БИОЛОГИЯ • ЖАСУШАЛАР ЖӘНЕ ДНҚ • ДНҚ
ДНҚ-ның генетикалық коды төрт негізден тұрады: аденин (А), тимин (Т), гуанин (Г) және цитозин (Ц), бұл негіздер
кез-келген ретпен орналасуы мүмкін. Жасуша кодты үш әріптен оқиды (мысалы, ГГА немесе ЦГА) және бұл
код ақуыздың негізін құрайтын амин қышқылдар тізбегіне аударылуы мүмкін. Сондықтан, егер ақуыз 100 амин
қышқылынын тұрса, ол ұзындығы 300 негіздер жұбынан тұратын ДНҚ-мен кодталады.
Жасуша жасайтын ақуыз жасушаны және оның қызметін анықтайды. Мысалы, эритроциттердің құрамында оттегін
тасымалдайтын гемоглобин ақуызы, ал бұлшықет жасушаларының құрамында оларға сығылуға мүмкіндік беретін
актин мен миозин ақуыздары болады.
• Ұсынылатын фильм
– ДНҚ ақуызды қалай түзеді?
ДНҚ – тіршіліктің генетикалық коды, бір жұмыртқалы егіздер секілді
клондардардан басқа екі адамда ешқашан бірдей ДНҚ болмайды.
Яғни, әртүрлі адамдардан алынған ДНҚ-ларды айыруға болады,
олар гинетикалық саусақ ізі (немесе ДНҚ-дактилоскопия) деп
аталатын әдіспен салыстырылады. Бүгінгі таңда бұл әдіс өлтіру
немесе зорлау секілді қылмыстарды табуға көмектесу үшін сот-
медициналық сараптамада қолданылады. Осы әдіс әкелік тестілеу
кезінде де қолданылады.
• Ұсынылатын фильм
– ДНҚ және қылмыс
2
ДНҚ негіздері әртүрлі дараларға жеке
жолақтар беру арқылы, гелге бөлінеді
2-
бөлім: ДНҚ не істейді?
•
Ақуызды ДНҚ қалай кодтайды?
Қосымша сұрақтар
С3. Ген дегеніміз не?
Ген – белгілі бір ақуыздың өндірілуін кодтайтын ДНҚ ұзындығын сипаттау үшін қолданылатын термин.
Мысалы, гемоглобин мен инсулин үшін, сондай-ақ, шаш, көздің түсі, ақыл-ой және мінез-құлық сияқты
ерекшеліктерді анықтайтын гендер бар.
С4. Адам жасушасында қанша ген бар?
Адам жасушасы шамамен 25 000-30 000 геннен тұрады. Олардың бәрін бір ядроға салып буу үшін, ДНҚ
хромосома деп аталатын құрылымға тығыз оралуы қажет. Адам жасушалары 46 хромосомадан тұрады, ал
басқа түрлерде хромосома саны әртүрлі болады. Мысалы, иттердің 78 хромосомасы бар екендігі анықталған.
•
Адамдарды анықтау үшін ДНҚ қалай қолданылады?
|