Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға


Саяси конфликт- саяси субьектiлердiң саяси қызығушылықтарының, құндылықтары, мақсаты мен көзқарастарының қарама-қайшылықтарына негiзделген қақтығыстар мен күресулер



бет59/62
Дата28.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#133637
түріСеминар
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Семинар әдістемелік нұсқау

Саяси конфликт- саяси субьектiлердiң саяси қызығушылықтарының, құндылықтары, мақсаты мен көзқарастарының қарама-қайшылықтарына негiзделген қақтығыстар мен күресулер. Саяси конфликт ұғымы бiр субьектiлердiң екiншiсiмен саяси қатынас жүйесiне ықпал ету мақсатындағы күресiн бiлдiредi. Саяси конфликт әлеуметтiк конфликттен ерекшелiгi, ол барлық азаматтар үшiн мiндеттi, мүдделер мен мемлекеттiк билiк субьектiлерi арасындағы өзара әрекет. Саяси конфликттердiң обьектiсi мен пәнi саяси және мемлекеттiк билiк, оны иелену, билiк институттарының құрылымы, әлеуметтiк топтардың саяси статусы, саяси құндылықтар мен рәмiздер болып табылады. Мұнда әңгiме адамзат индивидi, топтар, билiктi алып жүрушi ұйымдар туралы болып отыр. Әрбiр саяси жүйе өзiндiк саяси статустық құрылымға ие: бiрi үстемдiк етедi, бiрi бағынады, бiрi басқарады, бiрi басқарылады т.б. Бұл моделдердiң әрқайсысына билiк субьектiсi мен оның обьектiсi- үстемдiк етушi мен бағынушы арасындағы қарама-қайшылық енгiзiлген. Бұл саяси конфликттiң көзi болып табылады. Оның болуы обьективтi және субьективтi себептер мен жағдайларға байланысты.
Саяси конфликттер даму барысында бiрнеше кезеңдерден өтедi. Алғашқы кезеңдерiнде конфликттерге негiз туады. Оларға қажеттi көңiл бөлiнбесе өрши түседi. Мысалы, адамдардың өмiр сүру деңгейi төмендейдi, құқық сақтау, адамгершiлiк тәртiптер бұзылады. Әдiлетсiздiктi бұрынырақ сезетiн қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерiнiң келiспеушiлiктерiн бiлдiре бастайды. Екiншi кезеңiнде, келiспеушiлiк, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкiн. Конфликттер кезiнде басқарушы топтың әр түрлi қылмыстары ашылып, беделдерi кетiп, сенiмсiздiк туады. Одан кейiн, үшiншiден екi жақта ашық қарсылық, қақтығыстар болуы мүмкiн. Екi жақты да адамдардың көпшiлiк топтары қолдап, даудың шеңберi кеңеюi мүмкiн. Егер мұның бәрiне жол табылып, шешiлмесе, қарулы қақтығысқа айналады.
Сондықтан қазiргi кезде конфликттi шешудiң екi жолы қалыптасқан:
1. Конфликттi мәмiлеге келу арқылы бейбiт жолмен шешу. Мәмiле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешiрiмдiлiк бiлдiрiп, ымыраға келуiн айтады. Онда екi жақ бiр-бiрiн ұғынысып, өзара кешiрiмдiлiк жасап, ортақ келiсiмге келуге тырысады.
2. Зорлық негiзiнде бiтiстiру, келiстiру. Мұндай жағдай бiр жақтың күшi айтарлықтай басым болғанда, екiншi жақ жеңiлгенде немесе оны толық жойып жiбергенде туады.
Екi жақты татуластырудың кең тараған түрi- келiссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пiкiрi, дәлелдерi белгiлi болады, күштiң арақатынасы айқындалады, келiсiм шарттары анықталынады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшiн оның мәнiн, ерекшелiктерiн, әлеуметтiк негiзiн және т.б. зерттеп бiлген жөн.
Қоғамда саяси жанжалдар болуы көбiнесе оппозицияның бар-жоғына да байланысты. Бұрынғы Кеңес дәуiрiнде көппартиялық оппозиция ерсi сияқты көрiнетiн. Ал демократиялық елдерде олар қажеттi шарт. Олар болмаса билiк ұйымдарына сенiмсiздiк туады, олар бюрократияланады. Оппозицияда әр топтың талап-тiлектерi, көзқарастары ескерiледi. Сондықтан философ Дж.Милль демократиядан оппозицияны алып тастаса диктатура қалады деп тегiн айтпаған.
Конфликт болған соң, одан қайткен күнде де шығу керек. Ол адамзаттық келiсiм негiзiнде шешiлуi тиiс. Оның екi жолы бар:
1. араздық, жаулық қаупiн бұзып, сенiм жағдайын туғызу;
2. барлық деңгейде адамдардың қарым-қатынасын бiр қалыпты жағдайға түсiру. Зорлықтан аулақ болу. Конфликттi шешудiң әр түрлi әдiстерi қалыптасқан, мәселен:
Бiрiншiден, конфликттен қашу әдiсi. Мысалы, белгiлi бiр саяси қайраткердiң саяси аренадан өз еркiмен кетуi, елден эмиграция, «қарсыласымен» кездесуден қашу т.б. Бұл әдiс конфликттi толық шеше алмайды, оның негiзгi қарама-қайшылығын сақтап қалады.
Екiншiден, бұл оны жоққа шығару немесе орнын ауыстыру әдiсi. Бұл тәсiл конфликттi бiр саладан екiншiсiне ауыстыруға мүмкiндiк бередi.
Үшiншiден, конфронтация әдiсi. Бұл әдiс конфликттi саяси тәртiбiмен қосып жойылуына алып келедi /1917 ж. революция мен 1991 ж. КССР-дегi қайта құрулар/.
Төртiншiден, конфликттi тоқтата тұру әдiсi, конфликтушi жақтар назарын басқа жаққа ауыстыру, көбiнесе күш жинау үшiн, уақыт ұту үшiн қолданылады.
Бесiншiден, конфликттi реттеу әдiсi, қақтығысушы жақтардың бағыттары мен мүдделерiнiң жақындастырылуы. Бұл татуластырушылық шара болып табылады. Мұнда конфликттi шешуге келiсiмдiк комиссия, конфликт жөнiндегi менеджерлер, жеке саяси қайраткерлер, мемлекеттер болуы керек. Бұл конфликттi шешу тәсiл Гаага конвенциясында (1907 ж.) тiркелген.
Алтыншы, арбитраж немесе үшiншi бiреудiң қатысуымен конфликттi шешу әдiсi. Конфликтушi екi жақтың өз тартыстарын шешудi үшiншi бiр жаққа беруi.
Cеминар №15. Жаһандану және қазіргі жаһандық қауіп қатерлер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет