Білімнің берудің мазмұны туралы ұғым


*Оқытудың Проблемалық приницип*



бет22/35
Дата04.06.2020
өлшемі42,17 Kb.
#72367
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Байланысты:
педагогика шпор

*Оқытудың Проблемалық приницип*12. Мәселелік принцип - оқу процесінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары мәселелі сипатта болуын талап етеді. Мәселелі оқыту білімді дайын түрде бермей, оқушылардан ізденуін, дербестігін, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталады. Мәселелік принцип - оқушылардың ойлау процесінің психологиясына негізделеді. Өйткені ойлаудық басталуы мәселенің болуына байланысты, басқаша айтқанда, ойлау-мәселелік сұрақ немесе міндеттен басталады.

  • *Оқытудың интеграциялау принципі*13. Интеграциялау принципіБұл - жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция - әр түрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің тіл мен әдебиет, әдебиет пен тарих, математика мен информатика, өнер мен еңбек, этика мен әстетика, т.б. өзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардық арасындағы байланыстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге болады. Осыған орай интеграцияланған пәндердің, сабақтардың рөлі ерекше.Біз принциптерді және оларды жүзеге асыру шарттарын қарастырдық. Принциптерді жүйелі, кешенді қолдану керек. Оларды кезекпен қолдануға болмайды. Мұғалімнің алдымен бір принцип талабын, содан кейін басқасын орындаймын деуіне болмайды.Барлық принциптердің талаптары бір мезгілде орындалады. Олардың ішінде негізгілері және көмекшілері жоқ. Барлық принциптері бір-бірімен байланысты. Олар бағыт беріп отырады, оқытуда жақсы нәтижелерге жету жолдарын көрсетеді. Білімді ізгілендіру баланың дене және ақыл-ой мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді. Сондықтан нәтиже оған кеткен күшпен салыстырылады. Принциптер мүмкіндіктерді, күшті және нәтижелерді мөлшерлейді, олар бұзылмаса тепе-теңдік сақталады деп сеніммен айтуға болады



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет