Халықаралық зерттеулер TIMSS бағдарламасы. Қазақстандық мектептің білім беру сапасының TIMSS халықаралық зерттеуінің көрсеткіштеріне талдау Орындаған: Кемелбекқызы Б.
Күздікбай А.
Садвакасова А.
Тексерген: Амирова А.
Республикамыз қазір ТІМSS зерттеулеріне қатысатынын білеміз. Халықаралық ТІМSS зерттеуі - бастауыш сыныптар бойынша 4- сынып оқушыларының математика мен жаратылыстанудан білім сапасын бағалайтын төрт жылдық мерзіммен өткізіледі. Зерттеуге 63 елден аса әлем елдері қатысады. Бағдарламаны оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша Халықаралық Қауымдастығы (IEA) үйлестіреді.

1995 жылдан бері бастау алатын TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуінің негізгі мақсаты 4-сынып оқушыларының математика мен жаратылыстану пәндері бойынша оқу жетістіктерін бағалау және басты мектепішілік және мектептен тыс білім детерминанттарын анықтау болып табылады.

Қазақстанның аталмыш жобаға қатысуы білім сапасын дамытуда стратегиялық маңызға ие, әсіресе елімізде Халықаралық білім берудің көпшілікпен мақұлданған принциптеріне негізделіп құрылып жатқан 12 жылдық білім беруді енгізу аясында бағыт береді. Зерттеу нәтижесінде алған мәліметтер білім сапасы мен әлемдік білім беру жүйесіндегі орны жөнінде ой өрбітуге мүмкіндік береді. Ал, енді осы зерттеулердегі еліміздің орынына тоқталайық. 2007 жылы TIMSS зерттеуіне еліміздің 141 мектебі қатысты. Оның ішінде 89 қала , 52 ауыл мектептері еді. Жалпы зерттеуге 3 990 бастауыш сынып оқушылары қатысты. Соның ішінде 2 394 қазақ тілінде, 1596 – орыс тілінде білім алушылар.
Халықаралық TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуі оқушылардың математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттерін бағалауға бағытталған.

Халықаралық TIMSS зерттеуі 1995 жылы басталып, төрт жылдық кезеңмен (1995, 1999, 2003, 2007, 2011, 2015) өткізіледі. Қазақстанда бұл зерттеуді алғаш рет 2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы» өткізеді.

TIMSS тапсырмаларының әр қайсысы сурет, график және диаграмманы қамтиды. Сондықтан тиімді оқыту нәтижелері интерактивті пәндік кабинеттерін қолдану мүмкіндіктерін тиімді пайдалану болып табылады. Қазақстанның білім беруінің ілгері сипатын сақтап қалу, оның тәжірибелік және өмірлік компоненттерін жақсартады. Жаңа мазмұн тұлғаны сәтті оқытылған және өзін-өзі белсенді, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда күтілетін нәтиже ала алады. Осылайша, жаңа деңгейге біртіндеп көшу Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне бірігуіне мүмкіндік береді, сондай-ақ, елдегі білім беру сапасы көрсеткіштерінің айтарлықтай артуына алып келеді.
TIMSS-2019 халықаралық зерттеуіне облыс бойынша қатысқан 17 білім мекемесінің зерттеу қорытындысы бойынша нәтижелері талданды.
TIMSS-2019 халықаралық зерттеуіне облыс бойынша қатысқан 17 білім мекемесінің зерттеу қорытындысы бойынша нәтижелері талданды.
Айта кету керек, Жамбыл облысының 4, 8-сынып оқушылары TIMSS-2019 халықаралық зерттеуіне қатысып, республика бойынша жоғарғы көрсеткішпен 1 орынды иеленді.
Халықаралық негізгі зерттеудің нәтижесінде облыстың 4-сынып оқушылары «Математикалық сауаттылық» бойынша 556 балл жинап, республикалық көрсеткіштен 44 баллға жоғарылады. Ал 8-сынып оқушылары 584 баллмен республикалық көрсеткіштен 96 баллға жоғары тұрды.
Сондай-ақ, «Жаратылыстану сауаттылығы» бойынша 4-сынып оқушылары 545 балл жинап, республикалық көрсеткіштен 51 баллға жоғары нәтиже көрсетті. Ал 8-сынып оқушылары 559 балл жинады. Бұл республикалық көрсеткіштен 81 баллға жоғары.

Жалпы TIMSS-2019 халықаралық негізгі зерттеуіне облыс бойынша 17 білім мекемесінен 4-сыныптан 396 оқушы, 8-сыныптан 402 оқушы қатысқан. Сонымен қатар 4- сыныптың 21 жетекшісі мен 8-сыныптың жаратылыстану-математика бағытындағы 110 пән мұғалімі арнайы берілген сауалнамаларды толтырған.