бөледі?
А) 6
В) 3
С) 4
Д) 5
Е) 2
60. Шоқан туралы “Шоқан” пьесасы мен “Аққан жұлдыз” трилогиясын жазған жазушы.
А) М. Әуезов.
В) Ғ. Мүсірепов.
С) Ғ. Мұстафин.
Д) Ә. Марғұлан
Е) С. Мұқанов
61. Қазақтың тұңғыш педагог жазушысы.
А) С. Дөнентаев.
В) С. Көбеев.
С) Ы. Атынсарин.
Д) Шоқан
Е) С. Торайғыров.
62. Қазақ балалары үшін тұңғыш қазақ мектебін ашушы ғалым.
А) С. Көбеев.
В) С. Дөнентаев.
С) Ы. Алтынсарин.
Д) С. Торайғыров.
Е) М. Сера лин.
63. Ыбырай қай жылдары ғұмыр кешті?
А) 1841-1889
В) 1840-1890
С) 1830-1895
Д) 1820-1880
Е) 1835-1891
64. Ыбырай туралы тұңғыш естелік жазып қалдырған ғалым.
А) Потанин
В) Гонцевский
С) Михаэлис
Д) Костылецкий
Е) Ильминский
65. Қостанай облысы, Затобол ауданында туып өскен ақын.
А) Ыбырай
В) Шоқан
С) Спандияр
Д) Сәбит
Е) Абай
66. Ыбырай Торғайда мектепті қай жылы аша алды?
А) 1862 ж.
В) 1864 ж.
С) 1861 ж.
Д) 1863 ж.
Е) 1865 ж.
67. “Жаз”, “Өзен”, “Әй, достарым” өлеңдерінің авторы.
А) Абай
В) Шәкәрім
С) Ыбырай
Д) Спандияр
Е) Мағауия
68. Ыбырай әңгімелерін ғалымдар қанша топқа бөліп қарастырады?
А) 4
В) 6
С) 3
Д) 2
Е) 5
69. “Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш”, “Бай мен жарлы баласы”, “Әке мен бала” әңгімелерінің тақырыбы.
А) Өнер
В) Достық
С) Оқу
Д) Махаббат
Е) Еңбек
70. Адамгершілік тақырыбына жазылған әңгімелері.
А) “Мейірімді бала”, “Таза бұлақ”
В) “Әке мен бала”
С) “Қыпшақ Сейітқұл”
Д) “Бай баласы мен жарлы баласы”
Е) “Байлық”
71. Қазақ әдебиетінде реалистік жаңа әдебиеттің негізін қалаушы.
А) Шоқан
В) Ыбырай
С) Абай
Д) Шәкәрім
Е) Махамбет
72. Жасымда албырт өстім ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Ерте ояндым, ойландым жете алмадым,
Етек басты көп көрдім елден, бірақ...
деген жыр жолдарын тудырған ақын.
А) Шәкәрім
В) Ыбырай
С) Ақан сері
Д) Абай
Е) Біржан сал
73. “Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз бейшарасы,-” деп әдебиетке батыл сын айтқан ақын.
А) Абай
В) Ыбырай
С) Шәкәрім
Д) Сұлтанмахмұт
Е) Шоқан
74. Абайдың жас шағындағы өлеңдері.
А) “Қызарып, сұрланып”
В) “Сап-сап, көңілім”
С) “Жазғытұры”
Д) “Сегіз аяқ”
Е) “Бойы бұлғаң”
75. Абайдың ән-өлеңдері.
А) “Жігіт сөзі”
В) “Қызарып, сұрланып”
С) “Алыстан сермеп”
Д) “Тойға міндік”
Е) “Бойы бұлғаң”
76. Абайдың “Адасқанның алды жөн”, “Байлар жүр”, “Сабырсыз, арсыз, еріншек” өлеңдерінің тақырыбы.
А) махаббат, ғашықтық
В) табиғат
С) сыншыл, сатира
Д) оқу, білім
Е) азаматтық көңіл-күй
77. Абайдың поэмалары:
А) “Еңлік-кебек”
В) “Ескендір”
С) “Қалқаман-Мамыр”
Д) “Еспембет”
Е) “Сұлушаш”
78. Абайдың аяқталмаған поэмасы
А) “Ескендір”
В) “Масғұт”
С) “Әзім әңгімесі”
Д) “Еңлік-кебек”
Е) Еспенбет
79. Абайдың аудармалық өлеңдері
А) “Қараңғы түнде тау қалғып”
В) “Сен мені не етесің”
С) “Қартайдық, қайғы ойладық”
Д) “Қызарып, сұрланып”
Е) “Бір дәурен келеді күнде”
80. Абайдың “Қор болды жаным”, “Сен мені не етесің”, “Жігіт сөзі”, “Қыз сөзі” өлеңдерінің тақырыбы.
А) оқу, білім
В) еңбек
С) ақындық өнер
Д) махаббат, ғашықтық
Е) табиғат
81. Абайдың табиғат пен адамдық, мінез-құлық, сезім мәселелерін астастыра жырлаған өлеңдері
А) “Сабырсыз, арсыз, еріншек”
В) “Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай”
С) “Қалың елім, қазағым, қайран жұртым”
Д) “Жасымда ғылым бар деп. ескермедім”
Е) “Алыстан сермеп”
82. Біржан салдың ғұмыр кешкен кезеңі
А) 1830-1890
В) 1834-1897
С) 1840-1898
Д) 1820-1880
Е) 1815-1875
83. Біржан сал өлеңдері
А) “Алыстан сермеп”
В) “Қор болды жаным”
С) “Жамбас сипар”
Д) “Жігіт сөзі”
Е) “Қыз сөзі”
84. “Біржан сал мен Сара” айтысының қанша нұсқасы бар?
А) 5
В) 3
С) 6
Д) 4
Е) 2
85. Біржан салдың “Айтбай”, “Көлбай-Жанбай”, “Алтын балдақ” өлеңдерінің тақырыбы.
А) оқу, білім
В) еңбек
С) табиғат
Д) азаматтық әуен
Е) махаббат
86. Біржан салдың озбырлық жасаушыларды сынаған өлеңдері
А) “Жанбота”, “Адасқан”
В) “Көлбай-Жанбай”
С) “Ләйлім шырақ”
Д) “Алтын балдақ”
Е) “Жамбас сипар”
87. Ақан серінің ғұмыр кешкен кезеңі.
А) 1840-1910
В) 1838-1900
С) 1843-1913
Д) 1820-1905
Е) 1815-1895
88. “Адамның біліміне ақыл серік,
Айтамын замандасқа біраз кеңес” өлеңдерінің авторы.
А) Біржан сал
В) Ақан сері
С) Абай
Д) Әсет
Е) Ыбырай
89. Ақан серінің өлеңдері
А) “Талай заман”, “Алтын балдақ”
В) “Көлбай-Жанбай”, “Жанбота”
С) “Жаз”, “Күз”, “Қыс”
Д) “Әйелдер сипаты”, “Жігіт сипаты”
Е) “Жазғытұры”, “Сегіз аяқ”
90. Ақан серінің “Сырымбет”, “Үш тоты”, “Қара торғай”, ”Ақ көйлек” өлеңдерінің тақырыбы.
А) махаббат
В) табиғат
С) еңбек
Д) оқу-білім
Е) Адамгершілік
91. XIX ғасырда қазақ әйелінің мұң-шерін, арманын поэзия тілімен өрнектеген ақын қыз.
А) Шолпан
В) Сара
С) Әйгерім
Д) Тоғжан
Е) Қамар сұлу
92. Сараның “Жүрек”, “Ашындым”, “Ортақ мұң” өлеңдерінің тақырыбы.
А) махаббат, ғашықтық
В) оқу, білім
С) әлеуметтік теңсіздік
Д) табиғат
Е) еңбек
93. “Аққу”, “Қарлығаш”, “Қош бол, елім” өлеңдерінің авторы.
А) Ақан сері
В) Абай
С) Біржан сал
Д) Сара
Е) Әсет
94. Сара Тастанбекқызының туған жылы.
А) 1876 ж.
В) 1870 ж.
С) 1875 ж.
Д) 1880 ж.
Е) 1878 ж.
95. Әсеттің дастандары.
А) “Сәлиха- Сәмен”
В) “Еңлік-Кебек”
С) “Ләйлі- Мәжнүн”
Д) “Қалқаман-Мамыр”
Е) “Жүсіп-Зылиха”
96. Әсеттің қыз бен жігіт айтысында кіммен айтысты?
А) Сара
В) Рысжан
С) Әселхан
Д) Тәушен
Е) Жантөлі қыз
97. Абайтану ғылымының негізін қалаушы ғалым.
А) М. Мағауин
В) М. Шаханов
С) М. Мырзахметов
Д) М. Әуезов
Е) М. Ғабдуллин
98. Абайдың ақын шәкірттері.
А) Біржан сал, Ақан сері.
В) Шоқан, Ыбырай
С) Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия
Д) Мухтар, Сәбит
Е) Сәкен, Бейімбет
99. “Жаррах”, “Дағыстан”, “Зұлыс” поэмаларының авторы.
А) Абай
В) Шәкәрім
С) Мағауия
Д) Ақылбай
Е) Көкбай
100. Мағауия Абайұлының шығармасы.
А) “Медғат Қасым”
В) ”Зұлыс”
С) “Дағыстан”
Д) “Жаррах”
Е) “Мұңлық-Зарлық”
Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс қай жылдары болды?
А) 1836-1838
В) 1834-1836
С) 1936-1938
Д) 1830-1834
Е) 1832-1834
102. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлттық-азаттық қозғалыс қашан өтті?
А) 1824-1847
В) 1820-1840
С) 1834-1860
Д) 1822-1842
Е) 1818-1838
103. “Кенесары-Наурызбай” атты тарихи жырдың авторы?
А) Нысанбай жырау
В) Махамбет
С) Бұхар жырау
Д) Шернияз
Е) Шортанбай
104. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуындағы көркемдік әдістер
А) реализм, романтизм
В) синкретизм
С) толғау
Д) арнау
Е) дастаншылдық
105. Дулат шығармаларында туған жерді, атамекенді құрметтеген өлеңдері
А) “О, Сарыарқа, Сарыарқа”
В) “Сары шымшық”
С) “Ешенге”
Д) “Бараққа”
Е) “Еспембет”
106. Дулаттың арнау өлеңдері
А) “Бараққа”
В) “Еспембет”
С) “Ақжайлау мен Сандықтас”
Д) “Ұста соққан темірдей”
Е) “Сары шымшық”
107. Дулаттың сатиралық тілмен мысал мазмұнда жазылған шығармасы
А) “Сары шымшық”
В) “Ешенге”
С) “Бараққа”
Д) “Тегімді менің сұрасаң”
Е) “Атаны бала алдады”
108. “Шаштар” дастанының негізгі түйіні
А) Сыр сақтай білушілікті уағыздау
В) Ерлікті насихаттау
С) Атамекенді құрметтеу
Д) Еңбекке шақыру
Е) Адамгершілікке үндеу
109. Еспембет дастанындағы жанама кейіпкерлер
А) Ер Қосай
В) Бөгембай
С) Асан қайғы
Д) Қобыланды
Е) Бұхар
110. Дулаттың жағымсыз мінез-құлықты сынаған өлеңі
А) “Туралыққа көшпеген”
В) “Тегімді менің сұрасаң”
С) “Ата қоныс Арқадан”
Д) “Әуелі қазақ деген жұрт”
Е) “Сары шымшық”
111. “Махамбеттің жебесі” романының авторы
А) Ә. Әлімжанов
В) Б. Аманшин
С) Ә. Кекілбаев
Д) М. Мағауин
Е) Д. Досжанов
112. Махамбет шығармаларын жариялау, зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар
А) Х. Досмұхамедұлы, Қ. Жұмалиев, Б. Аманшин
В) С. Мәуленов, С. Мұқанов, С. Сейфуллин
С) Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, С. Көбеев
Д) М. Ж. Көпеев, К. Шанатаев, М. Мағауин
Е) М. Әуезов, Қ. Жұмаділов, Ш. Мұртаза
113. Қазақ әдебиетіндегі сыншыл реалистік, романтикалық толғаудың авторы
А) Махамбет
В) Бұхар
С) Шернияз
Д) Шортанбай
Е) Дулат
114. “Ереуіл атқа ер салмай”, “Беркініп садақ асынбай” өлеңдерінің идеялық сарыны
А) күрескерлік, жауынгерлік рух
В) философиялық тереңдік
С) атамекенді құрметтеу
Д) еңбек тәрбиесі
Е) жағымсыз мінез-құлықты сынау
115. Махамбеттің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі басым өлеңдері
А) “Орай да борай қар жауса”, “Аспандағы бозторғай”
В) “Атадан туған аруақты ер”, “Ұл туса”
С) “Соғыс”, “Тарланым”
Д) “Есіл ер”, “Мұңайма”
Е) “Күн қайда?”, “Мұнар күн”
116. Махамбет туралы көркем шығарма жазған жазушылар
А) Ә. Әлімжанов, Б. Аманшин
В) М. Мағауин, С. Сматаев
С) М. Әуезов, С. Мұқанов
Д) Қ. Жұмаділов, Ш. Мұртаза
Е) Д. Досжанов, Ә. Кекілбаев
117. “Қылыштай қиғыр өлмес ем”, “Мен – тауда ойнаған қарт марал” өлеңдерінің идеялық мазмұны
А) ақынның өз бейнесінің сомдалуы
В) Исатай батыр бейнесінің жырлануы
С) күрескерлік рух
Д) адамгершілік мәселесі
Е) еңбек тәрбиесі
118. Махамбет өлеңдерінде ақынның өз бейнесін сомдаған шығармалары
А) “Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі”
В) “Арғымақ сені сақтадым”
С) “Толарсақтан саз кешіп”
Д) “Ұл туса”
Е) “Мұңайма”
119. Шернияз шығармаларындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер
А) “Баймағамбет сұлтанның үйінде айтылған топтама жырлары”
В) “А. Қазы би, Қазы би”
С) “Сөз сөйлеймін бөлмелеп”
Д) “Тостағанды қолға алып”
Е) “Көл қылып құйдым талай судай ағын”
120. Шернияз шығармашылығының негізі
А) суырып салма ақын
В) поэмашылдық
С) жыраулық
Д) термешілік
Е) сыншыл реалистік
121. Сүйінбайдың “Бөрілі менің байрағым”, “Қарасай батыр”, “Ту алып жауға шықсаң сеп” өлеңдерінің идеялық мазмұны
А) елдің тарихы, ел қорғаған батырлар
В) адамгершілік тәрбиесі
С) озбырлық жасаушыларды сынау
Д) адамның жас кезеңдерін суреттеу
Е) еңбекке шақыру
122. Сүйінбайдың “Құсмұрын тастың үстінде”, “Жақсы болса ағайын” өлеңдерінің негізгі түйіні
А) адамгершілік тәрбиесі
В) ел тарихын жырлау
С) ел қорғаған батырлар туралы
Д) озбырлықты сынау
Е) еңбекке шақыру
123. Сүйінбайдың халыққа озбырлық жасаушыларды сынаған өлеңдері
А) “Зар жылатып момынды”, “Датқаларға”
В) “Жабай батыр”, “Жақсының тұқымына”
С) “Жақсы менен жаманның айырмасы”
Д) “Нақылдар”, “Жақсы болса ағайын”
Е) “Қарасай батыр”, “Өтеген батыр”
124. Сүйінбайдың адамның жас кезеңдеріне арналған өлеңдері
А) “Өмір ағысы”
В) “Нақылдар”
С) “Атекеге”
Д) “Датқаларға”
Е) “Жақсы болса ағайын”
125. Әдебиетке қазақтың сүре және түре айтыстары үлгілерін енгізген айтыскер ақын
А) Сүйінбай
В) Шортанбай
С) Жамбыл
Д) Орынбай
Е) Шөже
126. Қазақ поэзиясында дәстүрлі өнегелі мектеп қалыптастырған ақын
А) Сүйінбай
В) Шортанбай
С) Майлықожа
Д) Махамбет
Е) Шөже
127. Араб, парся, ежелгі түркі классикалық әдебиетімен жете таныс білімдар ақын
А) Сүйінбай
В) Шортанбай
С) Майлықожа
Д) Дулат
Е) Шөже
128. Майлықожа шығармаларының жанрлық түрлері
А) толғау-термелер
В) поэма, дастандар
С) сықақ өлеңдер
Д) реалистік шығармалар
Е) романтикалық толғаулар
129. Майлықожаның адамзатты биіктікке, парасаттылыққа үндеген өлеңдері
А) “Райымқұлға”, “Ноғай мырзаға”
В) “Ілімге толсын көкірек”
С) “Ажал бір келмес болсайшы”
Д) “Тұрлыбекке”
Е) “Алдаберген байға”
130. Майлықожаның жақсылық пен жамандық қасиеттерді даралап көрсеткен өлеңдері
А) “Ілімге толсын көкірек”
В) “Ноғай мырзаға”
С) “Райымқұлға”
Д) “Дүние”
Е) “Алдаберген байға”
131. Майлықожаның “Тұрлыбекке”, “Ескі мырза манаптар бегі, салы” өлеңдерінің идеялық түйіні
А) адалдықты уағыздау, озбырлықты әшкерелеу
В) жақсылық пен жамандық
С) еңбекке баулу
Д) ерлікке шақыру
Е) фәни жалғанның өткіншілігі
132. Миайлықожаның мысал өлеңдері
А) “Қасқыр”
В) “Сары шымшық”
С) “Бозторғай”
Д) “Дүние”
Е) “Ноғай мырзаға”
133. Табиғат құбылыстарының шынайы суреттерін қазақ ауылының тұрмысымен байланыстыра жырлаған ақын
А) Майлықожа
В) Махамбет
С) Шернияз
Д) Шортанбай
Е) Сүйінбай
134. Майлықожаның табиғат құбылыстарын суреттеген өлеңі
А) “Жылдың төрт мезгілі”
В) “Тотықұс”
С) “Бұлбұл”
Д) “Қасқыр”
Е) “Үш жігіт”
135. Майлықожаның айтысқан ақындары
А) Айман, Гүлханым
В) Жаспелең, Жанболы
С) Уазипа, Тәті қыз
Д) Қаңтарбай, Күнбала
Е) Кескен кекіл, Бақтыбай
136. Сүйінбаймен айтысқан ақындар
А) Тезек төре, Қатаған
В) Айман, Гүлханым
С) Жаспелең, Жанболы
Д) Майлықожа, Шортанбай
Е) Шернияз, Базар
137. Сүйінбайдың айтыстары
А) Кескен кекіл, Тәті қыз
В) Айман, Гүлханым
С) Жаспелең, Жанболы
Д) Майлы, Базар
Е) Шернияз, Шортанбай
138. Бақтыбай ақынмен айтысқан ақын
А) Сүйінбай
В) Шортанбай
С) Майлықожа
Д) Базар
Е) Шөже
139. Майлықожаның “Қасқыр”, “Бұлбұл” өлеңдерінің жанры
А) мысал үлгісінде
В) поэма
С) толғау
Д) арнау
Е) лирика
140. “Не жүйрік өтті дүниеден” атты өлеңнің авторы
А) Майлықожа
В) Сүйінбай
С) Шернияз
Д) Шортанбай
Е) Базар
141. “Әйелдің нұр сипаты” өлеңін дүниеге келтірген ақын
А) Сүйінбай
В) Абай
С) Майлы
Д) Базар
Е) Махамбет
142. Тәті қыз Уәзипамен айтысқан ақын
А) Сүйінбай
В) Майлы
С) Шөже
Д) Кемпірбай
Е) Шернияз
143. “Жөн білсең жолдасыңа жоба көрсет” деген өлең қай ақындікі?
А) Майлықожа
В) Сүйінбай
С) Абай
Д) Шортанбай
Е) Шернияз
144. Шығармашылығында негізгі сарын етіп имандылықты уағыздаған ақын
А) Шортанбай
В) Сүйінбай
С) Абай
Д) Майлықожа
Е) Шернияз
145. Түркістанды, Арқаны мекен еткен ақын
А) Шортанбай
В) Сүйінбай
С) Абай
Д) Иассауи
Е) Шернияз
146. “Адамның жалған дүниесі”, “Қалықтаған сұңқар ем” өлеңдерінің авторы
А) Шортанбай
В) Сүйінбай
С) Майлықожа
Д) Дулат
Е) Шернияз
147. Патшалық отарлау саясатын реалистікпен жырлаған ақын
А) Шортанбай
В) Майлықожа
С) Сүйінбай
Д) Шөже
Е) Махамбет
148. “Зар заман” толғауына баға берген кемеңгер ғалым, жазушы
А) М. Әуезов
В) С. Мұқанов
С) Ғ. Мүсірепов
Д) Ғ. Мұстафин
Е) С. Сейфуллин
149. Шортанбайдың адамгершілік тәрбие қағидаларын уағыздаған толғаулары
А) “Бір насихат айтайын”, “Бала зары”
В) “Өмір ағысы”, “Нақылдар”
С) “Датқаларға”, “Атекеге”
Д) “Келер заман”, “Заман ақыр”
Е) “Адамның жалған дүниесі”
150. “Келер заман”, “Зар заман” толғауларының авторы
А) Шортанбай
В) Дулат
С) Шернияз
Д) Майлықожа
Е) Сүйінбай
151. Орынбай, Шөже, Асан бұғы сынды ақындармен айтысқан ақын
А) Шортанбай
В) Мұрат
С) Базар
Д) Майлықожа
Е) Сүйінбай
152. “Айна-тарақ”, “Әмина қыз”, “Мақпал-Сегіз” дастандарын тудырған ақын
А) Базар
В) Мұрат
С) Дулат
Д) Сүйінбай
Е) Шөже
153. Базар ақынның сатиралық өлеңдері
А) “Келдім де түсе қалдым өзімсініп”
В) “Дүние қудым”
С) “Түбі туыс байтақ ел”
Д) “Айна-тарақ”
Е) “Ел жақсылары”
154. Базардың көңіл-күйдің алуан сырларын айшықтайтын философиялық толғаныстары
А) “Құмарын тарқат алқаның”, “Дүние қудым”
В) “Ел жақсылары”
С) “Әмина қыз”
Д) “Атасы жақсы қандай-ды”
Е) “Қаражан болысқа”
155. “Ғашық жарым” өлеңінің тақырыбы
А) сыршылдық, махаббат
В) табиғат
С) адамгершілік
Д) озбырлық
Е) сыншылдық
156. “Ел жақсылары”, “Атасы жақсы қандай-ды” өлеңдерінің негізгі идеясы, түйіні
А) халық тағдыры
В) махаббат
С) табиғат
Д) көңіл-күй
Е) озбырлық
157. Базардың “Әлің де сенде арман жоқ”, “Дүние қудым”, “Өсиет” толғауларының тақырыбы
А) халық тағдыры
В) сыршылдық, махаббат
С) табиғат
Д) сатира
Е) көңіл-күй алуан сырлары
158. XIX ғасыр әдебиетіндегі жыршы-ақын
А) Мұрат
В) Сүйінбай
С) Дулат
Д) Базар
Е) Біржан сал
159. Мұрат Мұрын жырауға қанша батырлық жырды үйретті?
А) он төрт
В) он
С) тоғыз
Д) он бір
Е) он бес
160. “Қарадөң батыр”, “Жұбаныш батыр”, т.б. батырлық жырларды мұрынға қай ақын үйретті?
А) Мұрат
В) Дулат
С) Шортанбай
Д) Шернияз
Е) Махамбет
161. “Төгіс батыр”, “Тама батыр”, “Тана батыр” жырларын бізге жеткізген ақын
А) Мұрат
В) Мұрын
С) Дулат
Д) Шортанбай
Е) Шернияз
162. Мұраттың айтыстары
А) Жаспелең Жантолы
В) Айман, Гүлханым
С) Уәзипа, Тәтіқыз
Д) Күнбала, Кескен кекіл
Е) Бақтыбай, Асан бұғы
163. Мұраттың дастаны
А) “Қарасай-Қаси”
В) “Мақпал-Сегіл”
С) “Айна-тарақ”
Д) “Еспембет”
Е) “Әмина қыз”
164. Мұрат ақынның арнаулары
А) “Қыз”, “Боранбайға”
В) “Үмбетәліге”
С) “Атекеге”
Д) “Датқаларға”
Е) “Жүсіпқожаға”
165. Мұраттың халықтың озып-тозбауын аңсаған толғаулары
А) “Үш қиян”, “Қазтуған”
В) “Қыз”, “Өлім”
С) “Шора батыр”
Д) “Ақжонас батыр”
Е) “Боранбайға айтқаны”
166. Мұраттың “Сарыарқа”, “Әттең бір қапы дүние-ай” толғауларының тақырыбы
А) халықтың азып-тозбауы
В) көңіл-күй
С) сыршылдық
Д) табиғат
Е) махаббат
167. Әбубәкір Кердерінің айтыстары
А) Құлымбет
В) Қатаған
С) Құлыншақ
Д) Сүйінбай
Е) Шөже
168. “Заманның опасыз халіне айтқан өлеңі” шығармасының авторы
А) Әбубәкір
В) Мұрат
С) Дулат
Д) Шортанбай
Е) Базар
169. Біржан салдың “Жамбас сипар”, “Талай заман” өлеңдерінің тақырыбы
А) көңіл-күй
В) философиялық
С) махаббат
Д) табиғат
Е) озбырлық
170. Біржанның “Ер жігіт дүниені көрген артық” өлеңінің идеялық мазмұны
А) көңіл-күй
В) философиялық
С) махаббат
Д) табиғат
Е) озбырлық
171. Біржан салдың “Айтбай”, “Ләйлім-шырақ”, “Алтын балдақ” өлеңдерінің тақырыбы
А) табиғат
В) еңбек
С) махаббат
Д) адамгершілік
Е) озбырлық
172. “Біржан сал мен Сара” айтысының қанша нұсқасы бар?
А) 4
В) 5
С) 3
Д) 2
Е) 6
173. Біржан сал айтысының түрлері
А) қыз бен жігіт
В) қайым
С) түре
Д) жұмбақ
Е) сүре
174. Ақан серінің “Жастық шақтар”, “Достарыма” өлеңдерінің тақырыбы
А) көңіл-күй
В) философиялық
С) махаббат
Д) аңшылық
Е) озбырлық
175. Ақынның махаббат тақырыбындағы өлеңдері
А) “Сырымбет”, “Үш тоты”
В) “Әйелдер сипаты”
С) “Заманға қарап”
Д) “Құлагер”
Е) “Кәрілік”
176. Ақанның азаматтық әуенді, сыншыл сарындағы озбырлықты сынаған өлеңдері
А) “Құлагер”, “Заманға қарап”
В) “Әйелдер сипаты”, “Жігіт сипаты”
С) “Ақ көйлек”, “Мақпал”
Д) “Қара торғай”, “Кербез сұлу”
Е) “Сырымбет”, “Үш тоты”
177. Ақан серінің айтыстары
А) Орынбай, Әділ
В) Сүйінбай
С) Қатаған
Д) Құлыншақ
Е) Шөже
178. “Біздің көңіл қайда жатыр”, “Жастықтың ақ түлкісі аралдағы” өлеңінің авторы
А) Ақан сері
В) Біржан сал
С) Әбубәкір
Д) Дулат
Е) Мұрат
179. Ақан сері қанша жыл ғұмыр кешті?
А) 70
В) 58
С) 65
Д) 90
Е) 60
180. “Адамның біліміне ақыл серік”, “Айтамын замандасқа біраз кеңес” өлеңдерін тудырған ақын
А) Ақан сері
В) Біржан сал
С) Сегіз сері
Д) Әбубәкір
Е) Мұрат
181. Абайдың жас шағындағы өлеңдері
А) “Сап-сап көңілім, сап көңілім”
В) “Сенбе жұртқа”
С) “Жаз”
Д) “Болыс болдым, мінеки”
Е) “Алыстан сермеп”
182. Абайдың творчестволық жолына үлгі болған классик жазушылар
А) Пушкин, Лермонтов, Крылов
В) Горький, Толстой
С) Мұқанов, Әуезов
Д) Чернышевский, Добролюбов
Е) Бедрый, Салтыков-Шедрин
183. Абайдың
Тайға міндік,
Тойға шаптық,
Жақсы киім киініп...
өлеңінің буын санын, шумағын қанша жолдан екенін көрсет
А) 4,7 буын, 3
В) 3,5 буын, 4
С) 6,7 буын, 5
Д) 2,5 буын, 6
Е) 3,4 буын, 2
184. Абайдың қазақ поэзиясына енгізген өлең түрлері
А) 3,4,6,9 буынды
В) 7,11 буынды
С) 1,7,8,11 буынды
Д) 10,11,12 буынды
Е) 2,6,7,10 буынды
185. Абай поэзиясының тілі туралы алғаш ғылыми пікір білдірген профессор
А) Қ. Жұбанов
В) І. Кеңесбаев
С) Р. Сыздықова
Д) Қ. Аханов
Е) А. Қайдар
186. Абайдың шумағы, буын саны, бунағы мен ырғағы жағынан мүлде жаңа түрде жазылған өлеңдері
А) “Тайға міндік”, “Сегіз аяқ”
В) “Жігіт сөзі”
С) “Қыс”
Д) “Жазғытұры”
Е) “Өлсе өлер”
187. Абай қалыптастырған әдебиет ағымы
А) реалистік
В) романтикалық
С) толғау
Д) арнау
Е) дастаншылдық
188. Абайдың адамгершілік мораль, мінез-құлық туралы ғибрат ретінде жазылған қарасөздері
А) “он үшінші”, “жиырмасыншы”
В) “бірінші”, “жиырма бесінші”
С) ”екінші”, “жетінші”
Д) “он жетінші”, “үшінші”
Е) “отыз тоғызыншы”
189. Абайдың философиялық ойларын дүниеге көзқарасын білдіретін қарасөздері
А) “жетінші”
В) “тоғызыншы”
С) “сегізінші”
Д) “үшінші”
Е) “бірінші”
190. Абай қарасөздерінің жанрлық түрлері
А) мысал-өсиет, әңгіме, кеңес
В) толғау
С) баллада
Д) арнау
Е) новелла
191. Абай Лермонтовтан шамамен қанша өлең аударған?
А) 30
В) 40
С) 36
Д) 25
Е) 20
192. Абай поэмалары қандай үлгідегі шығармалар
А) нәзира
В) аударма
С) толғау
Д) баллада
Е) арнау
193. Халық әдебиеті мұраларын жинаған оларды өзінің ұстаздық жұмысына пайдаланған қаламгер
А) Ыбырай
В) Абай
С) Шоқан
Д) Спандияр
Е) Ахмет
194. Қазақ жазба прозасының негізін қалаған ақын
А) Ыбырай
В) Абай
С) Шоқан
Д) Спандияр
Е) Сәбит
195. Ыбырайдың адамгершілік тәрбиесін сөз еткен өлеңдері
А) “Әй, достарым!”
В) “Сөз басы”
С) “Жаз”
Д) “Өзен”
Е) “Азған елдің молдасы”
196. Ыбырайдың оқу-білім тақырыбына арнаған өлеңі
А) “Сөз басы”
В) “Әй, жігіттер!”
С) “Өзен”
Д) “Жаз”
Е) “Әй, достарым!”
197. Ыбырайдың озбырлықты әлеуметтік теңсіздікті сынаған өлеңдері
А) “Береке кеткен елдерде”
В) “Өнер-білім бар жұрттар”
С) “Өзен”
Д) “Жаз”
Е) “Әй, достарым!”
198. Фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектерін жазған ғалым
А) Шоқан
В) Абай
С) Ыбырай
Д) Шәкәрім
Е) Ахмет
199. Қырғыз тарихы мен фольклорын зерттеген ғалым
А) Шоқан
В) Мұхтар
С) Әлікей
Д) Шәкәрім
Е) Ахмет
200. Ол туралы орыс ғалымдары еңбек жазған ғалым
А) Шоқан
В) Абай
С) Ыбырай
Д) Шәкәрім
Е) Ахмет
Достарыңызбен бөлісу: |