Білімтуралы қ ұ жатта р


-бап. Әлеуметтік кепілдіктер



бет45/58
Дата08.02.2022
өлшемі366,5 Kb.
#119019
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58
Байланысты:
Білім туралы заң

53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер
1. Педагог қызметкерлер мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй, оның ішінде қызметтік үй және (немесе) жатақхана;
2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызмет­керлері үшін ұзақтығы күнтізбелік 56 күн; оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызмет­керлері үшін - күнтізбелік 42 күн ақы төленетін жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.
2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне жергілікті өкілді орган­дардың шешімі бойынша:
1) қала жағдайында педагогтік қызметпен айналысатын педагог қызметкерлердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес процентке арттырылып белгіленеді;
2) коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыс­тарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша белгіленетін мөлшерде бюджет қаражаты есебінен біржолғы ақшалай өтемақы төленеді;
3) жеке меншігінде малы барларға ауыл­шаруашылық ұйымдарының қызметкерлерімен бірдей, жемшөп, малын жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері беріледі.
3. Білім беру ұйымдарының педагог қызмет­керлеріне жыл сайын тиісті бюджет қаражаты есебінен:
1) оларға кезекті еңбек демалысын беру кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен айқындалған мөлшерде күнтізбелік жылда бір рет сауықтыруға жәрдемақы;
2) “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” атағын иеленушіге айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінде мемлекеттік грант;
3) “Үздік педагог” атағын иеленушіге айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде мемлекеттік грант төленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет