Биология ғылымының салалары Тірі табиғаттағы өзгерістер жиынтығын зерттейді: Биология


Жапырақ. Жапырақтың түрөзгерістері



бет7/112
Дата04.07.2023
өлшемі0,51 Mb.
#179318
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   112
Байланысты:
Биология шпор

Жапырақ. Жапырақтың түрөзгерістері
Түзсіз үстіңгі,астыңғы өңі мен жұмсақ ортаңғы қабаты бар өсімдік мүшесі: Жапырақ
Жапырақтың қызметі:Артық суды буландыру, газ алмасу, органикалық затты қорға жинау, фотосинтез, көбеюге қатысады
Жапырақтың жалпақ, кеңейген бөлімі: Тақтасы (алақаны)
Жапырақтың сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі:Сағақ
Бөбешік жапырақты өсімдіктер: Асбұршақ, итмұрын, раушан, қараған, беде
Жапырақ тақтасының негізгі ұзарып өсіп,сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылып
орналасуы:Қынап
Қынапты жапырақты өсімдіктер: Бидай, қамыс, жүгері, балдырған, күріш
Жапырақ тақтасының пішіні ине тәрізді өсімдік: Қарағай, шырша
Жапырақ тақтасының пішіні таспа тәрізді өсімдік: Арпа, бидай, жүгері, қарабидай
Жапырақ тақтасының пішіні жүрек тәрізді өсімдік: Жөке, гүлшетен
Жапырақ тақтасының пішіні бүйрек тәрізді өсімдік: Құсшөп
Жапырақ тақтасының пішіні жебе тәрізді өсімдік: Шырмауық
Жай жапырақты өсімдіктер: Терек, қарағаш, қайың, жөке
Күрделі жапырақ жапырақшаларының орналасуына қарай: Үш құлақты, саусақ салалы, қауырсын тәрізді
Үш құлақты күрделі жапырақты өсімдіктер: Беде, соя
Саусақ салалы күрделі жапырақты өсімдіктер: Атбас талшын, бөрібұршақ, қарасора
Күрделі жұп қауырсынды жапырағы бар: Асбұршақ, чина, қоянбұршақ, сары қараған
Күрделі тақ қауырсынды жапырағы барөсімдік: Қызыл мия, ақ мия, итмұрын, шаған, ақ қараған, шетен, грек жаңғағы
Жапырақ жүйкелері құралады:Өткізгіш шоқтар (өткізгіш, тірек, қоректік ұлпа)
Жапыраққа жүйке арқылы өтеді: Су, минералды тұздар
Жапырақ жүйкелерінің негізгі қызметі:Беріктілік, серпімділік қасиет береді
Жапырағы қауырсын тәрізді торлы жүйкеленген өсімдіктер:Терек, тал, алма, алмұрт
Жапырағы саусақ салалы жүйкеленген: Үйеңкі, үпілмәлік (кенедән), бегония
Жапырағы параллель жүйкелі өсімдіктер: Бидай, жүгері
Жапырағы доғалы жүйкелі өсімдіктер:Інжугүл, жолжелкен
Жапырақтың сабаққа бекінуінің 3 түрі бар: Кезектесіп, қарама-қарсы, топтанып
Сабақтың әр буынында бір жапырақ болса, онда ол: Кезектесіп орналасу
Жапырақтары кезектесіп орналасатын өсімдік: Терек
Сабақтың әр буынына екі жапырақтан бір-біріне қарама-қарсы бекінуі: Қарама-қарсы орналасу
Қарама-қарсы орналасқан жапырақтар: Үйеңкі, гүлшетен, қалампыр, жалбыз
Бір буынында жапырақ саны үш немесе одан артық орналасу түрі: Топтанып
Топтанып орналасқан жапырақтар: Сарыағаш, қызылбояу, қарғакөз, талгүл (олеандр)
Жапырақ тақтасының үстіңгі және астыңғы жақ беттерін қаптайтын қабықша:Өң
Жапырақтың хлорофилі жоқ, түссіз жасушалары: Өң
Жарты ай немесе бүйрек пішінді бір-бірімен жанасқан екі жасуша:Жанаспалы
Газ алмасу және су буландыруға қатысады:Тыныс саңылауы
Жапырақтың тыныс саңылауының қызметі: Артық суды буландыру, О2 мен СО2 шығару
Саңылау арқылы жапыраққа енеді: Ауа
Атмосфераға су буы, оттегі, көмірқышқыл газы шығарылып тұратын жапырақ жасушалары: Жанаспалы жасушалар
Тарнспирация дегеніміз: Судың булануы
Хлоропластар орналасады: Жанаспалы жасушаларда
Жанаспалы жасушада болатын хлорофил дәндерінде түзіледі:Органикалық зат
Өсімдікке жарықтың негізгі қажеттілігі: Органикалық заттар түзу
Өсімдіктерде хлорофил түзілу үшін қажетті жағдай: Жарық
Жапырақта қант түзілуі үшін керек:Жарық
Бұл мезгілде жапырақ саңылаулары күндіз де, түнде де жабық болады: Күзде
Лептесік дегеніміз: Жасушамен шектелген саңылау
Жапырақта газ алмасу, судың булану қызметін атқарады:Лептесік
Лептесігі жасушаның ортасында орналасқан ұлпа: Жабын
Лептесіктер болады: Өң жасушалары арасында
Егер өсімдік бойында су жеткілікті болса, онда лептестік: Түнде ашық, күндіз жабық
Жапырақ құрылысының ішкі бөлімдері:Бағаналы жасушалар, борпылдақ жасушалар
Жапырақтың жарық мол түсетін үстіңгі өңінің астына жанаса орналасқан жасушалар:Бағаналы жасушалар
Жасушалары тығыз орналаспай арасында кеңістіктері болатын жасуша: Борпылдақ
Жапырақ жүйкелері орналасқан қабат: Борпылдақ жасушалар
Көлеңке сүйгіш өсімдіктер: Шамшат,жөке, інжугүл, қырықжапырақ
Фотосинтез кезінде өсімдіктің ауадан сіңіретіні: Көмірқышқыл газы
Жапыраққа күн сәулесі түскенде,хлоропластар ауадан сіңіреді:Көмірқышқыл газы
Жапырақта көмірқышқыл газы мен су қосылғанда түзіледі: Глюкоза (қант)
Жапырақта қанттың крахмалға айналу процесі өтеді:Хлоропласта
Жапырақта күн энергиясықатысуымен болатын құбылыс:Фотосинтез
Өсімдіктің тыныс алуына қарама-қарсы процесс: Фотосинтез
Фотосинтез барысында жапырақта түзіледі: Крахмал
Фотосинтез процесі кезінде атмосфераға бөлінетін газ: Оттегі
Өсімдіктер органикалық заттарды топырақтан алмай өздері түзетінін дәлелдеген ғалым: Ван Гельмонт
Фотосинтездегі хлорофиллдің рөлін алғаш сипаттаған орыс ғалымы: К.А.Тимирязев
Жапырақтың суды буландыруының маңызы: Жапырақты салқындату
Ылғалдың тапшылығынан өсімдіктердің жер үсті мүшелері бозғылт түсті түктері ақшыл болуының себебі: Судың булануынан қорғайды
Тікенекті жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы: Суды аз буландырады
Жапырақтары тікенектерге айналған өсімдік: Кактус, сарыағаш, кәріқыз, қарлыған
Жапырақ түктері тікенекке айналған өсімдік:Итмұрын
Жапырағы мұртшаға айналған өсімдіктер:Асбұршақ, үрмебұршақ
Асбұршақтың жапырақ сағағының ұшындағы мұртшасы әлсіз сабақтарын басқа өсімдікке орады: Жарыққа қарай жоғары көтеру үшін
Түрі өзгерген қорғаныштық қызмет атқаратын жапырақ: Қабыршақ
Қабыршаққа айналған жапырақтың маңызы: Улы газдардан сақтайды
Су қорын жинайтын түр өзгерген жапырақ: Шырынды жапырақ
Шырынды жапырақты өсімдіктер: Пияз, қырыққабат, бозкілем, сарысалма, түбіртек
Бозкілем, сарысалма жапырақтарында су қоры жиналады. Себебі: Құрғақшылық болғанда шырын, қор заттарын пайдаланады
Сазда, батпақта, тоқтау суларда, көлдерде, азот пен минералды тұздар жетіспейтін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары айналған:Ұстағыш құралға
Жапырақтары бунақденелілерді аулау құралына айналған өсімдіктер:Шықшылдық, шыбынжұт
Шықшылдықтың жапырақ тақтасының үстіңгі беті мен жиектерінде қармалағыш безді түктерінің маңызы: Қонған бунақдене жабысып қалады
Жетілмеген жапырақты өсімдік: Сұңғыла, жүзгін, қылша, арамсояу, сексеуіл
Жапырақтың күзгі түсі:Жасуша шырынына байланысты
Бүтін жиекті: Терек, қараған, қияқ, жүгері
Дөңес жиекті: Жалбыз
Ойыс жиекті: Өгейшөп




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет