Сабақтың мақсаты:
Білімділік: көсемше жайлы алған білімдерін пысықтау, тиянақтау, теориялық білімдерін практикада ұштастыра білуге үйрету.
Дамытушылығы: оқушыны жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту, қызығушылығын ояту, тіл байлығын дамыту
Тәрбиелігі: жас ұрпақты адалдық, патриоттық, әділеттілік сияқты адам бойында болуы тиіс асыл қасиеттерге баулу
Сабақтың типі: жинақтау - бекіту - талдау
Түрі: дәстүрлі
Көрнекілігі: мультипроектор, үлестірме парақтар
Әдісі: сұрақ - жауап, Кембридж бағдарламасы әдіс-тәсілдері
Сабақтың барысы:
Ұйымдастырукезеңі.
Оқушылармен амандасу, сабаққаназарын аудару.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, сабаққа назарын аудару Жағымды орта қалыптастыру
(әр түрлі елдердің амандасу үлгілері) Топқа бөлу
Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрады да, бір-бірімен әр түрлі елдің амандасу үлгісімен амандасады.
Кейін оқушыларға үш түсті стикер таратылып, сол бойынша үш топқа бөлінеді.
Берілген стикердің біріне бір жақсы, екіншісіне бір жаман қасиеттерін жазып, жаман қасиеттер тасталып, жағымды қасиеттерімен сабақ басталады.
Жаңа сабақ бастамас бұрын оқушыларды бағалау парақшасымен таныстыру
Сабақты Абай атамыздың
“Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек.” – деген сөзімен бастайық. ІІ. Жаңа сабақ Білген сайын келеді, біле бергім...(сұрақ-жауап)
Көре-көре көсем боларсың,
Сөйлей–сөйлей шешен боларсың
Балалар астына сызылған сөздер қандай сөздер?
Күрделі, қас сөз
-е, -й ненің жұрнағы?
Көсемшенің
Дұрыс, көсемшенің тағы қандай жұрнақтары бар?
-а, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі
Өте жақсы, біз көсемше тақырыбын өткенбіз. Бүгінгі мақсатымыз сол білімімізді тиянақтап, өмірде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Талдау-табыс кілті (кинодан үзінді)
Кинодан үзінді беріледі, оқушылар бұл ұзіндіні тамашалай отырып мәтіндегі көсемшенің жұрнақтарын тауып айтады
Жас бала емес өзі кінәлі
-Оны қамау керек сонда түзеледі.
-Әуелі тексеріп анығына жетейік, содан кейін жазалау керек.
-Жазалайтын түкте жоқ, біз сот емеспіз. Біз пионерлерміз.
-Пионер адал болу керек, білесің бе? Қожа сотқар, ұрлық қылды бүкіл класқа, мектеп атына кір келтірді. Біз оған шыдауымыз керек пе?
-Тынышталыңдар балалар!
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
-Сәлеметсіз бе!
-Бөгелмей жүргізе беріңдер.
-Кәне, кім сөйлейді? Ешкім сөйлемей ме?
-Қадиров өзі не айтады екен, тыңдап көрейік.
Қандай қорытынды шығарғанын. Қолмен істегенін, мойынмен көтеру керек.
-Ендігәрі олай істемеймін.
-Көрдің бе Қодиров, сенің сөзіңе достарың күліп отыр.
Мүмкін сен кінәлі емес шығарсың . Біреу болса, жасырмай айт
-Біреудің көлеңкесінде жүру біз пионерлер үшін ұят. Сабақтан қашқан кім?
Қожа. Сөмкеге бақа салып қойған кім? Қожа. Тәжірибе жұмысына бармаған, тағыда Қожа. Сұлтан шопанның баласын алдағанда Қожа қайда болды? Қойшының елтірісін ұрлағанда Қожа қайда болды? Сонда қайда болды Қожа?
-Сөйлеші, сөйле.
Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді. Бізді шірітіп жүрген Қожа. Қожаның бұзақы екенін бүкіл ауыл біледі. Мыналар, бұзақы Қожамен бір класта оқиды деп бүкіл жұрттың көзін шұқығанын көргім келмейді менің.
-Шамшырағыңыз жанған шығар
Ал енді балалар, ерік өздеріңде, қалай шешсеңдер ерікті өздерің білсін кәне дауысқа салайық.
Қожа далаға шыға тұрсын, әйтпесе кейбіреулер одан қорқады. «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас»
(мәтінмен жұмыс)