Биология курсының мазмұнына кіретін, тіршілік процестеріне қатысты тақырыптарды оқытуда осы процестердің өтуін бейнелейтін ани-мацияларды қолданудың маңызы
19 билет биология оқыту
Биология курсының мазмұнына кіретін, тіршілік процестеріне қатысты тақырыптарды оқытуда осы процестердің өтуін бейнелейтін ани-мацияларды қолданудың маңызы (бір-екі сыныптың сабақтары мысалында). CLIL өз мәнінде Content and Language Integrated Learning білдіреді – бұл дегеніміз шет тілдің басқа оқу пәндерімен кіріктіріліп оқытылуын көздейді.
CLIL әдісінің негізгі мақсаты – оқытушының сөйлеуін азайтып, керісінше студенттердің бір бірімен сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
CLIL негізін төрт C құрайды:
CONTENT (Мазмұн) – бұл пән саласындағы ілгері басатын білімдер, біліктер мен дағдылар;
COMMUNICATION (Қатынас) – бұл оқытуда шет тілін пайдалану біліктері;
СOGNITION (Таным) – бұл жалпы түсінікті қалыптастыратын (нақты және абстрактілі) танымдық және ойлау қабілеттерін дамыту;
CULTURE (Мәдениет) – бұл өзін мәдениеттің бір бөлігі ретінде ұғыну, сонымен қатар балама мәдениеттерді қабылдау
CLIL әдісін жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде меңгерудің негізгі құралдардың бірі ретінде қарастырылады. Мысалы, биологиялық терминдерді ағылшын тілінде меңгерту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға, қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Қазіргі кезде білім берудің жаңартылған мазмұны аясында жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде беру жолдарына көшуде [2].
Бұл әдісті пайдалану арқылы оның артықшылықтарын айқындауға мүмкіндік береді. Алдымен, оқу үрдісінде CLIL әдіснамасын іске асыруда қиындықтар тууы мүмкін, атап айтқанда, жаратылыстану пәндеріне ағылшын тілін енгізу кезінде, бірақ жылдар өте тәжірибе арқылы бұл қиындықтарды жеңуге болады. Бұл әдістің негізгі артықшылықтарының бірі биологияны ағылшын тілінде оқитын оқушылардың ынталылығын арттыру болып табылады. Түрлі тақырыптардағы жұмыс оқушылардың термин сөздерді жаттау арқылы сөздік қорын толықтыруға және алған білімдерін әрі қарай қолдануға мүмкіндік беретінін атап өту керек.
Тәжірибелік мысал ретінде, биология сабақтарында CLIL әдісін пайдаланудың келесі мысалдарын келтіре аламыз:
Activity «Grab it!». Бұл әдіс кезінде оқушыларға анықтамалар оқылады сол анықтамаларға сәйкес оқушылар суреттерді тауып, сол сөздің ағылшынша атауын айтады [5]. Мысалы:
1.Brain - латынша энцефалон деп аталады, бассүйек қуысында орналасқан.
2.Тhorax -12 арқа омыртқасы, 12 жұп қабырғалар, алдыңғы жағында жалғыз төссүйектен құралады.
3.Liver – адам ағзасының ең ірі безі немесе «химиялық зауыты».
4.Stomach - ас қорыту жүйесінің қапшық тәрізді кеңейген қуысты ағзасы.
5.Kidneys - зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше.
6.Lungs – латынша пульмонес деп аталатын тыныс алу мүшесі.
7.Heart – грекше кардиа деп аталады, ересек адамда 250-300 г болады.