Курстың мақсаты: Бұл типтік оқу бағдарламасы «Жас ерекшелігі физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәнінен педагогикалық бағыттағы мамандықтар үшін дайындалған. Пән болашақ мұғалімдерді дайындаудың сапасын өсіреді. Мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің әртүрлі жастағы өсу және даму заңдылықтарын, нерв жүйесінің физиологиясын, эндокриндік бездердің жас ерекшелік физиологиясын және мектеп гигиенасын, яғни мектеп үйіне, класс бөлмесіне, ауасына, жарықтығына, оқу құрал -жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптарды оқытады. Әсіресе,балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайларына ерекше көңіл бөлінеді.