Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға



бет56/62
Дата28.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#133637
түріСеминар
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62
Байланысты:
Семинар әдістемелік нұсқау

Сабақтың мазмұны:
Мемлекеттердің даму қарқыны мен бағыты көп жағдайда стратегиялық бағытының дұрыстығы мен көлеміне тәуелді болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның саяси даму стратегиясын даярлау мен жүзеге асырудағы жауапты да қажырлы еңбектің арқасында демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі қалыптасқан, қуатты да табысты, әрі әлемдік қоғамдастық таныған мемлекет құрылды.
Еліміздегі саяси даму стратегиясының негізгі бағыттары «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» (1992ж.), «Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» стратегиялық бағдарламасы (1997ж.), «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары» (2010ж.) және «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» сияқты стратегиялық бағдарлама-ларында айқындалған. Демек, дамудың эволюциялық жолына бағытталынған және болашақ даму міндеттерін айқындайтын Қазақстанның саяси даму стратегиялары кешендік және жүйелілік сипатқа ие болып табылады.
«Қазақстан - 2030» Президенттік стратегиясы ұлттық бірлік пен әлеуметтік әділеттілік орнаған, халқының экономикалық әл-ауқаты жетілген, тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнатудың теориялық-әдіснамалық базасын және оған жетудiң жолдары мен әдiстерiн айқындаған құжат. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай он бес жыл ішінде мықты стратегияға ие болып, әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере алдық. «Қазақстан-2030» стратегиясының жеті ұзақмерзімді басымдылықтары: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның бірігуі; экономикалық даму; денсаулық пен білім беру және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы; экономикалық ресурстар; инфрақұрылымның дамуы; кәсіби үкіметтің қалыптасуы жүзеге асырылды (1-слайд). Биылғы Жолдауда «Қазақстан-2030» стратегиясына, «осы жылдар ішінде біздің Стратегиямыз басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді» - деп жоғары баға берілген.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан-2050» Стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты» бөлімінде міндеттердің жаңа парадигмасын ұсынып, қайда бет алдық? деген сұраққа жауап берілді. «Қазақстан-2050» стратегиясында жаңа саяси бағыттың мақсатының бірі ретінде «мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту» - басымдылығы ұсынылған.
«Қазақстан-2050» стратегиясында біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру, ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс - деп атап көрсетілген.
«Қазақстан-2050» стратегиясында жоспарлар мен бағдарламалар әзірлеуде мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту мақсаты алға қойылды.
Стратегияда орталықсыздандыру идеясы ұсынып, орталықсыздандыру – ең алдымен мемлекеттік басқару жүйесінің сапалық өзгерісі, мәселелерді жергілікті деңгейде шешу жүйесін өзгерту – деп ескертеді.
Жолдауда өркениетті жолмен жүру үшін қоғамды одан әрі демократия-лануына бағыт ұстау міндетті қойылған. Сонымен бірге, парламенттің өкілеттіктерін күшейту саясатын жалғастыру қажеттілігі атап айтылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет