Сұрақ: Бұл өсімдіктің гүлінің ұзындығы қанша және қалай аталады? Жауап: Гүлінің ұзындығы 90 см, ал кейбір үлкен түрлері бір жастағы баланың салмағынан да ауыр болады, ең үлкен гүлдің аты – Раффлезия. 40-Бұл өсімдік құлқайырға өте ұқсас ағаш текті өсімдік.Ол 18-25 метрге, діңінің орамы 4-10 метрге дейін жетеді. Кейбіреулері 5000 жылға дейін тіршілік етеді. Саваннаның құрғақ, ылғалды маусымдары мезгіл-мезгіл ауысуы кезінде жапырақтарын түсіреді, сөйтіп бұтақтары сидиып қалады..Сидиған бұтақтарында ірі жемістің ілініп тұруы ерекше көрініс. Сұрақ:Бұл қандай ағаш және оның жемісін, тұқымын, қабығын қандай мақсатта пайдаланады? Жауап: Бұл өсімдік Африканың құрғақ саваннасында өсетін – баобаб, оның қышқылтым шырынды, жұмсақ жемісі мен тұқымдары жеуге жарамды, қалың қабығы қағаз жасауға қолданылады. 40- Пиязды ежелгі адамдарда біледі.Пияз-бағалы дәрілік өсімдік.Ол қанда холестерин деңгейін жояды, баспаны, ірінді жараны, жүрек ауруын емдеуге қолданылады.Жылан шаққанда жәрдемі тиеді. Сұрақ: Пияз бен сарымсақ құрамында болатын зат?оның қасиеті қандай? Жауап:Пиязбен сарымсақ құрамында ұшқыш зат- фитонцид болады.Фитонцид бактериялардың көптеген түрін жойып жібереді, сондықтан жұқпалы ауруға қарсы қолданылады.
IY. Кезең- “Жорға” Бұл бөлімде әр командадан бір оқушы қатысады, оқушының жинаған балы сол команданың үлесіне қосылады.Оқушыға берілетін уақыт бір минут. 1-топқа берілетін тапсырма: 1.Біржасушалылардың тыныс алуы: (барлық денесі арқылы) 2.Омыртқалылардың жүрегі неше бөлімді? (төрт бөлімді) 3.Мүктердің көбеюі: (спора арқылы) 4.Жасуша құрамындағы органикалық заттар: (нәруыз,май,көмірсу) 5.Ағзаның жеке дамуы: (онтогенез) 6.Крахмал-көмірсудың қай бөлігіне жатады?(полисахарид) 7.Нәруыздың мономері(амин қышқылы) 8. Нуклейн қышқылының неше түрі бар?(екі түрі бар) 2-топқа берілетін сұрақ 1.Тек өсімдіктерде ғана кездесетін органоид?(пластид) 2 Ұйқы безінен бөлінетін гормон(инсулин) 3.Ядросыз организмдер : (прокариоттар) 4.Ақуыз синтезі қай органоидта жүреді : (рибосомада) 5 Митозды бөлінуде хромосомалардың жиынтығы қандай? (диплоидты) 6 Экологиялық факторлардың неше түрі бар ?(үш түрі) 7.Тұқым қуалайтын өзгергіштік қалай аталады?(мутация) 8.Көбеюге қатысатын органоид: (ядро
3 топқа берілетін сұрақ 1.Біржасушалылардың зәр шығаруы(вакуоль) 2.Балықтың жүрегі неше бөлімді? (екі бөлімді) 3.Ашық тұқымдылар қалай көбейеді? (тұқым арқылы) 4.Ағзаның тарихи дамуы: (филогенез) 5.Жасуша құрамындағы бейорганикалық заттар: (су мен тұз) 6.Дисхаридтердің өкілі: (сахароза) 7.Нуклейн қыщқылының мономері қалай аталады? (нуклеотид) 8.ДНҚ молекуласының құрылысы қандай? (екі тізбекті) Жұмбақ аралы 1)Өзім газбын, менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.(оттек) 2)Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде, Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.(су) 3)Осы затпен ескі үйді алсатайды, Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды.(күкірт) 4)Ең жеңіл элемент саналаы, Периодтық жүйе осыдан басталады. (сутек) 5)Ол болмаса астың дәмі кірмес, Кім бар екен ортада оны білмес.(ас тұзы Жүргізуші: Міне біз “Мыңнан тұлпар,жүзден жүйрік”шыққан озық ойлы оқушымызды анықтайтын кезге де жеттік.Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. “ Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың, Қиындықтан өткізер. Жастықтың оты қайдасың, Жүректі түртіп қозғамай. Ғылымның біліп пайдасын, Дүниенің көркін болжамай ” деп даналарымыз айтқандай “Келешек білімді ұрпақ қолында” екендігін Елбасымыз халқына жолдауында атап көрсеткен болатын.Еліміздің ертеңі , Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашанда еңкеймек емес. Алдағы уақытта да тек тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды тәмамдаймыз. Біздің білімдегі жеткен биіктеріміз бен қуаныштарымызға ортақ болған барлығыңызға да тек қана сәттілік тілейміз