Сондықтан әлеуметтану ғылымы білім ұғымын осы екі тұрғыдан зерттейді. - Яғни білім әлеуметтануы өз алдына мына міндеттерді қояды:
- Білім беруге деген қажеттіліктерді зерттеу, оның қоғам мен жеке тұлға алдындағы ролін бағалау;
- Білімнің әлеуметтік маңызын ұғына отырып, оның деңгейі мен сапасын бағалау;
- Қоғам мен білім алушылардың білімге деген қатынасын, оның әлеуметтік құндылығын зерттеу;
- Білімнің әлеуметтік мәртебеге ие болу факторы ретіндегі маңызын түсіну;
- Білімнің рухани қажеттіліктер мен мүдделердің динамикасына ықпал ету дәрежесін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |