Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Жоғарғы және тқменгі сатыдағы өсімдіктер»


Тұқымдары гүл түйінінің қабырғасына жанаса орналасқан біріккен желектілер қатарлар тобы –Teіchіospermatophyta sympetalae



бет103/132
Дата09.02.2022
өлшемі193,02 Kb.
#131284
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   132
Байланысты:
Лекция жиынтығы 1-15 дәріс жиынтығы-2

Тұқымдары гүл түйінінің қабырғасына жанаса орналасқан біріккен желектілер қатарлар тобы –Teіchіospermatophyta sympetalae
Асқабақтар тұқымдасы (тыквенные) - Cucurbіtaceae
Тұқымдасқа 1 мыңдай түр (120 - туыс) жатады. Жер шарының екі бөлігініңде тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең таралған өсімдіктер, қоңыржай климатты облыстарға да өтеді. Түрлерінің пайда болған орталығы болып Гималайдың Шығыс бөлігі, Азияның Оңтүстік-Шығысы және Оңтүстік Америка табылады. Түрлерінің басым көпшілігі өрмелеп, сиректеу ұзын сабақтары арқылы жерге төселіп өсетін біржылдық өсімдіктер. Көпжағдайда пальмалардың арасында өседі, сабақтарының сыртында қатты түктері болады. Бұл тұқымдастың өкілдеріне биколлатеральды өткізгіш шоқтары тән. Жапырақтары үлкен, қосалқы жапырақшалары болмайды, жапырақ тақталары жүрек тәрізді, саусаққалақшалы (пальчатолопастной) немесе саусақ-салалы (пальчаторассеченный) тілімделген болып келеді де, сабаққа кезектесіп орналасады. Қарапайым немесе бұтақталған (тармақталған) мұртшалары түрі өзгерген жапырақтың қолтығынан кететін бұтақ болып табылады. Гүлдері актиноморфты, аталықтары біріккен жағдайда зигоморфты болып келеді. Гүлдің бөліктері 4-шеңбер түзіп орналасады, 5 мүшелі (гинецейден басқасы) әдетте дара жынысты. Жалғыздан немесе жапырақтың қолтығында аз гүлден тұратын гүлшоғырын түзіп орналасады. Бір үйлі немесе екі үйлі өсімдіктер. Гүл серігі қосарланған, түп жағынан трубкаға біріккен болып келеді. Тостағаншасы 5 тісті. Күлтежапырақшасы 5- жақтаулы, қоңырау немесе доңғалақ (колесовидный) тәрізді, сиректеу күлтежапырақшалары бос орналасады, олардың түсі сары немесе ақ болып келеді. Аталық гүлдің 5 аталығы болады, олар көптеген түрлерінде үш ағайынды андроцей түзеді (4- аталығы екеу-екеуден қосарланып бірігеді де, біреуі бос қалады). Кейде андроцейі бірағайынды болады (асқабақ туысы -Cucurbіta). Тозаң қабы екі ұялы, S - әріпі тәрізді иілген болып келеді. Гинецейі ценокарпты, үш жемісжапырақшадан тұрады. Гүл түйіні төменгі, үш ұялы, етженді болып келетін бүйірлік жатындары болады. Олар үлкен болып өседі және бір-бірімен ортаңғы бөлігі арқылы түйіседі. Бұл жағдайда гүл түйіні алты ұялы көрніс береді. Тұқым бүрі көп. Аналықтың мойны қысқа, ал оның жоғарғы жағында 3- етженді аузы болады. Жемісі жидек тәрізді. Экзокарпиі қалың, тығыз, тіптен қасаңданған немесе ағаштанған, Мезокарпиі мен эндокарпиі жұмсақ болып келеді (асқабақ, қарбыз, қауын, қияр). Мұндай жемістердің үлкен болатындығы сонша, кейде олардың салмағы 100 кг астам болады. Сиректеу жемісі жидек болып келетін түрлеріде болады (итжүзім туысы - преступень -Bryonіa). Дәндері көп, эндоспермі жоқ, тұқым жарнағы жалпақ болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет