Биназар батыр кесенесі



Дата23.05.2022
өлшемі14,23 Kb.
#144763
Байланысты:
Биназар батыр кесенесі


Биназар батыр кесенесі

Биназар Ақеділұлының (шамамен 1802-1860) кесенесі Мойынқұм ауданының, Хантау ауылынан солтүстік шығыста 30 шақырым жерде, Хантау тауының ішінде орналасқан.


1994 ж. батырдың 190 ж. орай денесі жерленген аумаққа кесене тұрғызылып, жанынан келушілерге арналған қонақ үй салынған. Кесененің құрылысы 7,15×6,75 м көлемінде күйдірілген кесектен қаланып, төбесі күмбезделіп жабылған.
Биназар Ақеділұлы Қоқан хандарына қарсы соғыста батырлығымен танылған. Тараихи деректерде, Биназар батыр Түлкібас өңірінен Шу алқабына көшіп барып, егіншілікті дамытуға күш салып, отырықшылық шаруашылықпен айналысқан. Сол кезеңде салынған каналдар әлі күнге дейін шаруашылыққа пайдаланылып, Биназар каналы аталып кеткен. Қазақ халқының соңғы ханы Кенесары Арқадан ығысып, Хантауына келгенде Биназар алғашқылардың бірі болып қол ұшын созған. Ханның әскеріне азық-түлік беріп, алдағы жорықтарға өз руластарынан сарбаздар қосқан. Ағыбай, Сыпатай батырлармен, Бөлтірік бимен жақын қарым-қатынаста болып елдік мәселелерге де үн қосқан.
Ел ішінде Биназар батырдың мынадай бір ерлігі аңыз болып жеткен. Бөлтірік би мен Биназар батыр ерте көктемде елдің жағдайымен танысу үшін жолға шығады. Тау етегіндегі мөлдіреп аққан бұлақтың басында әңгімелесіп отырған шағында, ұрымтал тұстан мұзда й қаруланған жеті аттылы тап беріп, қол – аяқтарын байлап тастайды. Бөлтірік шешеннің тапқырлығының арқасында қолдарын босатады. Осы сәтте Биназар батыр төрт жігітті ал Бөлтірік би үш жігітті аса жылдамдықпен, тырп еткізбестен астына басады.
Екі батыр енді олардың өздерін байлап тастайды да қазақ екендерін білген соң өздерінің аты-жөндерін айтпастан босатып жібере салған екен.
Батырдың тікелей кіндігінен тараған ұрпақтары қазір Хантау станциясында тұрады. Олардың қолында бабасының дулығасы да сақталған. 

Әдебиеттер.
Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Мойынқұм ауданы./ Алматы 2012 ж./ 125-126 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет