VIII. Раушангүлдер тұқымдасы. Rosaceae Juss. Розоцветные. 1. Раушан – Роза – Rosadea Отаны – Европ, Азия, Жерорта теңізі, Солтүстік Америка. Сәуірдің 2 – 3-ші онкүндігінен бастап бүрі ашылады. Гүлдеуі 1 -20 маусымнан бастап, үсік жүргенге дейін жалғасады. Гүлдердің түсі әр түрлі (ақ, сары, қызғылт, қызыл), диаметрі 8 -14см, жеке және бір гүл тұғырында бірнеше гүлі бар формалары болады. Әдемі жапырақты, түптерінің биіктігі 50 -80см. Қалемшелері арқылы көбейеді. Жеке және топтастырып, ашық және жартылай көлеңкелі жерлерге отырғызылады. Қыста жабуды қажет етеді.