Биология кафедрасы



бет45/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,59 Mb.
#123539
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   137
Байланысты:
Биология кафедрасы

Көру гигиенасының талаптары:
Кітапты оқығанда, қағазды жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болуы тиіс. Ең тиімдісі 37 см Баланың жұмыс орнының жарығы дұрыс қосылуға тиіс. Ең тиімді жарық мөлшері 150-300 люкс шамасында. Жарық баланың сол жағынан немесе үстінен және алдына қарай сол жақтан орналасуы қажет. Жарық сәулелерінің әсері баланың көзіне тура түспеуі керек. Жарық кездерінің сыртында жарық сәулелерін шашатын сәуле сейілдіргіштері, айталық, плафон, абажур, пластинка болуы тиіс.
1.Үстелде, партада бала дұрыс отыруы керек.
2.Жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды.
3.Теледидар көрсетулерін қарағанда ең кеміңде 2,5-3 м қашықта отырған жөн (теледидардың экраны 62 см болу керек.
Баланың жасына лайық жазу, оқу еңбектерінің, теледидарды қарау ұзақтығын, ескерсе көзге күш түсіретін еңбектің түрлерін, олардың ұзақтығын мұқият қадағалаған жөн. Баланың жасына лайық кітап оқу ұзақтығын сақтау.
1.6-7 жаста - 10 минут,
2.7-10 жаста - 15 минут,
3.10-12 жаста -20 минут,
4.12-15 жаста - 25 минут,
5.5-18 жаста - 30 минут
Яғни осы көрсетілген уақыттан соң аз да болса, көзді демаддырып отыру қажет немесе көз талмайтын жұмыспен айналысқан жөн. Көздің тазалығын сақтау керек: көзді таза қол орамалмен сүрту, әр адамның өз бет орамалының болуы, шаң-тозаңнан сақтау көз еттерін жаттықтыру, жалпы организмді шынықтыру, жұқпалы аурулардан сақтау, оларды асқындырмай мезгілінде емдеу, дұрыс тамақтану гигиеналық талаптарды сақтау арқылы көздің өткірлігін сақтап, жұмыс қабілетін ұзартып, организмді шаршатпауға тырысу керек.
3. Дыбыс талдағышының шеткі бөлімі - ішкі құлақта орналасқан. К о р т и м ү ш е с і, өткізгіш бөліміне - д ы б ы с н е р в і, қыртыс бөліміне самай тұсында орналасқан дыбыс есту орталығы жатады. Дыбыс талдағьшыньң ең шеткі бөлімі құлақ үшке бөлінеді: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ болып.
Дыбыс нервтері сопақша мида бір-бірімен түйісіп, бағытын ауыстырады: оң жақ құлақтан келген дыбыс жүйкесі сол жақ самайға, ал сол жақ құлақтан келген нерв қозуды оң жақ самайға өткізеді. Дыбыс талдағышының қыртыс бөлімі ми қыртысының самай тұсында жатқан сенсорлық (41 аймақ) және ассоциативтік (22, 42 аймақтар) зоналардан тұрады. Сенсорлық зона бұзылғанда толық керең, ал ассоциативтік зонаның 22-аймағы бұзылғанда музыкалық керең, 42-аймақ бұзылғанда сөз кереңдігі пайда болады.
Құлақ күрделі құрылысты мүше.С ы р т қ ы қ ұ л а қ қалқаны мен сыртқы құлақ түтігінен тұрады. Құлақ қалқаны дыбыс толқындарын жинап, сыртқы дыбыс түтігі арқылы дабыл жарғағына жібереді. Дыбыс толқындары екі құлаққа әртүрлі мерзімде жетуіне байланысты құлақ қалқандары дыбыстың бағытын, шыққан орнын анықтайды.
Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады. Ол ішіне қарай ойыңқы құрылысты. Оның қалыңдығы ересек адамда 0,1 мм, кеңістікте 45 градусқа көлбеу орналасқан. Ортаңғы құлақ самай сүйегінің қуысында орналасқан дабыл қуысынан тұрады. Сол қуыста 3 дыбыс сүйектері бар: балғаша, төсше, үзеңгіше. Ортаңғы құлақтың қуысын мұрын-жұтқыншақ қуысымен байланыстыратын Эвстахи түтігі бар. Бұл түтік ауыз,мұрын қуысынан келген ауаны ортаңғы құлақ қуысына өткізіп, дабыл жарғағының екі жағындағы ауаның қысымын теңестіріп тұрады. Балғашаның сабы дабыл жарғағымен ұштасқан. Балғаша төсшемен, ол үзеңгімен буындасқан. Үзеңгішенің табаны ішкі құлақтың сопақша тесігін жауып тұрады. Сопақша тесіктің беті жұқа жарғақпен жабылған.
Дабыл жарғағының ауданы 70 мм2, ал үзеңгішенің ауданы 3,2 мм2, яғни 22 есе кем, сондықтан табиғи физикалық заң бойынша дабыл жарғағынан үзеңгішеге өткенше тербеліс амплитудасының 2,5 есе төмендеуі арқылы сопақша тесікке қысымды сонша есе күшейтеді. Осыған байланысты ортаңғы құлақтан өткенше тербеліс 50-60 есе күшейеді.
Ішкі құлақта екі талдағыштың шеткі бөлімдері орналасқан: біріншісі, вестибулярлық аппарат бір-біріне перпеңдикуляр орналасқан жартылай айналмалы 3 каналдар мен олардың табалдырығынан тұрады; екіншісі, ұлу сүйегі - есту мүшесі.



Құлақтың жалпы құрылысы.
1 - құлак қалқаны, 2,7 — самай сүйектері, 3 - балғаша, 4 - төсше, 5 - үзеңгіше, 6 - жартылай айналмалы - каналдар, 8 - дыбыс нерві, 9 - ұлу мен корти мүшесі, 10 - эвстахи түтігі, 11 - ішкі құлақ кеңістігі, 12 - дабыл жарғағы, 13 - сыртқы құлақ түтікшесі

Ұлу сүйегі тәрізді құрылым екі жарым есе айналым жасайтын спиральды сүйек түтігі. Оның ішінде екі жарғақ бар: вестибулярлық және негізгі. Бұл жарғақтар ұлу сүйегінің каналын үшке бөледі: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Жоғарғы және төменгі қуыстар перилимфа сұйықтығына толы болып, ұлу сүйегінің үстіңгі жағында кішкентай тесік арқылы бір-бірімен жалғасады. Сол тесік арқылы перилимфа араласып тұрады. Үзеңгіше сопақша тесіктің жарғағын итергенде жоғарғы қуыстағы перилимфа төменгі қуысқа құйылып, ішкі құлақтың дөңгелек тесігінің мембранасы ортаңғы құлаққа қарай ығысады.


Вестибулярлық және негізгі мембраналардың арасында ортаңғы немесе жарғақты канал болады. Оның ішкі қуысы тұйық. Іші эндолимфа сұйығына толы. Құрамы жағынан эндолимфаның перилимфадан айырмашылығы бар эндолимфадағы калий ионы перилимфадағыдан 30 есе артық, ал натрий ионы 20 есе кем.
Негізгі мембрана бір-біріне көлденең орналасқан, әлсіз байланысқан 24 мың дәнекер талшықтардан тұрады. Ұлу сүйегінің түп жағындағы талшықтар қысқа, ұзындығы 0,4 мм, ал жоғарғы жағында ұзындау - 0,5 мм болады. Негізгі мембранада корти мүшесі орналасқан. Ол - дыбыс қабылдаушы негізгі мүше.
Корти мүшесі түкті клеткалардан тұрады. Әрбір түкті клетканың жоғарғы жағыңда ұзындығы 4 микрон 60-70 түктері болады. Негізгі мембрана шайқалғанда оның түктері жабық мембранаға тиіп, тітіркенеді. Рецепторлық клеткалармен жалғасқан дыбыс нерві арқылы қозу қыртыс бөліміндегі дыбыс орталығына барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет