Биохимия кафедрасы


Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар



бет3/7
Дата25.04.2023
өлшемі87,69 Kb.
#175400
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1сабақ

5.Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
1. Гормондар, түсінік. Нейроэндокриндік реттелудің схемасы.
2. Гормондардың химиялық табиғаты бойынша жіктелуі.
3. Гормондардың жалпы қасиеттері.
4. Гормондардың рецепторлары, нысана -жасушалары.
5. Гормондардың әсер ету механизмдері туралы түсінік:
а) біріншілік механизм туралы түсінік – жасушаішілік ферменттердің активтілігінің олардың модификациялану жолымен өзгеруі: аденилатциклазды, гуанилатциклазды, Са-кальмодулинді жүйелер және инозитолтрифосфат пен диацилглицерин арқылы әсер етуі;
б) екіншілік механизм туралы түсінік – нәруыздардың синтезделу жылдамдығының өзгеруі;
в) үшіншілік механизм туралы түсінік – ферменттердің активтілігінің және жасуша мембраналарының өткізгіштігінің өзгеруі арқылы әсер етуі.
6.Тиреоидты гормондар – түзілетін орны, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық эффектілері және секрециясының реттелуі.
7. Қалқанша безінің гиперфункциясы, клиникалық көріністерінің биохимиялық негіздері.
8. Ересектер мен балалардың қалқанша безінің гипофункциясы, клиникалық көріністерінің биохимиялық негіздері.
9. Эндемиялық зоб.
10. Кальций-фосфор алмасуын реттейтін гормондар – түзілетін орны, әсер ету механизмі, нысана-жасушалары, физиологиялық әсерлері және секрециясының реттелуі.


6.Сабақты өткізу форматы:
1.Ағымдық (бағдарламалық) бақылау билеттері бойынша жазбаша бақылау.
2.Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар бойынша ауызша сұрау, гормондардың біріншілік әсер ету механизмін талдағанда «жүзім сабағы» әдісі ұсынылады. Барлық ақпарат ағаштәрізді схема түрінде келтіріледі. Гормондардың біріншілік және екіншілік әсер ету механизмдерін бейнефильм түрінде демонстрацияланады.
3. Глоссариймен жұмыс істеу (2-3терминді үш тілде талдау керек)
4. Шағын топта жұмыс: есептер мен кейстерді шешу.


1 есеп. Тіндік гормондар мен нейромедиаторларға тән қасиеттерді таңдаңыз:

  1. Өте төмен концентрацияда әсер етеді.

  2. Арнайы рецепторлар арқылы әсер етеді.

  3. Нысана-жасушаларына қаннан түседі.

  4. Арнайы эндокринді жасушаларда секрецияланады.

  5. Энергетикалық немесе құрылымдық материал ретінде қолданылады

  6. Тіндік таңдамалылығы бар.

  7. Эффектілердің арнайы спектрін тудырады.

  8. Жартылай тіршілік ету периоды қысқа.

А.Тек гормондар.
Б.Тек нейромедиаторлар.
В.Екеуі де.
Г.Ешқайсысы емес.
2 есеп. Гормондардың басқа биологиялық реттеушілерден ерекшеліктерін көрсететін қасиеттерін таңдаңыз.

  1. Өте төмен концентрацияда әсер етеді.

  2. Арнайы рецепторлар арқылы әсер етеді.

  3. Нысана-жасушаларына қаннан түседі.

  4. Арнайы эндокринді жасушаларда секрецияланады.

  5. Салыстырмалы түрде тұрақты болады.

3 есеп. Екі жасар баланың физикалық және психикалық жағынан дамуы кешеуілдеген, дене пропорциясы бұзылған, негізгі алмасу төмендеген. Осы бұзылыстардың себебі не болуы мүмкін?

  1. Гонадотропты гормонның гиперсекрециясы

  2. Тиреотоксикоз

  3. Иценко-Кушинг ауруы

  4. Нанизм

  5. ТТГ синтезінің төмендеуі

Баладағы негізгі симптомдардың биохимиялық механизмдерін түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет