В2 витамииі (рибофлавин) - сары түсті кристал зат. Суда жақсы ериді. Күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен оңай тез ыдырайды да, люмифлавин және люмихромға айналып, витаминдік қасиеттерінен айрылады.
Ас пісіргенде оның ішіндегі рибофлавин бұзылмайды.Рибофлавин авитаминозы кезінде адамның көзі ауырып катаракта, анемия, яғни қан аздылық, өкпе сырқаты және әлсіздік пайда болады.Рибофлавин жануарлар текті тамақта көп болады. Әсіресе бауыр, бүйрек, ми және бұлшық еттерде көбірек. Оның адамға қажетті тәулік мөлшері 2-3 мг.
В6(пиридоксин)витамині табиғатта пиридоксаль және пиридоксамин түрінде болады. Олар тотықтырғыш ферменттердің құрамында болады және зат алмасуына қатысады.Пиридоксин жануар текті және өсімдік текті азықтың құрамында жиі кездеседі: бауырда, бұлшық етте, балықта, бидайда, картопта, капустада, күріште, сәбізде және ашытқыда мол болады.Бұл витаминнің қажетті мөлшері тәулігіне 1,5 мг.