Саңырауқұлақтар дүниесі
Саңырауқұлақтар тобы: Эукариоттар
Саңырауқұлақтардың өздігінен дүниеге келуі туралы тұжырымды ұсынған: Ж.Б.Ламарк
Саңырауқұлақтың құрамы:80-90%су,10-20% құрғақ затының 2-4% нәруыз, 1% май
Жер шарындағы саңырауқұлақтардың түрі белгілі: 100 мыңнан астам
Өсімдіктерге де, жануарларға да тән қасиеттері бар ағза: Саңырауқұлақ
Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге тән белгісі:Бір орыннан қозғалмайды, тарамдалады, қанша тіршілік етсе,сонша өседі,қоректі бүкіл денесімен сіңіреді,жасушасында қалың қабықшасы болады
Саңырауқұлақтардың жануарларға тән белгісі:Хитин, хлоропласты болмайды, дайын ағзалық заттармен қоректенеді, гликоген
Саңырауқұлақ жасушасы қабырғасының құрлымы: Хитин
Саңырауқұлақ жасушасында болмайды: Хлорофилл
Саңырауқұлақтың қоректенуі: Дайын органикалық заттармен (гетеротрофты)
Саңырауқұлақтың қоректенуі: Жемісті денесімен қоректік затты топырақтан сорып алып қоректенеді
Саңырауқұлақтың жасушасындағы қоректік қор заты:Глюкоген
Саңырауқұлақтың қоректену жолдары: Сапрофиттік, паразиттік, симбиоздық
Саңырауқұлақтың өсімді (вегетативтік) денесі: Жіпшелер
Жіпшумақ жіпшелері:Көп жасушадан тұрады
Саңырауқұлақтың жемісті денесі өсіп, дамиды: Жіпшумақтан
Саңырауқұлақтың жемісті денесі түзіледі: Тарамдалған жіңішке жіпшелерден
Саңырауқұлақтың жіпшумағы дамиды: Жемісті денесінен
Саңырауқұлақтың жемісті денесінің жіпшумақтан өсіп дамуы: Ауа, ылғал,жылу жеткілікті болғанда
Саңырауқұлақтың жемісті денесінің өсуі тоқтатылады: Күзгі салқын түскенде
Саңырауқұлақтың түбіртегі мен қалпақшасы бір-біріне тығыз жанасып жатқан жіпшумақтың жіпшелерінен тұрады, ол қақпақшада: Жоғарғы және төменгі екі қабаттан тұрады
Саңырауқұлақ жасушасының сыртында қатты қабығы, ішінде ... болады: Ядро, вакуоль, лизосома, рибосома, митохондрия
Саңырауқұлақ вакуолінде қорға жинақталады: Гликоген, май, май қышқылы
Саңырауқұлақтар мына тәсілмен көбейеді: Жынысты, жыныссыз, өсімді
Саңырауқұлақтың жіпше үзінділері, бүршіктену арқылы көбеюі: Өсімді
Саңырауқұлақтың «шаң» түріндегі спорасы:Конидий
Қалпақшалы саңырауқұлақтың жіпшумағы дамиды: Өнген спорадан
Саңырауқұлақтың споралары өнетін орта: Қарашірігі мол ылғалды топырақ
Саңырауқұлақтың жынысты көбеюі: Гаметалар
Төменгі сатылы саңырауқұлақтар: Зеңсаңырауқұлақтар, ашытқы
Біржасушалы саңырауқұлақ: Ашытқы, ақ зең, мукор
Ашытқы саңырауқұлағының құрылысы: Біржасушалы, жіпшелері болмайды
Ашытқыны ұнға қосып, қамыр илесе, сәлден соң қамыр дереу көтеріліп ашиды.Себебі: Ашытқы ұлғайып дербес жасушаларға айналады
Ашытқы саңырауқұлағының әсерінен ашыған қамырдағы көпіршіктер: Көмірқышқыл газы
Нан өндірісінде кең қолданылатын саңырауқұлақ: Ашытқы
Ашытқы саңырауқұлағының көбеюі: Бүршіктену
Ғылыми атауы «қантты саңырауқұлақ»: Ашытқы
Ашытқы саңырауқұлағының әрекетімен алынатын дәрумен: В2
Шірінділердің арасында, көңнің құрамында кездесетін біржасушалы саңырауқұлақ: Мукор, ақ зең
Жіпшумағы бір ғана жасушадан тұратын саңырауқұлақ:Мукор
Зең саңырауқұлақтар тобына жатады: Аспергилл, пеницилл, мукор
Ақ зеңнің жіпшумақ жіпшелері ... тұрады: Бір ғана жасушадан
Ақ зеңнің жіпшумағының қалпақшалы саңырауқұлақ жіпшумағынан айырмашылығы: Жайылып тарамдалған бір ғана жасуша
Ақ зең саңырауқұлағы кездесетін жерлері: Нанда, жемістер, жылқы тезегі
Ақ зең саңырауқұлағынан алынатын антибиотик: Пенициллин
Пенициллдің мукордан айырмашылығы: Жіпшумағы перделер арқылы жеке-жекежасушаларға бөлініп, тармақталған жіпшелерден тұрады
Пеницил жіпшумақтарының шоғырының түсі: Көкшіл-жасыл
Медицинада дәрі алынатын саңырауқұлақ: Пеницилл
Пеницилл саңырауқұлағынан алынатын антибиотик: Пенициллин
Пеницилл дәрісімен емделетін аурулар: Өкпенің қабынуы, ревматизм (құздама), дифтерия (күл ауруы),скарлатина (жәншау)
Өлі ағзалық заттармен қоректенетін саңырауқұлақтар: Пеницилл
1873ж. табиғи пеницилинді бөліп алған ғалым: А.Флеминг
Лимон қышқылын өндіруге қолданылатын саңырауқұлақ: Аспергилл
Аспергил жіпшумақтарының шоғырының түсі: Сарғыш-жасыл
Қалпақшалы саңырауқұлақ деп аталу себебі: Денесі түбіртек пен қалпақтан тұрады
Қалпақшалы саңырауқұлақтың жемісті денесі: Қалпақ пен түбіртек
Қалпақшалы саңырауқұлақтың жер бетінде көрініп тұрған жемісті денесі: Біріне-бірі тығыз жанасып жататын жіпшумақ жіпшелері
Қалпақшалы саңырауқұлақтың жер бетінде көрініп тұрған жемісті денесін үзіп алғанда топырақта қалады: Жіпшумағы
Ақ саңырауқұлақтың жемісті денесінің салмағы: 2кг 720гр
Қалпақшасының астында майда шұрықтары болатын саңырауқұлақ: Түтікшелі
Қалпақшасының асты түтікшелі саңырауқұлақ: Ақ саңырауқұлақ, терекқұлақ
Қалпақшасының асты қатпарлы саңырауқұлақ: Арышқұлақ, түлкіжем, қозықұйрық
Саңырауқұлақтың өсімдікпен селбесуі: Симбиоз
Қалпақшалы саңырауқұлақ пен ағаштардың тамырымен селбесуі: Микориза
Қалпақшалы саңырауқұлақтар белгілі бір ағаштың астында өсу себебі: Қажетті ағзалық заттар алады
Саңырауқұлақтың ағаштарға келтіретін пайдасы (түбіне өскен ағашқа): Саңырауқұлақтар ағашты сумен қамтамасыз етеді
Тек қайың,қарағай,шарша маңында өсетін саңырауқұлақтар:Ақ саңырауқұлақ
Қарағайлы, шыршалы орманда өсетін саңырауқұлақ: Арышқұлақ
Жеуге жарамды саңырауқұлақтар:Майқұлақ, ойысқұлақ, түлкіжем, қозықұйрық, бүріскі, көңқұлақ, жерқұлақ, ақ саңырауқұлақ
Жас кезінде жеуге жарамды, шірігі мол арықтардың жағасындағы саңырауқұлақ: Көңқұлақ
Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар:Жалған түлкіжем, боз арамқұлақ, жалған түбіртек, көңілкеш, шыбынжұт
Қалпақшалы улы саңырауқұлақ:Боз арамқұлақ, көңілкеш, жалған түбіртек, шыбынжұт
Қалпақшасының шеті желбіреген, үстіңгі беті ақшыл сарғылт түсті саңырауқұлақ: Кәдімгі түлкіжем
Жалған түлкіжемнің кәдімгі түлкіжемнен айырмашылғы: Қалпақшасының үсті тегіс, қызғылт-сары түсті, қалпақшасын бөлгенде шырын бөлінбейді
Қозықұйрық саңырауқұлақ қалпақшасының астыңғы жағының түсі:Алқызыл
Қозықұйрықтың боз арамқұлақтан ерекшелігі: Қалпақшасының асты қызғылт түсті, түбіртегінде сақинасы болмайды
Жарық шығарып жарқырайтын саңырауқұлақ: Түбіртек
Жалған түбіртектің кәдімгі түбіртектен айырмашылығы:Түбіртегінде белдеуше болмайды, қалпақшасының асты сарғылт жасылдау
Жеуге жарамды саңырауқұлақты тамаққа пайдалану ережесі:Жуу, қайнату, қуыру
Халықтық медицинада «жер майы» деп аталатын саңырауқұлақ: Көңілкеш
Ең улы саңырауқұлақ: Боз арамқұлақ
Паразитті саңырауқұлақтар: Ақұнтақ, тат, қаракүйе, діңқұлақ, қастауыш
Астық тұқымдастарын зақымдайтын саңырауқұлақтар: Қастауыш, ақұнтақ, тат, қаракүйе
Өсімдіктің зақымдалған жапырақтары мен сабақтарының бетіндегі жіпшумақтың арасында қоңыр түсті жемісті денелер түзетін паразит саңырауқұлақ: Ақұнтақ
Ақұнтақ саңырауқұлағы астық түсімін кемітеді: 30%
Бидай масағының аналығында дамиды: Қастауыш
Бұл саңырауқұлақпен зақымдалған астықтың дәні майда, әрі жеңіл болады: Тат
Жапырақ сабағында ұзынша қызғылт-қоңыр томпайға дақ пайда болады:Тат
Бидай түсімін 15%-ға төмендететін паразит саңырауқұлақ: Тат
Қаракүйе саңырауқұлағымен зақымдалған бидай масақтарын: Майда споралардың қара тозаңдары жауып кетеді
Қаракүйе паразит саңырауқұлағы бидайға ... кезінде түседі: Өнім жинап бастыру
Өсімдіктердің өскінің зақымдайтын саңырақұлақ:Қаракүйе
Ағаш діңінің ішіне жіпшумағы өтіп, оның ағзалық заттарымен қоректенетін: Діңқұлақ
Діңқұлақ саңырауқұлағының ерекше белгілері: Қатты қабықты, малдың тұяғына ұқсас
Ағаш сүрегінің сапасын төмендететін: Діңқұлақ
Ағашқұлақ (трутовик) саңырауқұлағының ағаштарды зақымдауы: Спораларымен
Жемісті денесі көпжылдық болып есептелетін саңырауқұлықтар: Ағашқұлақтар
Тұқымды паразит саңырауқұлақтар зақымдауы үшін өңдейді: Формалинмен
Тутанхомон фараонының қорымын ашуға қатысқан 21 адам өмірден озды.Себебі: Аспергилл саңырауқұлағының споралары өкпені зақымдағандықтан
Аспергилл саңырауқұлағы құстар өкпесінде туғызатын ауруы: Аспергиллез
Саңырауқұлақтардан алынатын, өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат: Гибереллин
Зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын, саңырауқұлақтан алынатын зат: Боверин
Паразиттік саңырауқұлақтар тудыратын тері ауруы: Теміреткі
Саңырауқұлақ құрамындағы зат: Фермент
Пластинкалы қалпақты саңырауқұлақ: Груздь
1766ж. Ресейде саңырауқұлақтар туралы алғашқы кітапты бастырып шығарды: Г.С.Мелин
Саңырауқұлақтарды биотехнологияда пайдалану себебі: Антибиотиктер алу, нәруыз алу
Достарыңызбен бөлісу: |