Cеминар №1. Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану
Сабақтың жоспары:
Саясат ұғымы мен түсінігі.
Саясат табиғаты, көлемі мен мазмұны.
Саясаттың генетикалық негізі.
Саясаттану пәнi мен объектiсi.
Сабақтың мазмұны
Саясат – бұл саяси биліктің қалыптасуы мен қызмет ету тұрғысынан үлкен әлеуметтік топтардың (класстардың, ұлттардың, мемлекеттердің) арасындағы қатынастар, және олардың қызығушылықтарын білдіретін қоғамдық маңызды талаптар мен қажеттіліктерді жүзеге асыратын қызмет.
Саяси қызмет – бұл билік қызметін атқаратын жеке тұлғалар мен топтардың ұйымдасқан өзара қарым- қатынасы.
Саяси қатысу – бұл мемлекеттік немесе үкімет аппаратын қалыптастыруда тікелей қатысы жоқ. саяси белсенді адамдардың олардың қызметіне ықпал етуге тырысатын әр түрлі формадағы кәсіби емес саяси қызметтері.
Саяси шешім – бұл ұжымдық және жеке формада жүзеге асырылатын саяси қызметтің, кезеңдердің, әдістердің міндеттерін анықтайтын процесс және олардың жетістіктері,
билікті жүзеге асыру байланыстары.
Саяси прогресс – бұл саяси жүйедегі әр түрлі әлеуметтік қызығушылықтардың көрінуінің көбеюі, саяси қатынастардың дамуын жетілдірудің бағыттары.
Достарыңызбен бөлісу: |