Биофизика курсымен информатика кафедрасы



бет2/6
Дата17.04.2023
өлшемі1,95 Mb.
#174691
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
12. Сұйықтың сыну көрсеткішін өлшеу.

Қысқаша теория:
Көз қорғаныш ақуыз қабықшадан тұратын күрделі оптикалық жүйе болып табылады. Ақуыз қабықшасы тамырлар жүйесі мен 0,001 см-ден кіші өлшемдерге ие болатын ұсақ жарық сезгіштік элементтері бар тор қабықшасынан тұрады. Бұл элементтер көзді бас миымен байланыстыратын көру нервісінің нерв талшықтарының ұштары.
Көздің алдыңғы бөлігінде ақуыз қабықшасы мөлдір мүйіз қабықшасына, ал тамырлар қабықшасы- ортасында қарашық деп аталатын тесігі бар нұрлы қабықшасына өтеді. Қарашықтың артқы жағында екі дөңес линза формасындағы мөлдір серпімді дене – көзбұршақ орналасқан. Көздің барлық ернеуі мөлдір сұйықтықпен толтырылған. Көздің сұйықтығының сыну көрсеткіші 1,33-ке, мүйіз қабықшасында -1,38 және көзбұршақта орташа 1,44-ке тең. Көзде дененің кескіні торлы қабықшада кескінделеді; ол шын (нақты), қысқартылған және кері(дененің орналасуы дұрыс деген тұжырым мидың түзетілген іс-әректінің нәтижесінде туады) кескін болады. Көздің қарашығы диафрагмада үлкен роль атқарады. Ең көп тараған көздің ақаулары жақыннан көргіштік (денелердің кескіндері тордың алдыңғы жағында көрінеді) және алыстан көргіштік (денелердің кескіндері тордың артқы жағында көрінеді). Осы ақауларды шашыратқыш (жақыннан көргіштікте) және жинағыш (алыстан көргіштікте) линзалардан тұратын көзілдіріктер жөндейді.
Жарық екі мөлдір орта шекарасына түскенде бөлу шекарасынан жартылай шағылады, ал қалған екінші ортаға бағытын өзгерте отырып өтеді. Бірінші және екінші орталарда жарықтың таралу бағыты Снеллиустың сыну заңымен анықталады: сынған сәуле түскен және де екі ортаның шекарасына тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады, түсу бұрышының α синусы сыну бұрышының β синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болады:
(1)
- екінші ортаның бірінші ортамен салыстырғандағы сыну көрсеткіші.
Әртүрлі тығыздықты ортадан өткен жарық сәулесінің әртүрлі жылдамдығы бір ортадан екінші ортаға өткенде оның бағытын, яғни рефракцияны өзгертеді (1-сур.). Ауадағы жарықтың таралу 1 жылдамдығының заттағы таралу жылдамдығына 2 қатынасы, сәуленің түсу бұрышы α мен сыну бұрышының β қатынасы сыну көрсеткіш (коэффициенті) деп аталады, берілген толқын ұзындығы үшін тұрақты шама болып табылады:
(2)

1-cур. Бір ортадан екінші ортаға өткендегі жарықтың сынуы: а – тығыздығы аз 1 ортадан көп ортаға 2 өткендегі жарықтың сынуы; б – түсу бұрышы 900 жақындағандағы жарықтың сынуы; D - D' шекті сәуле (толық ішкі шағылу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет