С витаминін (аскорбин қышқылын) антицингалық фактор деп те атайды. Бұл организмде жетіспесе, құрқұлақ (цинга) ауруы пайда болады және қан тамырларының, әсіресе капилляр тамырларының серпімділігі төмендейді. Сондықтан құрқұлақпен ауырған кісі қансырайды, алдымен қызыл иектері қанағыш болады. Мұның нәтижесінде тіс босап, түсіп қалады және терінің қан тамырларының серпімділігі бұзылып, бетінде қоңыр дақтар пайда болады. Ең қиыны сүйек ұлпасының белок коллагені бұзылып, сүйек сынғыш болады. С гиповитаминоз қыста, көктемде азық-түліктің құнарлығы азайғанда пайда болуы мүмкін, сондықтан оның алдын алу үшін жьглдың бұл мезгілінде қосымша аскорбин қышқылын ішу қажет.
Аскорбин қышқылы тирозин және фенилаланин сияқты амин қышқылдарының құрамында болып, белоктың алмасуына қатысады. Жағымсыз жағдайда ол организмнің төзімділігін арттырады, әсіресе сыртқы орта жағдайының өзгеруіне бейімделу қабілетін арттырады. С витаминінің бүл қасиеті баланың бір мектептен екінші мектепке, не сыныптан сыныпқа ауысқанда тұрақты бейімделуіне көмегі көп болады.С витамині көкөністер мен жемістерде көп болады, әсіресе капустада, картопта, пиязда, бүрышта, жеміс-жидекте жеткілікті мөлшерде болады.С витаминіне тәулік қажеттілігі 50 мг шамасында. Бұл мөлшер көктем айларында көбірек болуы тиіс.