«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы


-бап. Білім беру ұйымдарын басқару



бет21/33
Дата16.09.2022
өлшемі120,49 Kb.
#149694
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Байланысты:
білім туралы заң

44-бап. Білім беру ұйымдарын басқару
1. Білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, тиісті үлгідегі білім беру ұйымы қызметінің үлгілік ережелері мен білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жеке-дара басқару және алқалылық принциптерімен жүзеге асырылады.
2. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады.
3. Лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Пре­зиденті айқындайтын жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қоспағанда, білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Бірінші басшыларын Қазақстан Респуб­ликасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық ныса­нындағы мемлекеттік орта білім беру ұйымының басшысы лауазымға конкурстық негізде тағай­ындалады.
4. Білім беру ұйымы басшысы лауазымының атауы, білім беру ұйымының алқалы органдарының құзыреті, құрылу және қызметінің тәртібі, олардың арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерімен айқындалады және олардың жарғы­ларымен бекітіледі.
5. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен аттестаттаудан өтеді.
Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан боса­татын жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орында­рының бірінші басшыларының аттестаттаудан өту тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
6. Мемлекеттік білім беру ұйымының (меди­циналық және фармацевтік білім беру ұйымдарынан басқа) басшысы мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша өзінің орынбасарларын және бас бухгалтерді лауазымға тағайындайды және лауазым­нан босатады.
7. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларына өздерінің лауазымдарын білім беру ұйымдары ішіндегі немесе одан тыс жерлердегі басқа да басшылық (ғылыми және ғылыми-әдістемелік басшылықтан басқа) лауазымдармен қоса атқаруға тыйым салынады.
8. Мемлекеттік білім беру ұйымдары басшы­ларының лауазымдық міндеттерін қоса атқаруға болмайды.
9. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады.
Білім беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары, оларды сайлау тәртібімен қоса, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік ережелерін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру ұйымының кеңесі (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, педагогтік, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңестер және басқа да нысандар бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет