Білімнің басты қҰндылықтары: отаншылдық, білімге қҰштарлық, ЕҢбекқорлық


Балаларды қазіргі заман талабына сай жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқыту мен тәрбиелеуде төмендегі құндылықтардың болуы қажет



бет2/2
Дата01.09.2022
өлшемі17,96 Kb.
#148545
1   2
Байланысты:
БІЛІМНІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ (1)

Балаларды қазіргі заман талабына сай жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқыту мен тәрбиелеуде төмендегі құндылықтардың болуы қажет:
- белсенді қарым-қатынас: бала мен тәрбиешінің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;
- индивиттік: тәрбиешінің әр жеке баланың ерекшелігін дамыту, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды шешім қабылдауды үйрену;
- шыдамдылық: әр түрлі пікірлкрді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
- балалардың сана-сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәден етін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездері қалыптыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана біз мақсатқа жете аламыз.


Бала бойына ұлттық құндылықтарды дамытудағы негізгі құралдарға мыналарды жатқызуға болады:
- тәрбие жұмыстары;
- бұқаралық ақпарат құралдары;
- тәрбие шаралары (тәрбие сағаты, таным-өнеге сағаттары, т.б.)
- кітап оқу;
- тыс жұмыстарды ұйымдастыру;
- қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау;
Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, т.б. ұлттық құндылықтар аясында кеңейту - өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мақсат – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістітерімен үйлестіру. Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімділік заңы салтанат құруы шарт. Яғни ол өзінің өсу, есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, көкірек көзін ашқан ұстаздарымен де үйлесім таба білуі тиіс. Сонда ғана тұлға бойында ұлттық рухани қасиеттер бірте-бірте қалыптасары сөзсіз. Тұлға бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастырудың көзі, отбасы, әулет, әлеуметтік орта, мемлекет болса, ұлтық құндылық, ұлттық салт-сана, ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық салт-дәстүр, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтың жоғары көрсеткіші. Тәрбиенің негізі болып саналатын адамзаттық құндылықтардың бірі тәрбиенің басқа адамға деген қажеттілігі, басқа адамидарды сүйе білу қажетілі болып табылады.
Қорыта айтқанда, бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат-мұраларды жастардың санасына сіңіре білуіміз қажет. Тәрбиенің көзі ата-бабамыздан қалған мұралар мен дана сөздер десек, біз соларды насихаттайтын жүргізушіміз. Бүкіл қоғам болып қолға алып, мәдениетті, тәрбиелі болып жүруді әрқайсысымыз өзімізден бастасақ, жас ұрпақтың тәрбиесі де өз жемісін берері анық.
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
1. Ш.Елеукенов, Замандас парасаты. Әдеби сын. Алматы: Санат, 1977 ж.
2. Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы сынып жетекшінің орны.
3. Бастауыш мектеп журналы/ республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал/ №7, 2007.
4. Бастауыш мектеп журналы/ республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал/ №5, 2002.
5. Сынып жетекшінің анықтамалығы/ №1(01) 2009.
6. Әдеп және жантану/ хрестоматия/ Атамұра Алматы, 1996.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет