30-бап. Мектепкедейінгі тәрбие мен оқыту 1. Бір жастан бес жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу отбасында және (немесе) мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылады.
2. Жергілікті атқарушы органдар отбасына және мектепке дейінгі ұйымдарға қажетті әдістемелік және консультациялық көмек ұйымдастырады.
3. Мектепке дейінгі оқыту балаларды мектепте оқуға бес жастан бастап мектепалды даярлық түрінде жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық міндетті және отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы мектепалды даярлық тегін болып табылады.