Білімтуралы қ ұ жатта р


-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері



бет52/58
Дата08.02.2022
өлшемі366,5 Kb.
#119019
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   58
Байланысты:
Білім туралы заң
Назарова Н М , Специальная педагогика(1), Назарова Н М , Специальная педагогика(1), Назарова Н М , Специальная педагогика(1), Начало работы с OneDrive, А-жаңа шпор педагогика-1-1, тесттер жинағы, монолог, Лесбек Н психология бөж
60-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қажетті біліктілікке ие болуы және қосымша білім беру жүйесінде кемінде бес жылда бір рет тиісті оқытудан өтуі тиіс.
2. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
1) білім беру ұйымдарына, мекемелеріне және кәсіпорындарына тексеру мақсатында қызметтік куәлікті көрсету арқылы кедергісіз кіруге, ал ведомстволық білім беру ұйымдарына – оларға кірудің белгіленген режимін ескере отырып кіруге;
2) тексеруді жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратып алуға, тексеру нысанасына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқығы бар.
3. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақы­лауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексерулерді осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде және оларда белгіленген тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) тексеру жүргізу кезеңінде білім беру ұйым­дарының белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамаларымен белгіленген талаптарын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және болдырмау жөніндегі Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес берілген өкілеттілікті уақтылы және толық көлемде орындауға;
5) білім беру ұйымына тексеру қорытындылары туралы анықтаманы оны аяқтаған күні беруге;
6) алынған құжаттар мен тексеру нәтижесінде алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
4. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақы­лауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың іс-әрекетіне (шешімдеріне) және іс-әрекеттерді жасау (шешімдерді қабылдау) үшін негіздеме болған ақпаратқа мүдделі адамдар жоғары тұрған лауазымды адамға және (немесе) сотқа шағымдануы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет