Сабақтың жоспары:
Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы және типтері.
Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық.
Жаһандық проблемалар және халықаралық ұйымдар.
Қазіргі жаһандық проблемалар жүйесіндегі Қазақстан.
Сабақтың мазмұны:
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар – бұл адамзаттың әлеуметтік дамуымен байланысты, өмірлік қажетті проблемалар жиынтығы.
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың айрықша белгілері - барлық мемлекеттердің, адамзаттың өмірлік қажеттіліктері қозғалады; адамзаттың позитивті дамуына қатер төндіреді; өз шешіміне барлық мемлекет пен халықтың ұжымдық күш салуын талап етеді.
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың негізгі топтары:
Халықаралық қатынас саласымен байланыстылар: бейбітшілікті сақтау мәселесі, әлсіз дамыған мемлекеттердің экономикалық артта қалу қиындықтарын жеңу, халықаралық терроризммен күрес.
Қоғам мен жеке адамның өзара қарым – қатынасымен байланысты: аштық пен күрес, білім мен денсаулық саласының маңызды мәселелерінің шешімі, адамзат өмір сүруінің рухани саласын қорғау.
Табиғат пен адамның өзара қарым – қатынасымен байланысты: экологиялық, энергетикалық, шикізаттық, азық – түліктік және демографиялық.
Жаһандық проблемалардың принципиалды ерекшеліктері мыналар:
Планетаралық, жалпыәлемдік сипатқа ие, барлық халықтар мен мемлекеттердің өмірлік маңызды мүдделерін қозғайды;
Тез арада шешуді талап етеді, сондықтан да барлық халықтар мен мемлекеттер, мемлекетаралық бірлестіктер мен бүкіл әлемдік қауымдастықтардың ұжымдық талпыныстарын талап етеді;
Егер шешімі табылмаса бүкіл адамзатқа қауіп төнеді, регресске, өркениет құлауына алып келеді.
Міне осы ерекшеліктері жаһандық проблемаларға әлемдік қауымдастықтың негізгі назарын аударуына, әлемдік саясаттың негізгі мәселесі болуына алып келеді. Мұнда әрине экономикалық дамудың тұрақты жолын табу өте күрделі болып табылады. Өндіріс пен тұтынудың қазіргі моделі капитализм жер шарының барлығына жуық бөлігінде басым болғандықтан өндірістің нақты тарихи құн мен қосымша құн- капитал формасына өтті. Катипал ішкі өлшемге ие емес және шексіз сандық өсуге тырысады. Сондықтан қоғамдық байлық тауарлардың өте көп жиналуымен, ал қоғамдық прогресс оның саны мен түрлерінің шексіз көбеюімен сипатталынады. Дамыған елдер «алтын миллиард» дамушы елдерге қарағанда планета ресурстарын 20 есе көп пайдаланады. 75-ды құрап отырған дамушы елдерге әлемдік табыстың 14 ын ғана пайдаланады. Бұл қоғамтанушы ғалымдардың тұтынушы қоғам сатысына келдік деп тұжырымдауына алып келді.
Тұтынушы қоғамда әр түрлі манипуляциялау құралдары арқылы, бірінші кезекте жарнамамен адамдардың жеке таңдау бостандығы бұзылады. Дамыған елдердегі адамдардың тұтынуға деген тәуелділігі табиғи ортаға деген қысым мен әлемдік экологиялық атапты күшейтеді. Сондықтан да БҰҰ (Бразилия, 1992ж) қоршаған ортаны қорғау мен даму туралы конференциясы тұрақты даму концепциясын қабылдады. Оның мәні, өндіріс күші мен Жер шары тұрғындарының әл ауқатының ілгері дамуы, өндіріс пен тұтыну моделінің сапалы өзгеруіне, Жердің экологиялық балансын сақтауға, табиғат байлығын, материалдық ресурстар мен еңбекті жаппай үнемдеуге, батыстық өркениеттің ысыраптық сипатын жоюмен ғана мүмкін болмақ.
Мұнда жаңа технологиялық базаны қалыптастыру, автоматтандырылған басқару (микроэлектроника), энергияның жаңа көздерін табу, микро биотехнологияны дамыту, деурбанизациялау т.б. маңызды.
Еңбек табиғи ортаны сақтау негізіне айналуы тиіс. Еңбектегі интелектік потенциалды дамыту, табиғат пен технология заңдарын адам мен қоғамның ғылыми тануын дамыту.
Кедейлік – жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың қажетті игіліктер құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы, яғни өзінің өмірлік қажеттерін қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы. Кедейліктің асқынуы халық бұқарасының жаппай қайыршылануына апарып соқтыруы мүмкін. Кедейлік, материалдық жоқшылық рухани кедейлікке ұласады. Мұның салдары елде түрлі қылмыстың етек алуына, азғындыққа апарып соқтырады. Жер шары халқының саны 1960 жылы 3 миллиардтан көбейіп XXI ғасыр басында 6,3 миллиардқа жетті. 1,2 миллиард адам қазіргі әлемде кедейліктің сипаты әртүрлі: ашаршылық, таза ауыз судың және қарапайым санитарлық жағдайдың жоқтығынан жапа шегуші балалар, өз отбасын қамтамасыз ету мүмкіндіктері жоқ ересектер. 1,2 миллиард астам адам бір күнде бір доллардан кем ақшаға өмір сүруде, 800 миллион адамнан аштық зардабын шегуде. Кедейлік мәселесі қара ниетті басқарудың, саяси тұрақсыздықтың, қақтығыстардың, жұқпалы індеттердің және табиғи апаттардан қорғансыздықтың негізінде қоғамның әлеуметтік-саяси құлдырауы салдарынан қиындай түсуде. 1990-шы жылы әлемнің көптеген аймақтарында кедейлік деңгейі біршама төмендегеніне қарамастан, Африкада (әлемнің ең кедей 20 елінің 18-і осында орналасқан) кері үрдіс байқалуда. 2010 жылы қарай 435 миллион африкандықтар азық-түліктің жетіспеушілігіне ұшырауда. 2000 жылы әлемдік қауымдастық 2015 жылы дейін кедейлікті жартысына дейін қысқарту міндеттемесін қойды. Бұл мақсатқа жету үшін 2005 жылы "Үлкен сегіздік елдері" Африкаға қажетті ресурстарды бөлу жөнінде саяси міндеттемелер қабылдады.
Соғыс пен жаппай қарулану үшін жарыстың табиғат пен адамзатқа әкелген зардабы зор. Соғыстарда ХVII ғасырда – 3,3 млн, XVIII ғасырда- 5,5 млн, XIX ғасырда – 16 млн, XX ғасырда – 100 млнға жуық адам қаза тапты.
Мемлекеттер мен халықтар жаһандық мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында әлемдік қауымдастық құрып отыр. «Әлемдік қауымдастығы» ұғымын алғаш рет ресми түрде 1969 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде АҚШ Президенті Ричард Никсон қолдаған. Ол,- «Бүкіл тарихи ғұмырымызды біз бірінші рет әлемдік қауымдастық болып отырмыз»,- деп көрсетті. Әлемдік қауымдастықтың мақсаты-әлемдік тәртіптерге әсер ете отыра әлемдік бейбітшілік пен адамзатты сақтау болып табылады. Негізгі мақсатты орындау үшін барлық мемлекеттер әлемдік қауымдастықты нығайта беруге мүдделі болуға тиісті. Бұл ретте әлемдік және аймақтық басым державалардың бейбітшілік пен татулық үлгілерінің маңызы үлкен. АҚШ, Қытай, Ресей, Индия, Бразилия, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Пәкістан сияқты қуатты мемлекеттердің агрессияға бармауы, әлемдік тәртіптерде бейбітшілік пен қауымдастығының жаһандық мәселелері мен қауіптерді тиімді шешу саясатын жүргізуге жағдай туғызатыны анық. Әлемдік тәртіптерде, әлемдік геосаяси құрылымда бейбітшілік әлемінің басым болуына жағдай жасайтын мемлекеттерді нағыз бейбітшілікті сүйетін мемлекеттер ретінде бағалауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |