Биология және экология кафедрасы 050608 Экология мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған



бет23/24
Дата14.04.2017
өлшемі2,24 Mb.
#13927
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Тапсырмалар:


1. Табиғи және ластанған судың химиялық құрамы;

2. Табиғи және шайынды суларды тазалау.

3. Сулы-қорықтық территориялар.

Әдебиеттер: Степановских, 175-235; Радзевич, 127-135; Асқаров, 208-224;

Қажетті құралдар: карандаш, сызғыш, дүние жүзінің контур картасы.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Табиғи және ластанған судың химиялық құрамы: Степановских, 191-211-беттер, 6.16-кесте;

2. Шаруашылық-ауыз су пайдалану нормаларын жазу және талдау жасау: Степановских, 190-бет, 6,7 кесте.

Табиғи және шайынды суларды тазалау: Степановских, 211-235-бет, 6.35-6.63-суреттер. Сарқынды суларды механикалық, физико-химиялық және биологиялық тазарту схемасын салу.

3. Сулы-қорықтық территориялардың тізімін жазу, контур картаға түсіру.

4. Өзен-көлдер, теңіз және мұхит суларын ластанудан сақтау: Степановских, 6.16, 6.27-6.34-суреттер, 192-210-беттер, 9.8-сурет, 327-бет.

5. Тапсырмалар орындағаннан кейін төмендегі бақылау сұрақтарына жауап беру:

Бақылау сұрақтары:

- Табиғаттағы су ластануының себебі неде? Олардың алдын алу шаралары.

- Табиғаттағы су жетіспеушілік себебі неде? Олардың алдын алу шаралары.

- Гидросфераны ластаушы заттар мен олардың көзін ата.

- Суды ластайтын ең зиянды заттарды ата.

- Су тазалау тәсілдері.

- Биофильтр арқылы ластанған суды қалай тазартады.

- ҚР-да қандай заңдар мен нормативтік құжаттар су қорын тиімді пайдалану мен қорғауды реттейді.

- Су ресурстарының мониторингі қалай жүзеге асады?
12 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырыбы: Литосфера

Тапсырмалар:


1. Топырақтың құрылысы, құрылымы және даму заңдылықтары.

2. Топырақ мониторингін ұйымдастыру принциптері.

3. Топыраққа антропогендік әсер түрлері.

4. Топырақ деградациясы. Топырақтың табиғи жүйе ретінде бұзылуы.



Әдебиеттер: Степановских, 334-441; Радзевич, 85-92 Асқаров, 193-207;

Әдістемелік нұсқаулар:

1. ФАО мәліметтері бойынша дүние жүзі халқының жер қорымен қамтамасыз етілуі кестесі бойынша график тұрғызу. Талдау жасау (Степановских, 10.2 кесте,т 350-сурет).

2. Жер шарында материктер бойынша топырақ деградациясы кестесі бойынша талдау (Степановских, 10.4-кесте, 362-бет).

3. Конспект жазып, тапсырмалар орындау, бақылау сұрақтарына жауап беру:



Бақылау сұрақтары:

- Топырақ құнарлығы дегеніміз не және оның маңызы.

- Топырақтың химиялық құрамы адам денсаулығына қалай әсер етеді?

- Топырақ түзілу процесінде үлкен және кіші зат айналымы қалай әсер етеді?

- Планетада егіншілікке жарамды жерлер үлесі қандай?

- Аридизация дегеніміз не?



Әдебиеттер: Степановских, 188-235; Степановских, Общая экология, 13.9-сурет, 654-бет;

ФАО мәліметтері бойынша дүние жүзі халқының жер қорымен қамтамасыз етілуі кестесі бойынша график тұрғызу. Талдау жасау (Степановских, 10.2 кесте,т 350-сурет).


13 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырыбы: Топырақ эрозиясы.

Тапсырмалар:


1. Топырақ эрозиясының пайда болу себептері.

2. Топырақ эрозиясы түрлері (су, жел, ирригациялық).

3. Топырақ эрозиясымен күресу жолдары.

4. Топырақ бетінің қайта тұздануы.

5. Топырақ ластануының алдын алу.

Әдебиеттер: Степановских, Общая экология, 34-бет, 2.2-сурет; Степановских, 344-441;

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Топырақ эрозиясының және жыралардың пайда болу схемасын салу (Степановских, Общая экология, 13.9-сурет, 654-бет).

2. Топырақ эрозиясының түрлеріне сипаттама беру, күресу жолдарын түсіндіру.

3. Конспект жазып, тапсырмалар орындау.

4. Төмендегі бақылау сұрақтарына жауап беру:

Бақылау сұрақтары:

- Эрозиядан қорғау шаралары.

- Гидросфераны ластаушы заттар мен олардың көзін ата.

- Химиялық өндіріс шығарындылары, пестицидтер топыраққа қалай әсер етеді?

- Жерді тиімді пайдалану принциптері.

- Рекультивация дегеніміз не? Кімдер жүргізеді?

- Жер қорғаудың қандай шаралары мемлекеттік және халықаралық деңгейде жүргізіледі?

- Жерді тиімді пайдалануда мемлекеттік жер кадастры мен топырақ мониторингі жұмыстарының ролі қандай?



Әдебиеттер: Степановских, 188-235; Степановских, Общая экология, 13.9-сурет, 654-бет;
14 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырыбы: Қоршаған ортаның осы кездегі проблемалары

Мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтың негізімен танысу, экологиялық құқық білімдерін бекіту.

Тапсырмалар:


1. Қоршаған ортаны қорғау аймағындағы халықаралық ынтымақтастықтың негіздері.

2. Халықаралық ұйымдар мен қоршаған орта мәселелері бойынша бағдарламалар.



Әдебиеттер: Степановских, Общая экология, 191-бет, 5.2-сурет; Экологиялық кодекс, 188-193 –баптар; Степановских, 587-593;Асқарова Ұ.Б., 294-299;

Тапсырмалар:


1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негіздері (ауызша сұрау).

2. БҰҰ бағыттары бойынша Халықаралық ұйымдар мен қоршаған орта мәселелері бойынша бағдарламаларды жазу және сипаттама беру (ЮНЕП, ЕЭК, МСОП, Юнеско бағдарламасы «Адам және биосфера», ВОЗ және басқалары);

3. Рио декларациясы бойынша халықаралық ынтымақтастық принциптерін жазу.

4. ҚР «Экологиялық кодексінен» Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастығы туралы баптарды жазу және талқылау.

5. Глоссарий құрастыру: халықаралық. ынтымақтастық, халықаралық құқық бұзушылық, халықаралық құқықтық жауапкершілік.

6. Тізімде берілген ұйымның қайсысы халықаралық мемлекет аралық, ал қайсысы мемлекеттік емес ұйым болып саналады: а) Құстарды қорғау туралы халықаралық кеңес, б) БҰҰ ауылшаруашылық және Азық-түлік ұйымы; в) Табиғатты қорғаудың дүниежүзілік қоры (Всемирный фонд охраны дикой природы); г) ВОЗ; д) ВМО; ж) МАГАТЭ; е) Жануарларды қорғау туралы дүниежүзілік федерация; и) Суды қорғау туралы Европалық федерация; к) ХТҚҰ;



Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы орындап бақылау сұрақтарына жауап беру.

- Халықаралық экологиялық даулар қалай шешіледі?

- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың мақсаты?

- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принципі қай құжатта негізделген?


15 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырыбы: Қоршаған ортаның аймақтық проблемалары

Тапсырмалар:


1. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың проблемалары.

2. Аймақтық экологиялық проблемалар.

3. Батыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы.

Әдебиеттер: Неклюкова, 22-24-беттер, Географиялық атлас; Степановских, Общая экология, 191-бет, 5.2-сурет; Оспанов Г.С., Бозшатаева Г.Т., 296-312;
Қажетті құралдар: карандаш, сызғыш, дүние жүзінің контур картасы.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Тақырыптар бойынша конспект жазу, салыстырмалы сипаттама беріп, тапсырмаларды орындау.

2. ҚР экологиялық проблемалар байқалатын аймақтарын кестеге толтыру, картаға түсіру және талдау жасау (Радзевич, 222-223-бет, 19-сурет бойынша және Степановских, 4.12-сурет, 132-бет).
Кесте 15.1 - ҚР-ның экологиялық проблемалар байқалатын аймақтары


Аймақтар

Антропогендік әсерден пайда болған экологиялық проблемалар

Каспий маңы ойпаты

Мұнай және газ өндіру әсерінен топырақ қабатының бұзылуы, топырақ ластануы мен деградациясы, су, ауа ластануы, фауна, өсімдік және балық ресурстарының азаюы т.б.

Ақтау қаласы

Қошқар ата көлі


9. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі. СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.

СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады. СӨЖ тапсырмалары апта бойынша берілген. СОӨЖ сабақтарында тексеріледі. СӨЖ тапсырмалары сәйкес мерзімінен кешіктірігенде баға төмендетіледі.

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдарда: үйге берілген тапсырмалардың мәтіні, әр бір тақырып бойынша өзін-өзі тексеру материалдары, реферат т.б. үй жұмыстары бойынша тапсырмалар, әдебиет тізімі және арналған уақыт көлемі көрсетіледі.
СӨЖ-дің негізгі түрлері және олардың орындалу ережесі.

- Тақырып бойынша конспект – арнайы СӨЖ арналған дәптерде орындалады. Құрылымы: тақырып аты, актуальдылығы, практикалық маңызы, салыстырмалы талдау, пайдаланылған әдебиеттер. Қажет жағдайда сурет, диаграмма т.б. графикалық материалдар болуы тиіс.

- Қосымша сұрақтарды конспектілеу және үй тапсырмасын орындау - арнайы СӨЖ арналған дәптерде орындалады. Қолданылған әдебиеттер, ұқыптылық, логикалық шешім және баяндау тілі бағалауда ескеріледі.

- Кестелер мен суреттер, диаграммалар, графиктер - арнайы СӨЖ арналған дәптерде немесе бет А4 немесе А3 формат түрінде арнайы қосымша бет түрінде орындалады. Құрылымы: кестенің атауы, терминдер анықтамасы және салыстырмалы талдау. Барлық кесте, сурет, диаграмма және графикке міндетті түрде талдау жасалу қажет. Диаграмма мен суреттерді арнайы компьютерлік программамен салып дәптерге қосымша келтіруге болады.

- Кроссворд - арнайы СӨЖ арналған дәптерде немесе бет А4 немесе А3 формат түрінде арнайы қосымша бет түрінде орындалады. Құрылымы: кроссвордтың тақырыбы, атауы, сұрақтар, жауаптар. Кем дегенде 15-20 жуық терминнен тұруы тиіс.

- Карталар – контур карта пайдаланылады. Карта қарындашпен чертеждік шрифтпен салынады. Карта легендасы болуы керек.

- Глоссарий - арнайы СӨЖ арналған дәптерде орындалады. Терминдердің анықтамасы жазылады. Жеке дәптер арнап алфавит тәртібімен немесе жүйелік тақырыптық бағытта орындауға болады.
Қараңыз: «Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі» 3.1 кесте және «Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі» 4 тарау.

Орындалған барлық өзіндік жұмыстар СӨОЖ-де тапсырылады.


9.1 Үйге берілетін тапсырмалар мәтіні және орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
1 апта

СӨЖ мазмұны, 3 сағат:

Тақырыбы: Күн жүйесінің болмыстық ерекшеліктері

1. «Қоршаған орта туралы ілім» пәнінің экология және басқа пәндермен байланысын схема түрінде кескіндеу (Степановских, 43-бет, 1.6-1.7 сурет).

2. Қоршаған орта факторлары және оларды зерттейтін ғылымдар. Қоршаған орта және қоғам арасындағы байланысты көрсететін схеманы салу және талдау (Степановских, 12.5-сурет, 448-бет).

3. Жаратылыстың жаңа ғылыми пәндерінің жетістіктері негізінде қоршаған орта туралы ілімнің дамуы.

4. Бақылау сұрақтарына жауап:

- Күн жүйесінің барлық планеталарына тән қандай заңдылық бар?

- Қандай планеталарда күн мен түннің ұзақтығы бірдей болады?

- Күн мен түннің ауысуы болмайтын планеталар бар ма?

- Барлық планеталарда жыл мезгілдерінің ауысуы байқала ма?

Әдебиеттер: Неклюкова, 14-15; Шубаев, 28-39; Степановских, 5-52, 448-бет; Степановских, 43-бет, 1.6-1.7 сурет;

Әдістемелік нұсқаулар: Тақырыптарды талдау, суретін салу.

Адамзаттың қоршаған ортаға әсерін 4 кезеңге бөлуге болады:

1. Тас дәуірі және алғашқы қауымдық құрылыс кезеңі.

2. Егіншілік дамуынан бастап (б.э.д. ҮІІІ-ҮІІ ғғ.) өндіріс кезеңі дамығанға дейінгі уақытты екінші кезең қамтиды.

3. Капитализм пайда болып дамуына байланысты үшінші кезең басталды. Бұл кезеңде өндіріс орындары шоғырланып, тау кен өндірісі, металлургия, көмір өндіру, минералды шикізат өндіру салалары дамып, өндіргіш күштер дамыған кезең. Қоршаған орта туралы ілім пәні ғылым ретінде 19 ғасырдың ортасынан бастап дами бастады.

4. ХХ ғасыр төртінші кезеңге жатады. Адамның табиғатқа әсері ғаламдық сипат алды. Антропогендік әсерден сарқылатын және сарқылмайтын табиғат ресурстары азайып қана қоймай планета көлемінде ластану байқалды. ХХ ғ. 50-60 жылдарында табиғат ластануы салдарынан тіпті биосфераның қалыпты тіршілігі үшін қауіп төнді. Сөйтіп «қоршаған ортаны қорғау», «табиғатты қорғау» түсініктері пайда болды.

Қоршаған ортаны қорғау жұмыстарының мақсаты мен міндеттері адамзат дамуының әртүрлі кезеңдерінде бірті-бірте күрделеніп кеңейді. Сондықтан қоршаған ортаны қорғаудың әлеуметтік-саяси, құқықтық, экологиялық-экономикалық, әлеуметтік-генетикалық, техникалық-технологиялық, эстетикалық және ғылыми-танымдық аспектілері бар.

Қоршаған ортаны қорғаудың маңызды және бірінші кезектегі міндеті болып адам қоғамы мен табиғаттың өзара әрекетінің себеп-салдарын анықтау. Ал одан да күрделі міндет болып адамның қоршаған ортаға теріс қолайсыз әрекетінің алдын алу және жоюға бағытталған шараларды табу есептеледі.

Қоршаған ортаны қорғау принциптері: тарихилық, жүйелік, биосферизм, адаптация, планеталық тұтастық, экологиялық қауіпсіздік, даму орнықтылығы т.б.

2 апта

СӨЖ, 3 сағат:

Тақырыбы: Жер – тірі материяның тіршілік ету орны.

1. Жердің жаратылуы туралы түсініктер.

2. Глоссарий жазу: материктер, мұхиттар, аралдар, гипсографиялық қисық, батиграфиялық қисық, ойпаттар, қыраттар, таулар, терең мұхит шұңғымалары, архипелаг, маржан аралдары. Аталған терминдерді дұрыс түсініп қолдануға үйрену;

3. Мұхиттар мен материктер сипаттамасы.

4. Бақылау сұрақтарына жауап беру:

- Егер жер беті абсолютті тегіс болса теңіз деңгейімен салыстырғанда қандай биіктікте орналасады?

- Гипсографиялық қисық дегеніміз не? Оның батиграфиялық сызықтан айырмашылығы қандай?

- Мұхиттарда басым болатын тереңдік деңгейін ата.

- Құрлықта қандай биіктік көп таралған?

Әдебиеттер: Геренчук, 78-82; Шубаев, 46-59;

Әдістемелік нұсқаулар: Мұхиттар мен материктерге төмендегі схема бойынша сипаттама беру (аты, ауданы, орташа және максимальды биіктігі мен тереңдігі, шеткі нүктелері); Нәтижелерін кесте түрінде жазу және контур картаға салу. Материктер мен мұхиттардың ауданының әрбір 10о сайын жүргізген географиялық ендіктер бойынша салыстырмалы ара қатынасының суретін салу (Геренчук, 78-бет, 11.9-сурет).
3 апта

СӨЖ, 3 сағат:

Тақырыбы: Қоршаған ортадағы химиялық элементтер миграциясы

1. Биосфера компоненттерінің орташа құрамының (Виноградов, Малюге бойынша) химиялық көрсеткіштері, % кестесін толтыру; Орлов Д.С., Безуглова, 46 бет, 1-кесте.

2. Жер қойнауында болатын жеткілікті және жеткіліксіз элементтерді жазу.

Әдебиеттер: Степановских А.С. Общая экология, 33-55; 555-586; Степановских, Общая экология, 287-бет, 5.100-тапсырма; Степановских,137-139; Орлов Д.С., Безуглова, 44-68, 75-93, 283-290; Асқаров, 41-44, 44-52; Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә.16-21;
4 апта

СӨЖ, 3 сағат:

1. Қоршаған ортадағы химиялық элементтер миграциясының түрлерін жазу.

2. Миграцияның сыртқы және ішкі факторларын атау және сипаттама беру.

3. Табиғатта болмайтын техногендік қосылыстардың зат айналымына жоғарыдағы жоспармен сипаттама жазу және схемасын сызу.



Әдебиеттер: Степановских А.С. Общая экология, 33-55, 555-586; Степановских,137-140; Орлов Д.С., Безуглова, 75-91; Асқаров, 44-52 б. Оспанов Г.С., Бозшатаева Г.Т., 149-154, 185-194, 261-266, 266-273;

Әдістемелік нұсқаулар: Лабораториялық сабақ тапсырмаларын, кестені және суретті аяқтау. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
5 апта

СӨЖ, 3 сағат:

1. Биосфералық катастрофалардың геодинамикалық себебінің суретін салу, талдау жасау (Степановских, 3.23-сурет, 99-бет);

2. ХХғ. соңында байқалған ірі табиғи апаттар түрлері, зардап шеккен және қаза тапқан адамдар саны бейнеленген суретті салу, талдау жасау (Степановских, 3.26, 3.29- суреттер, 102, 106-бет).

3. Жер бетінде б.э.д. 1000 жылдан 1985 жылға дейінгі жойқын тасқын сулар схемасын салу, талдау жасау (Степановских, 3.27-сурет, 103-бет).

4. Ірі вулкан атқылаулар схемасын салу, талдау жасау (Степановских, 3.28-сурет, 104-бет).

5. Төмендегі ауа райының қолайсыз құбылыстарына сипаттама беру: топырақтық және атмосфералық құрғақшылық, аңызақ (аптап) желдер, өте күшті желдер, шаңды және құмды желдер, шаң дауылдар, бұршақ, қарлы боран, көктайғақ, жылымық ауа райы, ауаның өте төмен температурасы (үскірік ауа райы), аз қарлы жамылғы, терең қарлы жамылғы, көктемгі және күзгі тоңазулар, нөсерлі жауын-шашын, мұзды қабықтар және қар жамылғысындағы мұзды қабаттар, құйындар (смерч), тайфундер, теңіз дауылы, су тасқыны, селдер және т.б.



Әдебиеттер: Степановских, Общая экология, 163-165 бет, 4.45, 4.46-сурет; Степановских, 98-113; Радзевич, 222-223-бет; Орлов Д.С., Безуглова, 283-290; Хамза Суханбердин. Төрт бұрышы дүниенің астан кестен. Атамекен, 05.06.2007:

6 апта

СӨЖ, 3 сағат:

1. В.И.Вернадскийдің тірі зат туралы ілімі. Тірі заттың негізгі ерекшелігі.

Қоғам мен табиғи ортаның әсерлесу формалары. Антропосфера және техносфера туралы түсінік. Жер бетінде ірі техногенді авариялар. Қысқаша конспект жазу.

2. Биосфера құрамы және шекарасы. Схемалық суретін салу.

3. Қоғам дамуына сәйкес қоршаған ортаға әсердің аумақтылығы (масштабы) мен әртүрлілігі. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі Асқаров, 30-35-бет;

4. Ноосфера пайда болу шарттары.



Әдебиеттер: Степановских А.С. Общая экология, 33-48, 48-56; 569-570, 622-624; Орлов Д.С., Безуглова, 101-114; 281-300-бет; Асқарова, 51-бет

Әдістемелік нұсқаулар: Қысқаша конспект жазу. Биосфераның атмосфера, литосфера, гидросферадағы шекараларын анықтау (Степановских А.С. Общая экология, 2.5-2.6 суреттер,12.61-сурет). Биосфера мен географиялық қабықтың ара қатынасына сипаттама жазу (Шубаев, 311, 315-318). Құрлық пен Дүние жүзілік мұхиттың алғашқы өнімі пайда болуына түрлі континенттер мен мұхиттардың қосатын үлесін анықтау (Неклюкова, 48-кесте негізінде).
7 апта

СӨЖ, 3 сағат:

1. Организмдердің тіршілік ортасында болатын химиялық элементтердің формалары. (Орлов Д.С., Безуглова, 2, 5, 9 тарау);

2. Жер атмосферасының орташа химиялық құрамы. (Асқаров, 36-38-б).

3. Гидросфераның химиялық құрамы. (Асқаров, 39-41).

4. Жер қойнауының химиялық құрамы. (Асқаров, 41-44 б).

Әдебиеттер: Геренчук, 78-82; Шубаев, 46-59; Асқарова, 51-бет.
8 апта

СӨЖ, 3 сағат:

Тақырыбы: Радиоактивтік ластану

1. Радиактивтік ластану көздері және ерекшеліктері.



Әдебиеттер: Степановских, 130-135-бет; Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә., 73-74; Оспанов Г.С., Бозшатаева Г.Т., 290-295;

Әдістемелік нұсқаулар: «Ядролық ластану ерекшеліктері» туралы конспект жазу. Ядролық ластану схемасын салу, түсінік жазу (Степановских, 4.11-сурет, 4.14-сурет).Бақылау сұрақтарына жауап беру.
9 апта

СӨЖ, 3 сағат:

Тақырыбы: Атмосферадағы ылғал

1. Атмосферада байқалатын қатты және сұйық жауын-шашын түрлерінің сипаттамасы. Төмендегі терминдердің анықтамасын жазу: нөсер қатты жауын (обложной дождь), төгіп жауған қар (обложной снег), нөсер жауын (ливневые осадки), сіркіреуік жауын (моросящие осадки), құрғақ қар (крупа), қарлы жауын (ледяной дождь), бұршақ ( град), шық (роса), қырау (иней), сұйық ылғал (жидкий налет), қылау (изморозь).



Әдебиеттер: Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Экология және табиғатты қорғау: 4000-ға жуық термин. – А.: Мектеп, 2002. – 392 б.; Асқаров, 177-190.

2. Жер биосферасындағы Күн энергиясының дамуы (Асқарова, 48-бет, 9-сурет).

3. Күн системасындағы аспан денелерінің атмосфералық ауа құрамын жазу, Асқарова, 174-177 бет,16-кесте.

4. Антициклонды және циклонды ауа райында ластаушы заттардың таралу ерекшелігі схемасын салу (Степановских, 5.11-сурет, 148-бет); Ауаны ластаушы көздерді атау (Степановских, 5.4-сурет, 141-бет). Атмосферада көмірқышқыл газының өзгеру графигін сызып талдау (Степановских, Общая экология, 5.59-сурет, 249-бет).

5. Берілген мәліметтер бойынша жел розасын тұрғызу:

6. Дәріс және зертханалық сұрақтарға дайындалу. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс. Схемалар, суреттер салу.



Әдебиеттер: Степановских, Общая экология, 167-бет, 4.48-4.49-сурет.

Әдістемелік нұсқаулар:

Лабораториялық сабақ тапсырмаларын аяқтау.

5-тапсырма төмендегі мәліметтерді пайдалана отырып жасалады.

Есеп. Берілген елді мекенде маусым бойынша желдің қайталануы берілген: Осы елді мекен үшін жел розасын сызу. Жобаланған ауыл шаруашылық комплексін қалай орналастыру қажет?


Горизонт

С

С-В

В

Ю-В

Ю

Ю-З

З

С-З

Жел қайталануы

24

13

10

7

3

10

14

17


Есеп. Берілген елді мекенде маусым бойынша желдің қайталануы берілген. Осы елді мекен үшін жел розасын сызу.


Горизонт

С

С-В

В

Ю-В

Ю

Ю-З

З

С-З

Жел қайталануы

12

43

85

123

57

34

7

4



10 апта

СӨЖ, 3 сағат:

Тақырыбы: Гидросфера

1. Толқын энергиясын пайдалану мүмкіндігі.

2. Трансшекаралық өзендер проблемасы.

3. Су электр станцияларының өзендер экологиясына әсері.

4. Жеке тапсырма бойынша 1 өзен мен 1 көлге толық сипаттама жазу (Жайық, Ертіс, Сырдария, Іле, Есіл, Елек; Қорғалжын, Алакөл, Зайсан т.б.). Тапсырманы оқытушы береді. Тапсырма жоспары: Өзен аты, бассейні, аймақта жауатын жауын-шашын мөлшері, су шығын, орташа жылдық ағыны, ағын модулі, ағын коэффициенті, ластану дәрежесі.

5. Дәріс және зертханалық сұрақтарға дайындалу. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс. Схемалар, суреттер салу.



Әдебиеттер: Шубаев, 148-178; Баешов А. Экология және таза су проблемалары. - А.: Дәнекер, 2003. - 224 б.;
11 апта

СӨЖ, 3 сағат:

Тақырыбы: Гидросфера

1. Табиғаттағы тұщы су қоры және континенттердің тұщы сумен қамтамасыз етілуі.

2. Антропогендік фактор әсерінен құрлық және жер асты суларының су балансының және гидрологиялық су режимінің өзгеруі.

3. Сарқынды суларды механикалық, физико-химиялық және биологиялық тазарту. Схмелар мен суреттер салу.

4. Таратылатын (раздаточные карточки) жеке тапсырмалар бойынша табиғи және ластанған судың химиялық құрамын анықтау және сипаттама беру.

5. Бақылау сұрақтарына жауап беру.



Әдебиеттер: Степановских, 188-235; Асқаров, 208-224;
12 апта

СӨЖ, 3 сағат:

Тақырыбы: Топыраққа антропогендік әсер түрлері

1. Топырақ құрылымы және топырақ пен өсімдіктер арасындағы байланыс (Степановских, Общая экология, 292-294-бет, 5.103, 5.106-сурет).

2. Үгілу қабығы туралы түсінік (Степановских, Общая экология, 34-бет, 2.2-сурет; 287-бет, 5.100-сурет).

3. Жер бетінде негізгі топырақ түрлерінің таралу диаграммасын салу (Прасолов Л.И., Розов Н.Н. мәліметтері бойынша). Түсінік беру (Шубаев, 334-бет, 156-сурет).

4. Батыс Қазақстан облысының топырақ ресурстары. Диаграмма сызу және талдау. Батыс Қазақстан облысының жер қорының түрлі категориялар бойынша динамикасын диаграмма түрінде кескіндеу.

Әдебиеттер: Степановских, 334-441; Шубаев, 334; Степановских, Общая экология, 282-316; Асқаров, 193-207

Әдістемелік нұсқаулар: тақырыптар бойынша конспект жазу және талқылауға дайындалу.
13 апта

СӨЖ, 3 сағат:

Тақырыбы: Жерді ұтымды пайдалану

Төмендегі тақырыптарға қысқаша конспект жазу, талқылауға дайындалу.

1. Жерді ұтымды пайдалану және қорғау туралы заң және нормативтік құжаттар тізімін жасау. Оларға қысқаша аннотация жазу.

2. Топырақтың екінші рет тұздануы, батпақтануы, ауыр металлдармен ластануы, бұзылуы т.б. деградациялық құбылыстардың пайда болуы себебі, алдын алу шаралары.

3. Халықаралық табиғи ресурстар (атмосфера, Дүниежүзілік мұхит, Антарктида т.б.).

Әдебиеттер: Степановских, 334-441;
14 апта

СӨЖ, 3 сағат:

Іскерлік ойынға дайындық.

1. Халықаралық ұйымдар мен қоршаған орта мәселелері бойынша бағдарламаларды хронологиялық тәртіппен жазу және сипаттама беру:

- БҰҰ қоршаған орта бойынша бағдарламасы – ЮНЕП.

- Европалық экономикалық комиссия - ЕЭК.

- Табиғи ресурстарды және табиғатты қорғаудың халықаралық одағы - МСОП.

- ЮНЕСКО бағдарламасы – «Адам және биосфера».

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ).

- Азық түлік және ауыл шаруашылық мәселелері бойынша (ФАО)

- Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО)

- Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік(МАГАТЕ) т.б.

Әдебиеттер: Степановских, 136-140; 587-593; Асқарова Ұ.Б., 294-299;

Әдістемелік нұсқаулар:

Дайындық мерзімі 1 апта. Минитоптар бойынша дайындық жүргізіледі. Бірнеше студенттен тұратын әрбір топ берілген бағдарламалар бойынша Синквейн дайындау керек. БҰҰ Бас хатшысы және тәуелсіз эксперттік комиссия, халықаралық экологиялық қозғалыс «Grenpeace» өкілдері және БҰҰ отырысына шақырылған ҚР өкілі тағайындалады.

Тапсырма слайд, презентация және қысқаша 2-3 бет көлеміндегі конспект түрінде орындалуы керек.
15 апта

СӨЖ, 3 сағат:

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының аймақтық проблемалары

1. Оқытушы тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының аймақтық проблемаларының біріне толық баяндама дайындау.

2. Топырақтың радиактивтік ластануының суретін салу, талдау жасау (Степановских, 10.14-сурет, 361-бет).

3. Микроемтиханға дайындық.



Әдебиеттер: Степановских, 361-бет; Радзевич, 207-115-бет; Оспанов Г.С., Бозшатаева Г.Т., 290-312;


10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі

Пән бойынша сарамандар жоспарланбаған.


11. Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары
11.1 Білімді бағалау саясаты

Білімді бағалау саясаты төмендегі принциптерге сүйенеді: объективтілік, жариялық, икемделгіштік, жоғары дифференциальдық.

Рейтингілік бақылау және емтихан нәтижелері бойынша қорытынды баға қойылады.

Рейтингілік бақылау және қорытынды баға: Оқытушы семестрдің әрбір 8-аптасында 100 баллдық шкаламен рейтингтік көрсеткіші нәтижелерін қояды, ал рейтинг көрсеткіші, өз ретінде оқытушы ұйғарымына сәйкес өткізілген ағымдағы және аралық бақылау бойынша балл қосындысы болып есептеледі.

Қорытынды баға төмендегі формула бойынша есептеледі :

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4;

мұндағы P1 – бірінші рейтинг бағасының цифрлік эквиваленті; P2 – екінші рейтинг бағасының цифрлік эквиваленті; Е – емтихан бағасының цифрлік эквиваленті.

Әріптік баға және оның балл түріндегі цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың проценттік санына сәйкес анықталады.


Семестр бойында 7(8) және 15 аптада 2 аралық бақылау өткізіледі. Студенттердің үлгерімі бақылау уақытында максимальды көрсеткіші 60%-ке тең. Семестр аяғында оқу пәні бойынша аралық аттестациялау – емтихан өтеді. Максималды көрсеткіш 40% құрайды. Екеуін қосқанда 100% құрайды.
11.2- кесте - Студенттердің білімі бағалау


Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

№№

«Қоршаған орта туралы ілім» пәні бойынша білімді бағалау кестесі

Бағалау критерийі

Бағалау түрі

Апта

Жұмысы үшін балл,%

Орындалған жұмыс саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Зертханалық жұмыс бойынша есеп және белсенділік

100

15

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

2

СОӨЖ дайындығы және сабақтағы белсенділік

100

23

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

3

СӨЖ тапсырмаларын орындауы

100

15

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

4

Бақылау жұмысы

100

2






















1



















1

5

Жеке тапсырмаларды орындауы

100

2



















1



















1




6

Дәріс сабақтарындағы белсенділігі

100

30

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

7

I аралық бақылау

100

1






















1






















8

II аралық бақылау

100

1











































1

9

Аралық аттестация Р1, Р2

100

Барлық бағаларының орташа арифметикалық қосындысы

10

Ағымдағы бақылау

(Р1+Р2)/2

30














































11

Емтиханға жіберу рейтингісі

Ағымдағы бақылау*0,6

















































12

Қорытынды бақылау (емтихан)

100*0,4

40














































13

Барлығы

Ағымдағы бақылау*0,6+ қорытынды бақылау

100















































Студенттерге қойылатын талаптар
Пән бойынша жоғары балл алу үшін үнемі жұмыстану қажет. Яғни курс бойынша баға семестр бойына жинақталады. Сондықтан сіз сабақ кезінде белсенді жұмыс жасауға ұмтылуыңыз керек. Студенттер жоспар бойынша барлық тапсырмаларды мұқият және мезгілінде орындауы тиіс. Егер қойылған сұрақтарға дұрыс, әрі нақты жауап берілсе, тапсырмалар мұқият және толық көлемде орындалса, жұмыстың барлық түріне максимальды баға қойылады. Курстастарыңыз бен оқытушыға түсінікпен қарап, сыпайы болу керектігі ескертіледі.

1. Сабаққа қатысу: Сабаққа дайындалу және қатысу міндетті болып табылады. Сабаққа дәлелді себеппен келмеген жағдайда қосымша уақытта пәннің бағдарламасында көрсетілген тапсырмалар толық көлемде орындалуы тиіс. Сабаққа дәлелсіз себептермен курстың үштен бір бөлігіне қатыспаған жағдайда студенттің оқудан шығарылатыны туралы ескертіледі. Егер студент сабаққа дәлелді себеппен (қажетті құжаты болған жағдайда) қатыспаса, тиісті тапсырмаларды оқытушы белгілеген 2 апта мерзімде орындауға тиісті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет