Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға



бет10/62
Дата28.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#133637
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62
Байланысты:
Семинар әдістемелік нұсқау

Сабақтың мазмұны
Қазақстан Республикасының Президент Институты. Еліміздің бас құжатында мемлекетті басқару нысаны белгіленді. Мемлекетті басқару нысаны ретінде Қазақстандағы президенттік институтты енгізу посттоталитарлық уақыт пен өтпелі кезеңнің талабына сай келіп, қиыншылықтан шығудың дұрыс жолы болды. 1990 жылы 24 сәуірде тағайындалған бұл саяси институт өзінің даму барысында белгілі эволюциялық жолдан өтті. Қолданыстағы Конституцияның 40-бабында «Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға» деп атап көрсетілді.
1990 жылғы 25 қазанда қабылданған «Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация тоталитарлық жүйеден босаған қоғамымыздың саяси болмысын айқындаған тұңғыш құжат еді. Ол егемендікті ғана жариялап қойған жоқ, елімізде ізгілікті демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың бағытын да белгілеп бергенді. Декларацияда мемлекетіміздің болашағы үшін аса маңызды мәселе дүниежүзілік практика әлдеқашан мойындаған мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінетіндігі атап көрсетілді. Бұл қағида бір жылдан кейінгі «Қазақ КСР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңда құқықтық күшке ие болды да, 1993 жылғы Конституцияда шешімін тапты. 1995 жылы қабылданған конституцияда одан әрі тереңдетіліп, жетілдіріле түсті. Елімізде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату мақсаты қойылды.
Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет