Балықтар класы Балықтың мекен ортасы: Су Балықтарға тән белгі:Омыртқалы жануар Балықтың түрлерінің саны: 20 мыңдай Балықтың денесінің бөлімдері: Бас, тұлға, құйрық Балықтың қозғалу мүшесі: Жүзбеқанаттары Балықтың денесін қалыпты ұстауын қамтамасыз ететін жүзбеқанат:Арқа, аналь Балықтың денесін берік ұстауға көмектесетін жүзбеқанат: Құйрықасты Балықтың құйрық жүзбеқанаттары: Бағыт береді Балықтың бас сүйектері: Ми сауыты, жақтары, желбезек доғасы, желбезек қақпақшасы Балықтың тынысалу мүшесі: Желбезек Балықтың қаны оттегімен қанығып, артерия қанына айналады: Желбезекте Балықтың желбезегіндегі сүзгіш аппараттың түзетіні: Желбезек талшықтары Балықтың желбезегіндегі газ алмасу қызметін атқарады: Желбезек қақпақшасы Балық желбезегі доғаларының саны: 3-4 жұп Балықтың қанайналым жүйесі: Тұйық, 1 шеңбер, жүрегі 2 қуысты Балықтың жүрегінің құрылысы: 1 жүрекше, 1 қарынша Балықтың жүрегі орналасады: Дененің құрсақ жағында Балықтың дене температурасы байланысты: Қоршаған ортаның температурасына Балықтың қанын қорытылған астың қалдығынан тазартатын мүше: Бүйрек Балықтың зәр шығару мүшелері: Бүйрек, қуық, несепағар Балықтың зәр шығару мүшесі: Бүйрек Балықтың тік ішегінің кеңейген бөлігі: Клоака Балықтың жүйке жүйесі: Екі бөлімді Балықтың ми бөліктері: Алдыңғы, ортаңғы, аралық, сопақша, мишық Балықтың қимыл-қозғалысын және тепе-теңдігін реттейді: Мишық Балықтың омыртқа жотасының өзегінде орналасады: Жұлын Балықтың есту мүшесі орналасқан: Бассүйектің ішінде, сырттай байқалмайды Балықтың ауыз айналасындағы мұртшасы:Сипап сезу мүшесі Балықтың арнайы сезім мүшесі:Бүйір сызығы Балықтың бүйір сызығы:Су ағысының күшін, бағытын, тербелісін, кедергілерді сезеді Балықтың жасын ажыратады: Қабыршақ сызықтарына қарап Балықтың көбеюінің атауы: Уылдырықтама Балықтардың көбею кезіндегі күрделі инстинкті мінез-қылығы: Уылдырықтау Балықтан бөлінетін қою ақ сұйықтық:Шоғал - аталық бездің ұрығы Балықтың даму сатысы: Уылдырық-ұрық-дернәсіл-шабақ-ересек балық Балықтың дернәсілі:Шабақ Балықтың уылдырықтан шығып, өздігінен жемін тауып жеуі:Туа пайда болған Сүйекті және шеміршекті балықтарға тән ортақ белгілер: Денесі бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады, желбезегі арқылы тыныс алады, миы 5 бөліктен тұрады