Бiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы


-тарау. БIЛIМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ



бет27/35
Дата12.10.2020
өлшемі371,5 Kb.
#66414
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
8-тарау. БIЛIМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

      54-бап. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң


              мақсаты мен нысандары

      1. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк реттеу бiлiм алуға конституциялық құқықтарды iске асыруды қамтамасыз ететiн жағдайларды жасауға және бiлiм беру ұйымдары ұсынатын бiлiм беру қызметтерiн көрсетудiң жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

      2. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, бiлiм сапасын басқару, стандарттау, бақылау жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.

      55-бап. Бiлiм беру сапасын басқару

      1. Бiлiм беру сапасын басқару бiлiм беру саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруға бағытталған және бiлiм сапасын бағалаудың бiрыңғай ұлттық жүйесiн құрайтын мемлекеттiк және институционалдық құрылымдарын, бiлiм берудi қаржыландыруға бөлiнетiн қаражатты пайдалану ұтымдылығын және бiлiм беру жүйесi жұмыс iстеуiнiң тұтастай тиiмдiлiгiн қамтиды.

      2. Бiлiм беру сапасын басқару бiлiм беру мониторингiнiң нәтижелерi, негiзiнде барлық деңгейлерде басқарушылық шешiмдердi қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

      3. Бiлiм беру мониторингi бiлiм сапасын сырттай және iшкi бағалау әдiстерi арқылы өткiзiледi.
      Бiлiм беру сапасын сырттай бағалау бiлiм беру ұйымдарын лицензиялаудың, мемлекеттiк аттестаттаудың, бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеудiң рәсiмдерiн, ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң, мемлекеттiк аралық бақылаудың, сондай-ақ барлық үлгiдегi және түрдегi бiлiм беру ұйымдарын саралау мен техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi ұйымдарда бiлiм алушыларға бiлiктiлiк берудiң рәсiмдерiн қамтиды.
      Бiлiм беру сапасын iшкi бағалау сапа менеджментi жүйесiн, бiлiм беру; ұйымдары қызметiнiң барлық түрлерiнiң өзiн-өзi бағалауының әртүрлi рәсiмдерiн, үлгерiмдi ағымдағы бақылауды, бiлiм алушылардың бiлiм алу-жетiстiктерiн бағалауды қамтиды.
      Жоғары оқу орындарының қызметiн бағалау осы оқу орнындағы оқыту сапасы туралы студенттердiң пiкiрiн қамтиды.

      56-бап. Бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет