Білімнің берудің мазмұны туралы ұғым


жаңа типті мектептердегі білім мазмұны



бет10/35
Дата04.06.2020
өлшемі42,17 Kb.
#72367
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Байланысты:
педагогика шпор

жаңа типті мектептердегі білім мазмұны. Я.А. Коменский 12-18 жастағы жастар үшін әрбір қалада латын мектебі және гимназия болу керек деген. Білім мазмұнына сол кездегі орта мектепте оқылған "Өнердің жеті түрін" – грамматика, риторика, диалектика, арифметика, астрономия, саз, діндерді енгізіп, бұларға қосымша жаңа оқу пәндері - физика, география, тарихты оқытуды ұсынды. Д.Локк, Ж.Ж.Руссо еңбек пәндерін енгізуді талап етті. XVIII ғасырдағы француз материалистері Гельвеций, Дидро орта мектептерде классикалық білімдердің көптігін айтып, нақты пәндер – математика, физика, жаратылыстану, астрономия сияқты пәндерді оқытуды талап етті. ХХ ғасырдың ортасында, Германияда гимназиялар классикалық, жаңа тілдер, жаратылыс математика болып бөлінді. 1990 жылы гимназиялардың жұмысы жандана бастады. 1991 жылдан бастап гимназия, лицейлер көптеп ашылды.

Жаңа типті мектептер әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде дамыта отыра білім беретін орта оқу орындары. Көпшілігі жаратылыстану, ғылыми, гуманитарлық, эстетикалық бағыт болып келгенмен техникалық, педагогикалық бағдарламалар да бар. Гимназия жастар талабына жол ашып, таланттарының жан-жақты жетілуіне толық мүмкіндік ашады, онда пәндер терең оқылады. Гимназиялардың материалдық негізі базасы жақсы болу керек. Оқушылар саны жоғары сыныпта 15-18, төменгі сыныпта 25.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет