Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға


Сайлаушылардың саяси белсендiлiгiн арттыру қызметi



бет36/62
Дата28.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#133637
түріСеминар
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62
Байланысты:
Семинар әдістемелік нұсқау

Сайлаушылардың саяси белсендiлiгiн арттыру қызметi. Сайлау науқаны кезеңiнде сайлаушылар әртүрлi саяси бағыттарды, әлеуметтiк-саяси күштердi қарастырады. Олардың iшiнен өз мүддесiне лайықтысын, қанағаттандырылу мүмкiндiгi барын таңдайды. Дегенмен сайлаудың әдiлеттi өтуi көбiнесе сол электораттардың саяси белсендiлiгiне байланысты екендiгiн ұмытпау керек.

Сайлаудың демократиялығын бiрнеше қағидалар анықтайды:
1. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы қағидасы жынысына, нәсiлiне, дiнге көзқарасына, әлеуметтiк шығу тегiне және т.б. қарамастан белгiлi бiр жасқа толған барлық азамат сайлауға және сайлануға құқылы. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы белсендi сайлау құқығы және бәсең сайлау құқығы болып бөлiнедi.
Белсендi сайлау құқығы- ол 18 жасқа толған азаматтың сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы.
Бәсең сайлау құқығы- ол заң белгiлеген шектеулер:

  • жастық шектеу (18 жасқа дейiнгiлер қатыса алмайды);

  • қабiлетсiздiк шектеу (жүйке аурулар);

  • моралдық шектеу (сот тәртiбiн бұзғандар);

  • тұрғын жерi мен азаматтығына байланысты шектеулер.

2. Сайлау құқығындағы тепе-теңдiк қағидасы. Яғни сайлаушылардың барлығының бiрдей дауысты иеленiп қатысуы, бiр сайлаушының басқа сайлаушыларға қарағанда ешқандай жеңiлдiкке ие болмауы. Сонымен бiрге, сайланушылар құқығының да бiрдей болуы. Мұнда өкiлдiк нормаларына сәйкес халықтың саны бойынша тепе-теңдiк сайлау округтерi құрылады. Барлық азаматтардың сайлау құқығы заңмен бiрдей деңгейде қорғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет